Ішкі секреция бездері



Дата04.11.2023
өлшемі5,02 Mb.
#121956

ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІ
Тексерген: Оқытушы,магистр Султанов Е.С.
Орындаған: ИЯ 15 топ студенттері Темирханова Аида,Айтимова Аружан, Мухамедьярова Лаура, Камидуллина Айгерим, Сабырғалиев Жанарыс, Шамшидденов Нұрдәулет, Қожагелдина Ақнәр
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
2
МАЗМҰНЫ
    • Ішкі секреция бездері
    • Гипофиз
    • Эпифиз
    • Қалқанша без және қалқанша маңы без
    • Айырша без
    • Бүйрек үсті безі
    • Ұйқы безі
    • Жыныс бездері

3
ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІ
Адам ағзасында көптеген процесстер тек жүйке жүйесінің қызметімен шектеліп қана қоймай,эндокринді жүйемен де қамтамасыз етіліп отырады. Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең көлемеде мәлімет алмасу гуморалды жолмен жүріп отырады.
Эпифиз
Гипофиз
Қалқаншамаңы безі
Қалқанша без
Айырша без
Ұйқы безі
Бүйрекүсті безі
Жыныс бездері
4
ГИПОФИЗ
Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, салмағы 0,5-0,6 г, алдыңғы, ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады. Аденогипофиз,меланогипофиз,нейрогипофиз деп аталады. Гипофизде соматотроптық,тиретроптық,адренокортикотроптық, гонадотроптық, фоллитропин,лютеин дейтін, пролактин бағыттаушы гормондары түзіледі.
ЭПИФИЗ
Аралық ми эпиталамусы құрамына кіретін ішкі секреция бездерінің орталық мүшесі. Эпифиз сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Одан без ішіне қарай дәнекер ұлпалық перделіктер таралып, оның паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Без паренхимасын екі түрлі жасушалар: ұсақ глиоциттер және ірі пинеалоциттер түзеді. Пинеалоциттер боялу сипатына қарай ашық және күңгірт түсті эндокриноциттерге бөлінеді. Пинеалоциттер жыныс мүшелерінің дамуын бәсендетіп, жыныстық жетілуді тежейтін, қандағы калийдің деңгейін жоғарылататын серотонин және мелатонин гормондарын бөліп шығарады.
5
Қалқанша безі
6
Қалқаншамаңы безі
Қалқаншамаңы безі — қалқанша безі маңында немесе оның ішінде орналасқан кішкене денешік тәрізді ішкі секреция безі. Ол сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Без паренхимасында жасушалар тізбектеліп немесе топталып орналасып, безді жасушалар бағандарын құрайды.
Қалқанша без - шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без сырты дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан қалқанша без ішіне таралатын дәнекер ұлпалы перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер көптеген көпіршіктерден (фолликулдардан) тұрады.
Айырша без
Айырша без немесе тимус — омыртқалы жануарлар мен адам ағзаларындағы иммунды жүйенің қалыптасуы мен оның қызметінің толық атқарылуын қамтамасыз ететін без. Айырша без иммунды жүйенің орталық мүшесіне жатады. Ол көкірек қуысында орналасқан тақ көкірек бөлігінен және кеңірдектің екі қапталында жатқан жұп мойын бөлігінен тұрады.
Бүйрекүсті безі
Бүйрекүсті безі — шығу тегі екі түрлі жеке құрылымнан (мезодерма спланхнотомынан және жүйке түтігі қыршаларынан) дамып қалыптасады. Ол сыртынан тығыз дәнекер ұлпалы қапшықпен (капсуламен) қапталған. Бүйрекүсті безінің сыртқы жағында орналасқан қыртысты заты — қуыстық мезодермадан қалыптасқан интерренальды денеден, ал ішкі бозғылт заты — симпатикалық түйіндермен бірге жүйке қыршаларынан жетілетін супраренальды мүшеден қүралған.
3
ҰЙҚЫ БЕЗІ
Ұйқы безі (лат pancreas) — сыртқы және ішкі секреция безі. Сыртқы секреция безі ретінде ол ас қорыту ферменттеріне бай ұйқы безі сөлін бөледі. Сонымен қатар, ұйқы безі арақашықтарының жасушалары инсулин гормонын қанға бөледі. Сыртқы секреция без бөлігі құрылысы жағынан көпіршікше-түтікше бездерге жатады.
Жыныс бездері
Жыныс бездері - жыныстық бездер, ағзалар жыныстық жасушаларды, (жұмыртқа мен сперматозоидтар) және жануарлар мен адамның жыныстық гормондары түзеді. Гермафродиттік жануарларда еркектер жыныс бездері, аталық безі, ұрғашыларында, аналық безі, мысалы: жалпақ немесе аз қылтанды кұрттар, сүліктер, мұртты аяқты шаяндардың, бір дарағында еркектің де, ұрғашының да жыныс бездері дамиды. Жыныстық бездері даму үрдісінде екі жыныста да индефферентты, (биопотенциалды) даму сатысынан өтеді жыныстық дифференциациялануы басталады.
НАЗАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет