АПЖ сұйықтықты толтыру айқын массивті жоғалту болса 4 – 8 сағат сайын , аздаған жоғалту болса – 12 сағат сайын жүргізіледі.
Гипертермия 37°С бастап әрбір 1°С-қа – 10 мл/кг/тәулігіне;
Ентігу қалыптыдан әрбір 10 тыныс алуға көп болса – 10 мл/кг/тәулігіне;
Құсу – 20 мл/кг/тәулігіне;
Диарея:
- жеңіл – 20 мл/кг/тәулігіне;
- орташа – 30 мл/кг/тәулігіне;
- айқын – 40-50 мл/кг/тәулігіне;
Дефицитті есептеу
Дефицитті есептеу
Эксикоз 1 дәрежесі – 30 – 50 мл/кг/тәулікке
Эксикоз 2 дәрежесі – 60 – 90 мл/кг/тәулікте
Эксикоз 3 дәрежесі – 100 – 150 мл/кг/тәулікте
Мысал
Бала 1 жаста , салмағы – 10 кг , т – 39,0 С , құсу 4 рет , сұйық нәжіс – 10 рет. Эксикоз 1 дәрежесі.
1 вариант - Оральды регидратация V= 75 х 10= 750 мл/4сағатта бөлшектеп беру
2 – вариант: V = физ. қажеттілігі - 110 мл х 10 кг + АПЖ құсу 20 мл х10 кг + сұйық нәжіс 30 мл х 10 кг + қызба 20мл х 10 кг + Д 40мл х 10 кг = 1100 + 700 + 400 = 2200 мл
Егер дәл осы балада құсу 10 рет, нәжісі 10 – 15 рет – Эксикоз 2 дәрежесі болса
V = физ. қажеттілігі - 110 мл х 10 кг + АПЖ құсу 20 мл х10 кг + сұйық нәжіс 40 мл х 10 кг + қызба 20мл х 10 кг + Д 60мл х 10 кг = 1100 + 700 + 400 = 2500 мл (бастапқы 2 күн, 3күннен Д есептелмейді)