Қышқылмен уланған жағдайда: 4-5 стакан жылы су ішіп, құсу қажет, содан кейін сондай мөлшердегі магний оксидінің судағы суспензиясын ішіп, тағы да құсу керек. Осыдан кейін екі рет жылы сумен асқазанды жуып, дәрігер шақырту керек



бет2/3
Дата07.01.2022
өлшемі3,23 Mb.
#20611
1   2   3
Қышқылмен уланған жағдайда: 4-5 стакан жылы су ішіп, құсу қажет, содан кейін сондай мөлшердегі магний оксидінің судағы суспензиясын ішіп, тағы да құсу керек. Осыдан кейін екі рет жылы сумен асқазанды жуып, дәрігер шақырту керек.

Сілтімен уланған жағдайда: 4-5 стакан жылы су ішіп, құсу қажет, содан кейін сондай мөлшердегі 2 %дық сірке қышқылы ерітіндісін ішіп, екі рет жылы сумен асқазанды жуу қажет.

Фенолмен уланған кезде: 4-5 стакан жылы су ішіп, құсу тиіс, сондай мөлшердегі калий перманганатының ашық күлгін ерітіндісін ішіп, тағы да құсу қажет. Үшінші рет асқазанды 5 % -дық этанол ерітіндісімен (көлемі 1 л) жуады.

3. Сәтсіз жағдайлардағы ережелер

1.Концентрленген қышқылдармен күйгенде сол жерді су ағынымен, сонан соң 2-3%-ды сода ерітіндісімен жуу қажет.

2. Күйдіргіш сілтілермен күйгенде сол жерді сілті толық кеткенше сумен, сонан соң 2-3%-ды бор немесе сірке қышқылымен жуу қажет. Көздің химиялық күюі кезінде сумен ақырын жуу қажет және алғашқы көмек көрсету қажет.

3. Термиялық күю кезінде күйген жерге мазь қоладанумен немесе 7%- ды калий перманганаты ерітіндісімен өңдеу қажет

4. Шынымен кесіп алғанда, кескен жерді иодпен сүрту қажет, сонан соң кесіп алған жерге мақта салып, байлап тастау қажет.

5. Адамның үстіндегі киімі тұтанғанда, отты сөндіріп, үстіне халат немесе көрпе жабу қажет.

6. Зертханада өрт пайда болғанда бірден желдеткіш пен электр энергиясын өшіру қажет. Жанған жерді сөндіру шараларын қолдану қажет. Қажет болғанда өрт сөндіргішті қолдану және өрт сөндірушілерді шақырту қажет.

4. Қобдишада болуға тиісті реактивтер мен алғашқы көмек көрсету заттары:


  1. Стерильді бинт, 1 орам.

  2. Стерильді емес бинт, 1 орам.

  3. Стерильді мақта , 50г.

  4. Пинцет

  5. Иод ерітіндісі (жараға жағу үшін), 25-50 мл.

  6. 3 %-дық сутегі пероксиді ерітіндісі (қан тоқтатқыш ретінде), 50 мл.

  7. Активтелген көмір таблеткалары (уланған жағдайда 4-6 таблетка ішу қажет).

  8. 10 %-дық аммиак ерітіндісі (естен танып құлаған кезде және бром буымен уланған жағдайда иіскетеді).

  9. Альбуцид 30 %-дық (көзге реактив тиіп кеткен жағдайда сумен жуған соң 2-3 тамшы тамызады), 10-20 мл.

10. Этил спирті (күйікті сүрту және бром тамшыларын денеден алу үшін қолданады), 30-50 мл.

11.Глицерин, 20-30 мл.

12.Натрий гидрокарбонаты ерітіндісі (қышқыл тамған теріні залалсыздандыруға қолданады),

2 %-дық, 200-250 мл.

13.Бор қышқылы ерітіндісі (сілті тамған теріні залалсыздандыруға пайдаланады), 2 %-дық,

200-250 мл.

14.Пипетки (3 дана), көзге альбуцид тамызу үшін қолданылады.

5. Зертханада қолданылатын химиялық ыдыстар бірнеше топтарға бөлінеді. Пайдаланылуына байланысты химиялық ыдыстар жалпылай қолданылатын, арнайы қолданылатын және өлшеуіш ыдыстар болып бөлінеді. Дайындалған материалына байланысты: жай шыныдан, арнайы шыныдан және кварцтан, фарфордан жасалған деп бөлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет