Ішкі секрециялық бездерге қандай бездер жатады, олардың сыртқы секрециялық бездерден айырмашылығы неде?


Нейросекрет деп нені айтады, гормондардан айырмашылығы қандай?



бет2/4
Дата03.12.2023
өлшемі24,23 Kb.
#132994
1   2   3   4
Байланысты:
физ4

Нейросекрет деп нені айтады, гормондардан айырмашылығы қандай?

Нейросекреция (neurosecretio, грек, neuron — нейроцит, жүйке жасушасы, secretio — бөлу) — нейроциттердің биологиялық белсенді заттарды (нейрогормондарды) бөліп, организмнің ішкі сұйық ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) шығару қабілеттілігі. Нейросекретті жасушалар гипоталамустың нейроциттерден құралған орталықтарында (ядроларында) орналасады. Олар ірі нейросекретті және ұсақ нейросекретті нейроциттер болып екі топқа бөлінеді. Ірі нейросекретті нейроциттер гипоталамустың алдыңғы аймағындағы супра-оптикалық және паравентрикулалық ядроларды құрайды. Супраоптикалық ядро нейроциттері вазопрессин, ал паравентрикулалы ядро нейроциттері окситоцин нейрогормондарын бөледі. Бұл гормондар нейросекретті нейроциттер аксондары бойымен жылжи ағып, гипофиздің артқы бөлігі — нейрогипофиздегі қан қылтамырлары (капиллярлар) қабырғалары маңындағы соңғы денешіктерде жиналып, организмге керекті деңгейде қанға өтеді. Гипоталамустың орталық және артқы аймақтарындағы майда келген нейросекретті нейроциттерден құралған ядролар клеткалары аденогипофиз (гипофиздің алдыңғы және аралық бөліктері) аденоциттеріне (безді жасушаларына) әсер ететін рилизинг-факторларды бөледі. Рилизинг-факторларға олигопептидті гормондар — либериндер мен статиндер жатады. Либериндер гипофиздің алдыңғы және аралық бөліктері жасушаларының гормон түзу қызметін күшейтеді, ал статиндер, керісінше, олардың жұмысын тежейді. Гипоталамус нейросекретті нейроциттері биологиялық белсенді заттар (нейрогомондар) бөле отырып, жүйке жүйесі мен эндокринді бездердің қызметтерін үйлестіріп, адам мен жануарлар организмдеріндегі нейрогуморальды реттелуді іс жүзіне асыруға қатысады.


4. Гипо- және гиперсекреция деген сөздердің мағынасы не?
Ішкі секрециялық бездердің қызметі соншама жақсы реттелгенімен олардың қалпына және қызметіне түрлі аурулар әсер етеді. Гормондардың өндірілуі нашарлағанда гипосекреция (грек, гипо-гз, төмен) және күшейгенде гиперсекреция (грек, гиперартық, жоғары, шегінен тыс) байқалады. Демек, ішкі секрециялық бездердің қызметінің бұзылуы организмнің тіршілігіне эсер етіп, қауіп төндіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет