Әр факультеттегі студенттердің үлесі, % есебімен Ni
Ішінара бақылауға іріктеліп алынғандары ni
I
3000
30
1500*30/100=450
II
2600
26
1500*26/100=390
III
2500
25
1500*25/100=375
IV
1900
19
1500*19/100=285
Барлығы
10000
100
1500
с= 1500 n= 100
с= 1500 n= 100
Көбіне бұл іріктеуде пропорциялық іріктеу деп аталады. Типтік тәсіл қайта әдіс немесе қайталанбайтын арқылы іріктеліп алынады.
Сериялық іріктеу. Мұнда жалпы жиынтық бірліктерінен іріктеп алу кездейсоқ жеке дара жүргізімей, сериялармен топтармен алынып, әр серия, топ бірліктері жаппай бақылауға толығымен алынады. Ал одан шыққан қорытынды көрсеткіштер жалпы жиынтыққа таратылады. Мұнда қайта нмесе қайталанбайтын іріктеу тәсілі қолданылады. Мысалы, 2 кесте бойынша әр топта 25 студ бар деп, 10000 студентті 25-ке бөліп, 400 топты аламыз, Енді осы топтардың 10% зерттеу керек болса, онда кездейсоқ 40 топты (400*10/100) аламыз. Содан соң олардың барлығына бақылау жасаймыз.
Құрама іріктеу. Мұнда жоғарыда көрсетілген іріктеу тәсілдерінің бірнеш түрі қатар қолданылады. Құрама іріктеудің көрсеткіштерін есептеу әр түрлі тәсілмен есептеледі. Осыға орай оның өзі бір сатылы және көп сатылы екіге бөлінеді.
Бір сатылы іріктеуде іріктеліп алынған бірліктер сол мезетте зерттеліп, тез қорытынды жасалады. Мысалы, спортлото ойындары жай кездейсоқ тәсілмен бір рет ойналады.
Көп сатылы іріктеуде жалпы жиынтықтың алдымен ірі топтарға, содан соң көлемі, мөлшері бойынша кіші және одан да кіші топтарға бөлу арқылы бақылауға алынатын топты немесе жеке бірлікті іріктеп алғанша ақырына дейін бірнеше сатыда жүргізіледі. Мысалы, республика бойынша зерттеу жүргізетін болсақ, онда алдымен облысты, содан кейін оның ішінен ауданды, одан кеңшар мен ұжымшарды іріктеп аламыз