5. Гипофизбезінің құрылысы, қызметі қаңдай? Гипофиз немесе төменгі ми қосалқысы бас сүйегінің “түрік ері ” деп аталатын сүйегінде орналасқан. Ол ортаңғы мимен көрші орналасады және онымен екі жақты көптеген байланысы бар.Жаңа туған нәрестенің гипофизінің салмағы 10-15 мг, бірақ 10 жасқа дейін 30 мг-ға дейін өседі де, жас өспірімдерде ересек адамның мөлшеріндей болады. Ол ересек адамда 50-65 мг, пішіні сопақшалау болады. Гипофиздің көлемі баланың жасына лайық ұлғаяды,әрі “түрік ері” сүйегінің өсуіне байланысты өзгереді.Жаңа туған сәбидің бұл сүйегі мм, 1 жасқа жеткенде мм, ал 16-18 жасқа дейін 9+11 мм болады.18 жастан кейін әр адамның организімінің ерекшеліктеріне сай өзгереді.
Құрылысы.Құрылысы жағынан гипофиз 3 бөліктен тұрады:алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктер.Алдыңғы және ортаңғы бөліктерін а д е н о г и п о ф и з деп , артқы бөлігін н е й р о г и п о ф и з деп атайды. Гипофиздің бар салмағының 75% алдыңғы, 1-2% ортаңғы, 18-23%артқы бөлікке жатады.
6. Аденогипофизде қандай гормондар өндіріледі және олардың бала организміне әсері қандай? Аденегипофизде 22 гормон түзіліп қанға құйылады.Бұлар химиялық құрылысы бойынша троптық гормондар, аса маңыздылары: сомотропин немесе өсу гормоны (СТГ), тиреотропин(ТТГ), адренокортикотропин(АКТГ) және үш түрлі гонадотропиндер және ортаңғы бөлімде түзілетін меланотропин(МТГ).
.
7. Гипофиздің өсу ғормонының гипер- және гипосекрециясына байланысты баланың өсуінің кемшіліктері. Нейрогипофизде вазопрессин мен окситоцин деп аталатын нейросекреттер белсенді қалыпқа келтіріледі. Химиялық құрамы жағынан бұлар нанопептидтер, яғни аминқышқылдарының 9 қалдығынан құралған. Вазопрессинді антидиурездік гормон деп те атайды. Ол бүйрек каналшаларында судың қанға қайта сіңуіне әсер етеді. Окситоцин жатырдың жиырылуын қамтамсыз етіп, әйел босанып жатқанда баланың сыртқа шығуына көмектеседі. Окситоцин сүт бездерінің альвеолаларының эпителий клеткаларын жиырып ,сүттің сүт жолына, одан баланы емізгенде сүттің шығуын реттейді.
СТГ, яғни өсу гормоны, белоктың алмасуын және ұлпалардың өсуін реттейді, май мен көмірсутегінің алмасуына әсер етеді.
Өсу гормонының мөлшері жаңа туған сәбиде өте көп (60 ммкг/мл), 3 айда біраз төмендеп (16 ммкг/мл), ересек балаларда 10,8 ммкг/мл болады да, ержеткенде не бары 0,55 ммкг/мг ғана болады. СТГ-ның гиперсекрециясы адамның бойын тез өсіріп жібереді, алыптық пайда болады.Организмде байқалатын СТГ-ның гипосекрециясында баланың бойы өспей ергежейлі болып қалады.Өсу гормоны көбейген жағдайда көбіне а к р о м е г а л и я (грек. акрон-соңғы, ақырғы, мегас-үлкен) байқалады, яғни адамның бет,аяқ-қол, жақ сүйектерінің өсіп,ұзарады