Қуып жетіп, өсіп даму.
Қуып жетіп өсу көбіне шала не кішірек болып туған балаларда болады. Олар жағдайы, күтімі, тамақтануы, денсаулығы жақсы болса өзінің құрдастарын салмағы бойынша 1 жаста, бойының өсуімен 2 жаста қуып жетеді.
Баланың дене құрылысының өсіп дамуына әсер ететін жағдайлар:
Тұқым қуалайтын жағдайлар, ата –анасының бойы, салмағы, денсаулығы, созылмалы аурулары, нәрестенің бойы мен салмағына әсер етеді.
Гормондар - өсу гормоны, өсу мен қалқан бездің қызыметіне байланысты, иодтың жетіспеушілігі.
Құрсақтағы жағдайлар – жүкті әйелдің денсаулығы, созылмалы аурулары, күтімі, тамақтануы баланың бойы мен салмағының деңгейіне әсер етеді.
Туғаннан кейін баланың өсуі – тамақтануына, күтіміне, денсаулығына, ата – анасының қатынасына, балаға деген көңіл – күйіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |