21. Көкбауыр перкуссиясы, диагностикалық маңызы. Көкбауыр перкуссиясы, диагностикалық маңызы.
Жауабы: Көкбауыр жан-жақтан ауасы бар ағзалармен (өкпе,асқазан,ішек)шектелетіндіктен оның мөлшерін және шегін перкуссия тәсілімен анықтау өте қиынға түседі.Сондықтан тынық перкуссия тәсілін қолдану керек.
Көкбауырдың көлденең мөлшерін сол жақ бұғана-төс буынын 11 қабырғаның бос ұшымен қосатын сызықтан 4 см латеральды анықтау керек.Қалыпты жағдайда көкбауырдың көлденең мөлшері 4-6 см тең,оның жоғарғы шегі 9 қабырға,төменгі шегі 11 қабырға арасында болады.
Көкбауырдың ұзындығының алды көрсетілген сызықтан ішке қарай енбеу керек.
1.Науқасты оң бүйірімен жатқызамыз, басы кеуде қуысына қарай еңкейтілген,сол қолы шынтақ буынында бүгіліп, ал оң қолы кеуде қуысының беткейінде еркін жатады, оң аяғы созылған, ал сол аяғы жамбас және тізе буынында бүгілген.
2.Сол қолды науқастың сол кеуде қуысының қолтық асты сызық бойыменен VІІ-Х қабырға аралық тұсына қойып, қысыңқырап орналастырып және демалу қимылын шектейміз.
3.Оң қолдың саусақ ұштарын құрсақ қуысының алдыңғы бүйір бетіне, Х қабырға доғасына және Х қабырғаның төс сүйегіне біріккен жеріне бүгіп орналастырады.
4.Содан соң науқас дем шығару кезеңінде оң қолымен құрсақ қуысын жайлап басады(қалталануы тиіс).
5.Науқастың терең демалу кезеңінде ақырын жайлап сипалап шығып кетеді.
Қалыпты жағдайда көкбауыр сипаланбайды.
22.Қанды биохимиялық талдауға қан алу техникасы, диагностикалық маңызы. Қанның биохимиялық талдауы
Биохимиялық анализ нәтижелерінде нақты диагностикалық деректерді алу үшін анализді тапсырар алдында бірнеше қағиданы орындау қажет
* Зерттеуге қан 8-14 сағат бұрын ашығу және алкогольді қабылдаудан бас тартқаннан кейін, таңғы сағат ішінде (8 және 11 сағат арасында), тікелей алу алдында (20-30 мин) ең аз физикалық және эмоциялық белсенділік кезінде, жатқан немесе отырған жағдайда алынады
* Қан тапсырудан 2 сағат бұрын темекі шегуден бас тарту керек
* Тәуліктің басқа уақытында материалды алу шұғыл қажет болған жағдайда, соңғы тамақтан кейін өткен уақыт кезеңі міндетті түрде көрсетіледі
* Зерттеуді орындау үшін материалды алу емдік мақсатта (дәрі-дәрмек, инъекция, физикалық емдеу әдістерін қабылдау: УВЧ, СВЧ немесе диагностикалық (рентгенологиялық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық) іс-шаралар орындалғанға дейін жүргізілуі тиіс