Қан түзу жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Жалпы қарау, диагностикалық маңызы.
Науқасты жалпы қарап тексеруді: науқастың жалпы хәлі (қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр, өте ауыр, өлім хәлінде); есі (сақталған, өзгерген); төсектегі кейпі (белсенді, сұлық түсіп жату, мәжбүрлі).
Терісі мен оның қосалқылары, кілегей қабаттары (түсі, құрғақтығы, түлеуі; тері астына қан құйылулар – көгерулер, қасыну іздері, тырнақ және шаш өзгерістері – үйлесімінің бұзылысы, түсуі, жұқалануы).
Лимфа түйіндері орналасу аймақтарын қарау – ұлғаюы, ұлғаю түрлері – бір-бірлеп, көптеп–жүйелі; түсі; сипап тексеру – көлемі, тығыздығы, қозғалғыштығы, ауырсынуын.
Ауыз қуысын қарау – тіл сипаты, тістері, бадамшалар өзгерісі
Құрсақты қарау – көлемі; бір бөлігінің томпаюы, пальпациясы.
Бауыр мен көкбауыр перкуссиясы мен пальпациясы – көлемі, тығыздығы.
Қан түзу жүйесі ауруларын қарап тексерудегі іс-әрекеттерінің реттілігі
1.Науқасты жалпы қарау. Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу.
2.Науқастың хәлін, есін, төсектегі қалпын анықтау.
3.Дене бітімін, тері асты шел майының дамуын анықтау.
Науқастың жағдайына байланысты – тік тұрғызып немесе отырғызып қарау;
Тері асты шел майының дамуын бағалау – жауырын асты теріні бас бармақ пен сұқ саусақ арасына қысып тексеру – 2см аспау қажет;
Тері, оның қосалқылары мен кілегей қабаттарды қарау:
Терісінің түсі – көзге көрінетін аймақтардағы – беті, қол ұштары, мойын аймағы – әр түрлі реңді бозғылттық – айқын боз, жасыл реңді; сарғыш реңді; айқын сарғыш реңді; балауыз тәріздес; жер түстес, шие тәріздес қызыл түс; – серпінділігі, құрғақтығы -түлеген, құрғақ; ылғалдығы; тері бетіндегі өзгерістер сипатталады – қан кету ошақтары –әр түрлі деңгейде және көлемде – майда бөртпелерден үлкен аймақты дақтар;
Кілегей қабаттары – көздің ақ қабығы, алақан, еріндері кілегей қабаттарының түсі –боз – сипатталады;
Шашы – жұқарған, сыңғыш;
Тырнақтарын сипаттау – жұқа, сыңғыш, жолақтанған, қатпарланған, үңгірленген;
Мойын, бұғана үсті шұңқырында, қолтықта, шап аймағында лимфа түйіндерінің көзге көрініп әр түрлі деңгейде үлкеюін сипаттау;
Жергілікті қарау
Ауыз қуысын қарау
Ауыз ашуын өтіну
Тілді қарау – түгі, сипаты (тегістелген, жылтырақ);
Тістері –айқын тіс жегі, қызыл иек қабынуы;
Бадамшалар жағдайы –өлі еттенген қабынуы;
Кілегей қабаты – қабынуы (ақ таңдақтар –стоматит).