«Исатай-Махамбет» жырының тарихи негізі


Историческая основа жыра «Исатай-Махамбет»



бет2/2
Дата15.12.2023
өлшемі58 Kb.
#138473
1   2
Историческая основа жыра «Исатай-Махамбет»
Данное историческое повествование не есть лишь только фрагмент события, взятого из подлинной жизни. А именно: выдающееся произведение Игылмана Шорекова полно богатых фактов, связанных с историческими личностями, которые участвовали в сражении на Тастюбе и Киялы, в нем описаны места тех исторических событий, вскрыты коренные причины национально-освободительного восстания под руководством Исатая Тайманова и Махамбета Утемисова. Акын с детства слушал сокровенные истории старцев и рассказы очевидцев тех пыльных боевых походов. Он хорошо знал места сражений. Отсюда понятна историческая значимость и значение всех событий в его произведении, которые он использует не нарушая их хронологического порядка. Для авторов статьи важна правда действительности, имеющая отношение к тем историческим событиям, которые изображены в произведении Игылмана. Авторы показывают, что цель акына – не столько воссоздание ярких образов батыров, не только постоянное обращение к событиям, сколько описание доблести во имя народа таких личностей, как Исатай и Махамбет, ставших образцом для следующих поколений.
Ключевые слова: историческая песнь, сюжет, правда жизни, факт, восстание, событие, дастан, схватка, произведение.
Халықтың рухани мұрасы саналған тарихи-фольклорлық үлгілер дүбірлі замандардың сыр-сипаты мен жаңғырығындай. Одан ұлтымыздың ерлік-елдік бітімі танылады, аңсар арманы көрінеді. Сондықтан эпикалық жәдігерлеріміздің қай-қайсысында да тарихи шындықтың елесі бар. Алайда тарихилық әдебиет әлемінде әртүрлі деңгейде байқалады.
«Тарих пен әдебиет-егіз. Олар бірін-бірі толықтырып, тарих сабағын кейінгі ұрпаққа қатар жеткізіп отырады. Тарих деректерге сүйенсе, әдебиет сол тарихи оқиғаларды суреттеп, бейнелеп жеткізеді». [1,107 ] Сондықтан ел басынан өткен түрлі тарихи жағдайлар халық әдебиетінің жанрлық үлгілерінде молынан сақталған. Батырлары мен ақындарын қадір тұтқан аталарымыз, әсіресе, тарихи жырларға ерекше мән берген. М. Әуезов «Исатай- Махамбет» жырының мәнісі туралы «Әдебиеті тарихы» еңбегінде былай деп жазады: « Исатай өз заманында зор іс істеп өтті. Ол құр сөз сөйлеуді қанағат қылған жоқ.Барлық ақыл мен қайратты іске жұмсады. Сол іс пен мақсаттың жолына басын бағалап, оның қадірін ұққан болса, ел алдымен сол жақсысын ұмытпауы керек. Соның аруағы қалың елдің аузында үнемі аталып, үнемі еске алынып жүруі керек. Олай болса, Исатайдан соңғы бір алуан жақсының міндеті сол батырдың аруағын тірілту.
Бұл міндетті атқаратын кім? Немен тірілтеді? Атқаратын сол тарихи дәстүр тұрғызған екі алуан жақсының бірі деп саналған кемеңгер қария мен ойшыл жырау. Исатайлар қол қызметін атқарып өткенде, бұл сол оқиғалардың бетіне қарай ел ойы мен ел сезімін тәрбиелеуге міндетті».[2,167] Қазақ халқының тәуелсіздігі жолында өлшеусіз еңбек еткен тарихи тұлғалар жайындағы жырлар мен аңыз-әңгімелердің атқаратын танымдық- тәрбиелік қызметі бұған нақты дәлел.
Исатай- Махамбеттің ерлік істерін сипаттауға арналған ауқымды шығарманың уақыт тезіне шыдам беріп, бүгінгі күнге толық күйінде жеткеніне шүкіршілік етеміз. ХIX ғасырдағы тарихи жырлардың өзара айырмашылықтары бар. Кей шығармалар бас кейіпкердің ғұмырбаянын толығырақ қамтып, тарихи оқиғалардың хронологиялық ретін сақтауға күш салса, енді бір жырлар кейіпкер қатысқан негізгі оқиғаларды ғана өзек етеді, сонымен бірге олардың қатарында аңыздық мотивтерден тұратын романтикалық сарындағы туындылар да кездеседі. Жанрдың көркемдік кестесіне, ақын-жыраулардың көтеретін мәселелеріне орай нақты өмір шындығына қатысы да әрқалай көрінеді. Осы жерде атап өтуге тұрарлық тағы бір жайт- тарихи жырлардың көпшілігінің авторы белгілі болып келетіндігі.
Ығылман Шөреков дастанында Исатай Тайманұлының әулеттік шежіресінен бастап, батыр өмірінің көтеріліске қатысты тұстары неғұрлым толық баяндалған. Кейбір жерлері, мәселен, Шекті Көтібар батырмен жолығатын кезі болмаса, бұл шығарма көпшілікке мәлім жайттардан алшақ кетпейді. Сондықтан Ығылман туындысының тарихилық сипаты басым деп есептейміз. Исатайдың ұранға шыққан Ағатайдың ұрпағы екені, жеке басының қасиеттері, Жәңгір ханның Исатайды ата-бабама тіл тигіздің деп үш күн қамап, алпыс атан айып тартқызатыны, Исатай қолының Қиялы деген моланың түбінде Қарауылқожа бастаған хан қолымен бетпе-бет келуі, көтерілісшілердің Жәңгір ханның Жасқұстағы ордасын қамауы, Исатай жасағының Тастөбе деген жерде патшаның самсаған қолынан қырғын табуы, Истай мен Махамбеттің Жайықтың арғы бетіне өтуі, батырдың Құдайберген досымен бірге Әлім мен Адай руларын татуластырмақ болып, Сағыз бен Жемнен өтуі, Шекті Көтібар, Арыстандармен жолығуы, Хиуа ханы Ардағұлдан арнайы хат алып келген Қайбалдымен кездесуі, Исатайдың Хиуаны қыстауы, Андағұлдың отыз мың әскер беруге уәде етуі, Исатайдың Андағұл көмегін күтпей соғысуға бел байлауы, қаптаған қолға кез болған батырдың жаяулап көппен жалғыз алысуы, т.б. оқиғалар шығарманың екі бөліміне топтастырылған. Ақын әйгілі туындысын халықтың жадында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан ауызша әңгімелерге сүйеніп жазғанымен, онда шектен шыққан қиял қоспасы, адам нанғысыз әсірелеулер кездеспейді.
Ығылман Шөрековтің жәдидше сауаты болған. Оның осы тақырыпқа ден қойып, эпик ақын ретінде қалыптасуына ықпал еткен Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз, Төлеген ақындар өмір сүрген орта. Жырдың екі бөлімінде де Исатайдың кіршіксіз адалдығы, халыққа қамқор, әділ батыр екендігі ақындық шарықтау, әсірелеу амалдарымен шыншыл әңгімеленеді.
Исатай батыр ел- жұртқа тізесі батқан Жәңгір ханмен жауығып неше рет абақтыда болды, Қарауылқожа әскерін соғыста қашырды десек те, қалың қолмен орданы қамап тұрған Исатай хан елшілерін қабылдап, бар мәселені ынтымақ жолымен шешуге ұмтылады. Бұл батырдың солқылдақтық жасауы емес, халықты қырғынға ұшыратпаудың амалын іздеп шарқ ұрған сәті болатын. Алайда патша әскерін алдырған Жәңгір қарусыз қолды жайратып салады. Ығылман жырында дәп осы жағдай барынша дәлелді көркем көрініс береді.
Исатай батырдың Тастөбедегі шайқастан кейінгі тағдыры түрлі деректерде әрқилы баяндалады. Ығылман ақын туындысының дәл осы мәселені анықтауда өзіндік қосарлығы бар екенін көреміз. Өйткені, көтерілістің екінші кезеңі Тайсойған, Бүйрек құмдарында, Ығылман ақынның өз елінде өткен, сондықтан деректер толық күйінде сақталып жетуі мүмкін. Мұнда Исатайдың алты ата Әлім ішіне барып Көтібар мен Арыстан батырларға жолығуы, сонда Адайлардың ауыр халін сипаттай келіп, оларға көмек көрсетуге шақырғаны айтылады. Ол келісімнің мәнісі: Адай мен Әлім батырлары бірін-бірі шаппасын, құтсыз қонысқа таласып, бұзықтыққа жол ашпасын, босқа қырғын таппасын дегенге саяды. Исатайдың жүйелі сөзі, орнықты билігі көп адамға ой салады...
Бұдан ел қамын жеген батырдың шиеленіскен істің үнемі көрмеуін табуға күш салғаны, қандай жағдайда да бітімге келу жолдарын ұдайы ойлап отырғаны байқалады.
Исатай мен Махамбет заманында қазақ халқының патшалық отарлаушыларға қарсы бас құрап, қарсылық көрсете білгені, тәуелсіздік кілті ел бірлігіне байланысты екені Ығылман шығармасында анық көрініс тапқан. Исатай Тайманұлының:
Тәңірі алдында хақ болып,
Қалмаңыз үлкен борышқа.
Қыран құстың баласы
Қырымға салып көздерін,
Бірлік тауып өздерің,
Қайратың болса қылсайшы.
Ел үшін шауып намысқа ,[3,29]-деуі халықтың қандай үлкен іске де қолдау көрсететініне зор сенімнің белгісіндей. Әсіресе халықтың шексіз сүйіспеншілігіне бөленген ол қазақ жұрты өзінің азат қалпын сақтап тұру үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруы керектігін өсиет етіп қалдырады.
Исатайдың үзеңгілес серіктерінен айырылып, жан-жақтан құралған тұзақтан аман өтіп, Сағыз өзенінің тұсына келіп, алты күн бөгелгендегі көңіл күйі оның:
Басшылық етіп халқыма,
Жетім мен жесір, мүгедек,
Жалғыз бенен жартыға
Тарылғанда дем бердім.
Күні бір бүгін болғанда
Қу моланы үй қылып,
Мұны да кеңдік күй біліп,
Ұйықтаса түске кірмеген
Көрмеген затты мен көрдім,[3,30] - деген сөздерінен анық анғарылады.
Ығылман туындысы «Исатай-Махамбет» аталғанымен жыр желісінде Махамбеттің тарихи тұлғасын суреттеуге аз орын берілген. Бар болғаны екі-үш жерде ғана кездеседі. Соның өзінде Махамбеттің бейнесі басқа батырлардан ерекше. Махамбет қызу қанды, өрт мінезді, жауына мейірімсіз, соғыста, қанды қырғын ішінде ұрыс салған сайын қайраты тасып отыратын қайтпас батыр, халық мұңын жырлайтын ақын ретінде бейнеленеді. Мәселен, Исатай қолы Қиялы деген моланың түбінде Қарауылқожа бастаған хан әскеріне бетпе-бет келіп, майдан ашатын тұста ерекше қайрат көрсететін осы Махамбет:
Бүгінге дейін тұрдырып,
Осынша қолды қырдырып,
Тұрғаның ерлер қалай деп
Келе батыр зарланды...
Тұра алмады дәт тұтып,
Кездескен соң өшімен.
«Ағатайлап» ат қойды,
Айбынсын енді несінен?! – дейді ақын. [3,34]
Көтеріліске саналы түрде жан-тәнімен беріліп қызмет еткен, азаттық идеясымен жалындаған дауылпаз ақынның нұрлы тұлғасы мынандай суреттерден де байқалып қалады:
Сөз мереке жасатып,
Көңілдің дертін босатып,
Бір екі сағат айналды.
Махамбет сынды батырдың
Қайрап айтқан сөзінен
Жабыққан ерлер пайда алды. [3,32]
«Исатай-Махамбет» туындысы композициялық құрылымы, тарихи деректер мен құнды мәліметтерді игеруі, Исатай бейнесін халық ұғымына сай асқақтата көрсете алғандығы жағынан әдебиетіміздегі үздік шығармалар қатарынан саналуға әбден лайық. Жас ұрпақты туған елін, халқын сүюге баулитын, адалдыққа, әділдік пен ерлікке үйрететін бұл шығарма ұлтымыздың қастерлі дүниесі болып қала бермек. Махамбет мұрасын жинаушы, бұрынғының батырлары мен ақындары туралы толғаулар жазған Ығылман ақынның нақыл, терме түріндегі шумақтары дастанды ажарландыра түскен.
Әдебиеттер

  1. Қирабаев С. Ақжолтай Ағыбай батыр- ұлт-азаттық қозғалысының қаһарманы // Көп томдық шығармалар жинағы. 5-том.- Алматы,2007.

  2. Әуезов М. Әдебиет тарихы.-Алматы, 1991.

  3. Шөреков Ы. Исатай-Махамбет.-Алматы, 1976.



References

  1. Kirabaev S. Akjoltay Agybay batyr – ult-azattyk kozgalysinin kaharmany// Kop tomdyk shygarmalar jinagy. 5-tom.-Almaty,2007.

  2. Auezov M. Adebiet tarihy.-Almaty,1991

  3. Shorekov I. Isatai-Mahambet.-Almaty, 1976


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет