ЦИЛИНДРЛІ ТІСТІ РЕДУКТОРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Жалпы-типті, екі сатылы, цилиндрлі тісті редуктордың құрылымы мен танысу.
Қысқаша теориялық мәліметтер
Тісті редуктор деп, жабық корпустың ішінде жасалған, бірнеше тісті берілістерден
тұратын және қозғалыстың жылдамдығын төмендетіп бұралу моментін жоғарлататын
механизмды айтады. Іс жүзінде екі сатылы цилиндрлі редукторлар ең көп таралған (сур.
1.1).
Осы редуктордың біліктерін ұстап тұратын
тіректер ретінде домалау
мойынтіректерді (подшипниктерді) қолданады. Егер жүктеме аз, немесе орташа болса
шарлы мойынтіректерді, ал үлкен жүктемелерде роликті мойынтіректерді қолданады.
Ауыр редукторларда анда-санда бір тіректе екі мойнтірек қойылуы мүмкін.
Мойынтіректердің арасында конусты роликтары бар, радиалды-тіреуші мойынтіректер
көптеп таралған. Бұл мойнтіректер радиалды да және осьтік жүктемені қабылдай алады.
Редуктордығы берілістері минералды майлармен майланады.
Егер тісті
дөңгелектердің жылдамдығы
v =12...15 м/с дейін болса олардың тістерін майлы ваннаға
батырып майлайды. Май ваннасының көлемі: редуктор беретін
әр бір кВт қуаттқа -
0,35...0,7 л. май құйылуы керек. Егер жылдамдық жоғары болса тістер ілінісетін жерге
май арнайлы шүмек (сопло) арқылы қысыммен беріледі.
Мойынтіректер көбінесе тісті дөңгелектер жұмыс
істегенде шашыраған май
арқылы майланады. Бұл жағдайда мойынтіректер
картер жағынан ашық қалады,
сондықтан картерде жұмыс кезінде пайда болатын май тұманымен майланады. Ал
жылдамдық аз
болса v ≤ 3...4 м/с шашырау
арқылы майлаған сенімсіз,
сондықтан
мойнытіректерді бөлекше майлайды.
Редуктордың жұмыс істеуін бақылау және май құю үшін оның корпусында жеңіл
қақпақпен жабылатын тесік жасайды. Бұдан басқа май ағызатын, тығыны бар тесік және
май өлшегіш механизмдер жобалану керек.
Өнімді топтап шығарылатын
редукторлардың корпустары Сұр
Шойыннан
құйылып жасалады, олардың маркілеры СШ (СЧ,
Серый Чугун) 15-32, СШ (СЧ) 18-36.
Корпустың геометриялық параметрлерін шығатын (ең ақырын айналатын)
біліктегі пайда болатын бұралу момент (
Т
max
) анықтайды.
Редуктордың айналатын бөлшектері бір-бірін және корпустың қабырғасын тимеу
керек сондықтан олардың арасында саңылау болуы қажет.
Касымханов
С
.
Ж
.