Қышқылмен уланған жағдайда: 4-5 стакан жылы су ішіп, құсу қажет, содан кейін сондай мөлшердегі магний оксидінің судағы суспензиясын ішіп, тағы да құсу керек. Осыдан кейін екі рет жылы сумен асқазанды жуып, дәрігер шақырту керек



бет3/3
Дата07.01.2022
өлшемі3,23 Mb.
#20611
1   2   3
Байланысты:
аналитикалық химия лаб 1

Жалпы қолданылатын ыдыстар тобына зертханада үнемі болатын, онсыз көптеген жұмыстар орындалмайтын ыдыстар жатады. Олар: пробиркалар, қарапайым және бөлгіш воронкалар, стакандар, түбі тегіс колбалар, кристаллизатор, суытқыштар, реторталар, крандар т.б.

Арнайы қолданылатын ыдыстарға қандай да бір мақсатты орындауда қолданылатын ыдыстар жатады, мысалы: Кипп аппараты, Сокслет қондырғысы, Кьельдаль приборы, дефлегматорлар, Вульф, Тищенко шөлмектері, ареометрлер т.б.

Өлшеуіш ыдыстарға: өлшеуіш цилиндрлер, мензуркалар, пипеткалар, бюреткалар және өлшеуіш колбалар жатады.

Жұмыс кезінде ыдыстарды бекіту үшін сақиналары және ұстатқышы бар штативтер қолданылады. Шыны ыдыстарды қыздырғанда, оларды асбест жабылған металл торларға қояды. Шыны ыдыстардың алдымен бойын қыздырып алу керек, пробирканың қыздыруы ұзаққа созылмаса, ұстатқышты қолданады. Фарфор тигельде затты күшті қыздыру үшін сымнан жасалған фарфор түтікшелері бар үшбұрыш қолданылады. Қатты заттарды ұсату үшін қалың қабырғалы фарфор ыдыс, келі қолданылады. Сұйықтық көлемін өлшеу үшін өлшеуіш ыдыстар: колба, цилиндр және мензуркалар пайдаланылады. Өлшеуіш колбалардың мойнында белгісі бар, олардың көлемі әр түрлі 2 л, 1 л, 500 мл, 250 мл, 200 мл, 100 мл, 50 мл, 25 мл болуы мүмкін. Сұйықтықтың белгілі көлемін өлшеп алу үшін пипеткалар қолданылады.



Пробиркалар (сынауықтар) деп ыдыстың ішіндегі ең көбірек қолданылатын ұзынша пішінді, әртүрлі материалдан дайындалған ыдысты айтады. Олар цилиндр тәрізді, түбі доғалданған, әртүрлі көлемді, шынылардан дайындалған түтіктер. Зертханалық пробиркаларды жеңіл балқитын шынылардан дайындайды. Жоғары температурада қолданылатын пробиркаларды қиын балқитын шыныдан немесе кварцтан дайындайды.

пробиркалар

- штативтер

Воронкалар (құйғы)

Бөлгіш воронкалар

Химиялық стакандар

- Колбалар Кристаллизатор

Петри табақшасы

Суытқыштар

Тамшылатқыш

Өлшеуіш колба

Келі және түйгіш



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет