Тақырыбы: Жүйелік васкулиттер, Такаясу ауруы, Вегенер ауруы
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университеті Шымкент кампусы Жоғарғы медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті “Ішкі аурулар” кафедрасы “Ішкі аурулар” пәні иөж
Орындаған:Кеңесбек А.Ү.
Топ:29-23
Тексерген: Қауымдастырылған професор, PhD Булешова А.М.
Жүйелі васкулиттер терапиясының жалпы принциптері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жүйелік васкулиттер
Жүйелік васкулиттер —тамырлардың жалпылама қабынуы мен некроздалуға және сол себептен түрлі ағзаларда ишемиялық бұзылыстарға алып келетін аурулар тобы. Ол калибрі әртүрлі веналар мен артерияларды зақымдайды.
Васкулиттердің клиникалық көріністері зақымданған тамырлардың типтеріне, мөлшеріне және оқшаулануына, сондай-ақ жүйелі қабыну белсенділігіне байланысты.
Жүйелік васкулит жіктелуі:
Васкулиттердің клиникасы әртүрлі болғанымен, олардың барлығына келесі сипаттамалар ортақ:
Этиологиясының белгісіздігі
Патогенезінің ұқсастығы
Тамырлар қабырғасындағы қабыну процестері фибриноидтық некроз және плазмалық,лимфоидтық немесе алып жасушалық инфильтрация түрінде дамуы
Иммундысупрессиялық дәрмектердің айқын емдік әсер етуі
Аурудың өршуі мен ремиссиялары кезектесетін созылмалы барысы
Біріншілік васкулит:
А) Ірі тамырларды зақымдайтын:
Алып жасушалық артерит (Хортон ауруы мен ревматиздік полимегалия)