“Ішкі аурулар” кафедрасы “Ішкі аурулар” пәні


Бейспецификалық аортоартерит (Такаясу ауруы)



бет8/11
Дата16.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#140191
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Аружан Васкулит

Бейспецификалық аортоартерит (Такаясу ауруы):

  •  Аортаның және оның негізгі тармақтарының гранулемалық қабынуы. Өте сирек кездесетін ауру. Көбінесе 40-50 жетпеген жас және орта жастағы әйелдер шалдығады. Жапон офтальмологы Микито Такаясу 1908 жылы жас әйелдің көз түбі тамырларының ерекше өзгерістеріне назар аударған .

Бейспецификалық аортоартериттің диагностикалық критерилері:

  • Аурудың басталатын жасы <40: Аурудың алғашқы белгілерінің <40 жастан басталуы;
  • Артериялық гипертензия және АҚ ассиметриялығы: Қолдағы систолалық қысымның >10 мм. сын.бағ. айырмашылығы;
  • Иық артериясында пульсацияның төмендеуі және тамыр шуының естілуі: Иық артериясының біреуінде немесе екеуінде пульсацияның төмендеуі немесе иық, ұйқы. Бұғанаасты артериясының немесе құрсақтық аортаның проекциясынан тамыр шуының естілуі. 
  • Абдоминальдық ишемия синдромы: Іштің тамақ ішкенен кейін жайылма ауруы некмесе өтуі;
  • Қолдардың ұстамалы ақсақтығы: Бір немесе екі қолдың ауырсынуы, бұлшықеттің әлсіздігі, дискомфорт сезіну;
  • Тамырлардың артериографиялық немесе доплерографиялық өзгерістері: Аортаның, магистральдік тамырлардың барлық бойының стенозы немесе окклюзиясы;
  • Ишемиялық энцефалопатия: Атеросклерозға немесе эссенциялық гипертензияға байланысы жоқ, тамырдың созылмалы шамасыздығынан ми тінінің органикалық бұзылысының біртіндеп меңдеуі;
  • Бейспецификалық аортоартериттің емнің негізгі мақсаттары тамыр қабырғасындағы жедел қабынуы басу, болуы мүмкін асқынуларды алдын алу және тамыр жетіспеушілігін компенсациялау.
  • Сырқаттың емінде қолданылатын дәрі дәрмектер: преднизалон (1мг/кг/тәул есебімен 1ай), цитостатиктер (циклофосан, азатиоприн, метатрексат), стероидты емес қабынуға қарсы заттар, антиагреганттар және тамыр кеңітетін дәрмектер. Пульстерапия.

Вегенер ауруы

  • Вегенер ауруы(Вегенер гранулематозы) – жоғары тыныс жолдарында ойық-некротикалық өзгерістердің дамуымен бірге ұсақ және орташа қантамырларды (капиллярлар, венулалар, артериолалар, артериялар) зақымдаумен жүретін жүйелі гранулематозды – некроздаушы васкулит.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет