28. Өкпеге салыстырмалы перкуссия жүргізу техникасы, диагностикалық маңызы. «Өкпенің салыстырмалы перкуссия жасау техникасы»
Салыстырмалы перкуссия өкпедегі патологиялық өзгерістерді және плевральді аймақты және бронхылық-өкпелік синдромдардарды анықтауда қолданылады.
1.Өкпенің салыстырмалы перкуссиясы :оң және сол кеуде қуысының алдынан, артынан,шетінен және симметриялы аймақтарда жүргізіледі.
2.Орташа перкуторлы қаққылайды немесе қатты перкуссияны қолданады.
3.Перкуссия қабырға аралыктарында жүргізіледі.
4.Кеуде қуысының симметриялы аймақтарында перкуторлы дыбыстарды салыстырмалы жүргізіледі.
І. Алдынан:
1.Науқасты беліне дейін шешінуді өтінеміз
2.Плессиметр саусағын кезекпен кеуде қуысының оң және сол бөлігіне бұғанаға параллель өкпенің жоғарғы жағына қойып бір қалыпты 2-3 рет қаққылаймыз. Перкуторлы дыбысты салыстырамыз.
3.Оң қолдың екінші саусағымен бұғананы қаққылаймыз.
4.Плессиметр саусағын бұғананың астына, қабырға аралықтарына, қабырғаға параллель, бұғана сызығының ортасына орналастырамыз. Сол жақ төртінші қабырғаға дейін қаққылаймыз, ал оң жақты тұйық дыбыс шыққанша соққылаймыз.
ІІ. Бір қырынан
1.Плессиметр саусағын қабырғаға параллель орналастырамыз
2.Науқастың қолын жоғары көтеріп шынтақты иық тұсына, қолды желкеге орналастырамыз.
3.Қолтық асты сызықтар бойымен салыстырмалы перкуссия жүргіземіз.
ІІІ.Артынан
1.Бастапқы кезде жауырын үсті аймағынан қаққыланады,плессиметр саусағы жауырын бағытынан шамалы жоғары және соған параллель орналастырады .Перкуторлы қаққылау оң және сол жағынан кезек жүргізіледі.
2.Бұл кезде науқас қолын дене бойымен түсіріп,бұлшық етін босаңсытып тұрып тұрады.
3.Содан кейін перкуссия жауырын ортасы аймағында жүргізіледі.Плессиметр саусағын омыртқаға параллель, жауырынның шетіне орналастырылады.Қаққылау оң және сол жағынан кезек жүргізіледі.Науқастың қолын кеудесіне айқастырып,орналастырады, алақанын иыққа қояды,жауырындары ашылып,жауырын аймағы кеңейеді.
4.Перкуссия ары қарай жауырын асты аймағында жүргізіледі.Плессиметр саусағы жауырын ұшының төменгі жағынан горизонтальды орналастырады, қаққылау оң және сол жағынан кезек жүргізіледі. Бұл кезде науқас қолын дене бойымен түсіріп,бұлшық етін босаңсытып тұрып тұрады.