Бүйрек пен зәр шығару жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Лабораториялық зерттеу әдістері.
Бүйрек ауруымен ауыратын адамдарды тексергенде қолданылатын қосымша тәсілдерді үш топқа бөлуге болады.
1. Несепті лабораториялық жолмен тексеру
2. Функционалық әдістер
3. Инструменттік әдістер.
Несепті лабораториялық жолмен тексеру
Несепті лабораториялық тексеру түрлеріне:
• Несептің физикалық қасиеттерін анықтау;
• Несепті химиялық жолмен тексеру ;
• Несепті микроскопиялық тексеру ;
• Несепті бактериоскопиялық және бактериологиялық тексеру жатады.
Несептің физикалық қасиеттеріне тәуліктік диурез және оның компоненттері, несептің түсі, несептің иісі және оның салыстырмалы тығыздығы жатады. Тәуліктік диурез және оның компоненттерінің өзгерістері туралы, несептің түсінің өзгерістері туралы жоғарыда айттық.
Несептің өзіне тән онша өткір емес иісі болады. Несептің қуықта, не басқа жерде бактериялар әсерінен бұзылғанында аммиак иісі пайда болады. Несепті кетон денелері (қант диабетінің ауыр түрі) болса, оның иісі шіріген алма иісін еске түсіреді (жемісі иісі).
Несепті химиялық тексеруге несептің реакциясын анықтауда, онда белок, глюкоза, кетон денелері, билирубин және уробилиноидтер бәрін анықтау жатады.
Несепті микроскопиялық тексергенде оның ішінде қан түйіршіктерін, циллиндрлерді, эпителий клеткалардың және тұз кристалдың зерттейді.
Несепті бактериоскопиялық және бактериологиялық тексеру
Несеп жүйесінің жұқпалы ауруларының себебін табу үшін стерильді ыдысқа Несептен себінді жасайды. Туберкулез миобактериясын табу үшін несеп тұнбасын Циль-Нильсен тәсілімен бояйды.
Несептің микрофлорасының сан және сапа жағынан анықтау үшін бактериологиялық тексеру жүргізеді. Бактериурия болған жағдайда оның дәрежесін және микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығын анықтау қажет.
Функционалық әдістер
Бүйректің функционалық күйі деп бүйрек қызметінің нәтижесінде қанның әр түрлі шлактан тазару дәрежесін айтады. Оны анықтаудың тура және жанама әдістері бар.
Бүйректің функциялық күйін тексеретін жанама әдістерге Зимницкийдің сынама әдісі, қанда қалдық азотты анықтау жатады.
Қалдық азот және оның құрамы. Қалдық азот деп қандағы белок емес қосындылар дың азоттың айтады. Қалыпты жағдайдағы қалдық азоттың мөлшері 14,28-28,56 ммоль/л тең. Қалдық азоттың қанда көбеюі – азотемия деп аталады, ол бүйрек жетіспеушілігінің белгісі.
Достарыңызбен бөлісу: |