23. ЭКГ түсіру, диагностикалық маңызы.
«ЭКГ жүргізу техникасы»
1. Науқасты беліне дейін шешініп, тобықты киімінен босату.
2.Науқасты арқасымен кушеткаға жатқызамыз.
3.Кеуде қуысының жүрек аймағын және тобықтың төменгі үшінші бөлігін ылғалдатқыш гельмен сүртеміз.
4.Ылғалданған теріге электродтың металл пластинкаларын қысқыштар көмегімен орналастырамыз.
5.Электродтарды металл пластинкаларына мына ретпен орналастырамыз:
Оң қолға-қызыл электрод
Сол қолға-сары электрод
Сол аяққа-жасыл электрод
Оң аяққа-қара электрод
6.Кеуде қуысының электрод орналастырылатын жерлерін ылғалдатқыш гельмен сүртеміз.
7.Электродтарды номерленген резеңке алмұрт тәріздес сорғышпен науқастың кеуде қуысының 6 аймағына қоямыз:
Төстің оң шетіне ІV қабырға аралығына
Төстің сол шетіне ІV қабырға аралығына
Сол төс жаны сызығына және V қабырға аралығына
V қабырға аралығына сол ортаңғы бұғана сызығы арқылы
V қабырға аралығына сол алдыңғы бұлшық ет сызығы арқылы
V қабырға аралығына сол ортаңғы бұлшық ет сызығы арқылы
8.ЭКГ аппаратын қосып, «бастау» пернесін басып, ЭКГ жазбасын жүргізу .(әр тіркеуде кем дегенде 3 жүрек комплексі болуы тиіс)
9.12 тіркеу жүргізілгеннен соң ,ЭКГ аппаратын өшіру.Электродтарды науқастан шешу.
10.ЭКГ лентасына науқастың аты-жөнін,жасын,күнін жазу.
24. Жалпы қан талдауы, диагностикалық маңызы.
Қан талдауын қалай өткізген дұрыс: пациенттерге кеңес
Талдаудың әр түрі үшін ұстанатын белгілі ережелер қарастырылған.
Талдауларды тапсыруға дайындалған кезде 1-3 күн бұрын рационнан майлы және қуырылған тамақты алып тастап, ішімдікті қолданбаған жөн;
Талдауларды емшараларды (массаж, укол және басқа) жасау және дәрілерді қабылдау алдында тапсыру қажет;
Биохимиялық және клиникалық зерттеу үшін қанды аш қарынға таңғы сағат 7.30-дан бастап 11.00-ге дейін өткізу қажет;
Гормонға қан тапсырған кезде эмоциялық күйге мән беріп, денеге күш түсірмеу керек. Алдын ала келіп, клиника дәлізінде 15-20 минут тынығып отырған дұрыс;
Қанды физиотерапия, рентгеннен кейін тапсырмаған дұрыс.
Нәтижеге әсер ете алатын негізгі факторлар:
Дәрілер: дәрілік препараттардың зертханалық тестердің нәтижелеріне әсер етуі әрқалай және оны болжау мүмкін емес.
Ас ішу: ас компоненттері нәтижеге тікелей әсер етуі мүмкін, сонымен қатар жанама әсері де бар – астан кейін май мөлшерінің жоғары болуымен байланысты гормондар деңгейі өзгереді.
Шамадан тыс физикалық және эмоционалды жүктеме гормоналды және биохимиялық өзгерістерді туғызады.
Алкоголь: метаболизмнің көптеген үрдістеріне асқынған және созылмалы әсер етеді.
Шылым шегу: кейбір биологиялық белсенді заттектердің секрециясын өзгертеді.
Физио-емшаралар, анализдерді тапсыру алдындағы инструменталды тексерулер: кейбір зертханалық параметрлердің уақытша өзгеруіне алып келуі мүмкін.
Әйелдердің менструалды цикл фазасы: гормоналды зерттеулердің бірқатарына маңызды, зерттеу алдында ФЫГ, ЛГ, пролактин, прогестерон, эстрадиол, андростендион деңгейін анықтау үшін үлгі алуға қолайлы күндерді дәрігерден айқындағаныңыз жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |