Дүрбелең жылдар шындығының бейнеленуі.
Мақсаты: Шет елдердегі қазақ әдебиеті туралы мағлұмат
беру. Тарихи оқиғалар
шындығының бейнеленуі. Деректілік пен көркемдік.
Қ.Шабданұлы романының тақырыбы, көркемдігі, стилі туралы
түсіндіру.
Негізгі ұғымдар: шет ел қазақтары әдебиеті, қапаста туған
әдебиет, саяси күрес, қайшылықтар бейнеленуі.
Жоспары:
1.
Жазушы
Қажығұмар
Шабданұлының
(1924-2011)
«Қылмыс» романы.
2.
Романның көркемдігі, құрылымы, тақырыбы мен идеясы.
ХХ ғасырдың аяғы мен ХХI ғасырдың басы адамзат қоғамына
соны өзгерістер, санаға саяси-әлеуметтік, тарихи-танымдық
30
сілкіністер әкелді. Нәтижесінің оң-солын, дұрыс-бұрысын тануға
саясаткерлер, ғалымдар және суреткерлер ұмтылыс жасауда.
Тарихи және рухани сілкіністің салдары мен себебінің
нәтижесінде қазақ халқы да өзінің тарихи негізді ұлттық
құндылықтарын тануда, зерттеуде өзгеше құлшыныс танытты.
Роман жанры туралы айтқанда, оны салыстырмалы-тарихи
талдау принципі тұрғысынан зерттеген орыстың аға буын
зерттеушілерінен В.М.Жирмунский, Н.И.Конрад, М.П.Алексеев,
Г.Н.Поспелов, М.Б.Храпченко, И.Ф.Волков, П.А.Николаевты, сол
сияқты шетел зерттеушілерінен А.Дима, Д.Дюришин, В.Ничева
және тағы басқаларын атауға болады. Бұл зерттеушілер
романның мазмұн формасын, жанрлық ерекшелігін, кейіпкерлер
жүйесі мен құрылымдық жағын қарастырды. Соның ішінде
романның құрылымдық жағы басты назарда болды. “Құрылым”
ұғымы әдебиеттануға байланысты зерттеулерде жиі кездесетініне
қарамастан, әлі қалыптасу үстінде.
Терминологиялық нақтылыққа жету кезінде, бұл өткен
ғасырдағы зерттеу еңбектерде көп кездесетінін байқадық. Ол
ғылыми категория ретінде және философиялық ұғымға ие болу
жағынан өткен ғасырдың елуінші жылдарында қалыптаса
бастады. “Философиядағы жаңа категория ретінде құрылым
ұғымы алынды”,- деп жазды О.С.Зелькина. Ғалым-философтар
бұл ұғымды әр түрлі философиялық категориялар – элемент,
тұтастық, функция (қызмет), жүйе, мазмұн және форма
түрлерімен қатынаста қарастырады. Солардың ішінде құрылым
және жүйе қатынасы мәселесі ерекше назар аударуды қажет
етеді. “Құрылым ұғымы жүйе түсінігімен неғұрлым жиі
қатынаста қолданылады, сөйте тұра, әдебиетте екі ұғымның
бірлігі туралы бірізді көзқарас жоқ. Тек, біршама қалыптаса
бастаған пікір құрылым жүйесінің кейбір аспектілері болып
табылады
дегенге
саяды.
В.И.Свидерский
құрылымды
“элементтер арасындағы қатынастар жүйесінің заңдылығы, –
дейді. Зерттеушілер В.В.Агудов пен М.Хасанов құрылымда
тұрақты байланыстың сақталатындығын айтады. Яғни, романның
жанрлық құрылымы мәселесі бізді оның әр түрлі элементтер
жүйесінен тұратын тұтастығын қабылдауға жетелейді.
31
Роман
жанрын
зерттеуші
ірі
ғалым
А.В.Чичерин:
“құрылымдық категория мазмұндық сипатқа ие, ал мазмұндық
категория құрылымдық формада көрінеді” дейді. Бұл әсіресе,
мәтін тұтастығын беретін – романға тән. Роман жанрының даму
және зерттелу тәжірибесі көрсеткендей, оның проблемасы
көркемдік материалдың ұйымдасу ретінен туады.
Қазіргі жанрлар теориясында романның басқа жанрлардан
ерекшелігі анықтала түсуде. Өз кезінде әдебиеттанушы М.Бахтин
“басқа жанрлардың арасынан “берік формадағысы – роман” деп
таныған жанр, бүгінде құрылымдық, көркемдік жағынан
толысты.
Романның
жанр
тудырушы
факторлары
–
сюжеттік-композициялық жүйе, уақыт пен кеңістік, баяндау –
шын мәнінде бұл жанрдың көркемдік құрылымын жан-жақты
ашып берді. Көркем мәтін – тұтас құрылым болса, оның ішінде
роман көпүнді тілдік құбылыстардың жиынтығы. “Роман – бұл
көркем түрде ұйымдасқан, әр түрлі әлеуметтік көпүнділік арқылы
заттық-танымдық өмірді суреттейтін жанр”.
Қажығұмар Шабданұлы қайсар рухты, тағдыры күрделі
қаһарман қаламгер. Тоқсанға толған ғұмырының жартысын
Қызыл Қытайдың қанды шеңгелінде өксікпен өткізді. Жазушы
Қ.Жұмаділов:
“Шыңжаңдағы
қазақ
әдебиетінің
өзгеге
ұқсамайтын бір ерекшелігі, онда “түрмеде туған әдебиет” деп
атауға болатын шығармалардың тұтас бір шоғыры бар.
Шыңжаңда “түрме туындыларының” негізін қалаған – Таңжарық
ақын. Алты жыл (1940-1946) Үрімжі түрмесінде азап шеккен
Т.Жолдыұлы шығармаларының жетпіс пайызын түрмеде отырып
жазған. Арада жарты ғасыр өткенде оның жолын Қ.Шабданұлы
жалғастырды. Өлеңнің жолы жеңіл, камерада бірге жатқандар
жаттап алып, халыққа жеткізіп отырған. Ал қарасөзден тұратын
романдар циклін тілдей қағаздарға ұсақтап жазып, біртіндеп
сыртқа шығаруды құдай басқа салмай-ақ қойсын”,-деп бұл
шығармашылықтың ерекшелігін аша түседі. Шындығында да
түрмеде өткен қанша ғұмыр өлеңмен, әнмен, хат немесе
күнделікпен,
көлемді
туындылармен
суреттелді.
Бұл
шығармалардың көркемдігі, шынайылығы терең болды. Түрме
жағдайының өзі адамның шығармашылық мүмкіндігін кеңейтіп
те отырғандай еді. Себебі, шығармашылық бағдар, алдын ала
32
құрылатын жоспар жасаудан тыс, бақылап-байлаулы тірліктің
жазалауға бейім жағдайында бар мүмкіндікті пайдалана отырып,
болғанды сол күйінше қағазға түсіріп алудың өзі үлкен олжа еді.
Сондай өзгеше ортада туған шығарма – “Қылмыс” романы.
Зерттеуші Т.Жұртбай “Тағдырлы туынды” деген аңдатуында:
“Тумысы бөлек, тағдыры оқшау, күрделі көркем ойлау жүйесі
тосын әрі байырғы классикалық баяндау мәнерінде жазылған
“Қылмыс” романы – қазақ сөз өнеріндегі құбылысты шығарма.
Мұнда қадымнан тартылған көшпелілер әлемінен бастап XX
ғасырдағы тағдырмен тістесе күрескен қазақ ұлтының тауқыметті
тіршілігі
психологиялық
ішкі
тартыс
арқылы
шынайы
бейнеленген.
Шығарманың
көркем
мәйегі
түрмеде
ұйығандықтан да, жазушының тістескен тағдырларды тістене
отырып жазғаны әр сөйлемнің ширатылысынан анық танылады.
Көркем кеңістік пен тарихи уақыттың ара-жігіне желі тартқан өмір
шындығы мен көркем шындық, туындының болмысындағы
табиғи шынайылық пен астарлы емеурін, эпикалық тыныс пен
ызалы мысқыл, қалыптасқан сөз тіркестері мен тосын тіркестер,
қазақы қара тілден қорытылған күрделі ойлау жүйесі бапсыз
таланттың тағдырымен жағаласқан қайсар рухының көркем
тұжырымы екені даусыз”. Міне, осындай сипаттағы туынды
авторының тағдыры да оқшау, өзгеше. Ол: “Бір ұлттың әдебиеті
деңгейімен өлшесек те, әлемдік әдебиеттің өре-өлшемі
тұрғысынан қарастырсақ та, аса зор суреткер. Ірі жазушы.
Әдебиет сыншысы, аса білімді азамат. Мұрат Әуезовтің Альбер
Камюмен салыстыруы да тегін емес”.
Жазушының “Қылмыс” романы суреткердің көркем өмірбаяны
ғана емес, халықтың өмірбаяны. Қазақтың ғұмырбаяны: қазақтың
мінезі, қадір-қасиеті, көз жасы, кемшілігі, ерекшелігі, бағы, соры,
елдігі, алабөтен сезімталдығы, сонымен бірге, сенімпаздығы,
айырықша кірпияздығы, сонымен бірге көнімпаздығы... Бәрінен
бұрын “Қылмыстың” әдеби формасын айтсаңызшы! Бұл жөнінде
Қ.Жұмаділов: “ Жазушы және түрме. Қалам мен қапас. Әдетте
сыйыспайтын-ақ ұғымдар. Екінші жағынан қарасаң, таңданатын
да ештеңе жоқ сияқты. Империяға күні қараған кіріптар, бодан
елдің өз ұлтын сүйген, азаткер зиялысы абақтыда отырмағанда
33
қайтушы еді. Ресей империясында барар жерің итжеккен,
Сібірдің ақырған аязы, ит тұмсығы өтпес тайга орманы... Ал
Қытай қағанатында ондай суық Сібір жоқ. Оның есесіне Тарым
бойлаған Такламакан шөлі бар. Саясыз, панасыз, жалаңаш шөл.
Алпыс градус аптапта ұшқан құстың қанаты күйеді. Сібірде азап
болса, Тарымда тозақ. Жазушы Шабданұлы жаза мерзімінің аттай
жиырма жылын (1958-1978) осы Тарым лагерінде өткізді.
Қ.Жұмаділов тағдыры да, шығармашылығы да өзгеше, уақыт
пен жағдайдың ырқына бағынбай ғұмыр кешкен қаламгердің
болмысын аша отырып: “Ең ғажабы Қажығұмар өз шығармасына
осынша ұзақ уақыт, сан алуан оқиғалар сыйып кетерліктей форма
тапқан. Бұл да Батыстың емес, автордың өзі жақсы білетін
Шығысының шарапаты. Жол нұсқаған сол баяғы “Мың бір түн”.
Ежелгі араб ертегісінде “Ей, ұлы бақытты патшам!” деп
басталатын Шаһаризаданың бірінен бірі өткен хикаялары
болмаушы ма еді. Мұнда да сол сияқты. Әр тараудың басында
автор “Ей, менің тергеушім!” деп қайталап отырады”,-деп
шығармасының құрылымдық-стильдік өзгешелігін ерекшелей
кетеді. Автордың ұзақ жылдарға созылған қамаудағы ғұмыры
романның өзегіне айналған. Соншалықты пешенесіне түрменің
азабы жазылатындай бұл адамның қылмысы не еді? Адамның бір
басына тән жазықты болудың өлшеулі уақыты бар емес пе?
Автор романы арқылы адам баласының тағдыр-талайына
жазылған ғұмыр жайлы толғанады, баға береді. Мұның бәрі жеке
адамның - автордың басынан өткен өмірі арқылы ашылады.
“Өзіме таныс темір қақпақ пен шойын құлып шарық-шұрық
ете түсті. Қап-қараңғы, терең ұрада жатқан мен елеңдеп басымды
көтеріп алдым. Жүрегім де әлдебір шойын темірге соғылып,
шақылдап кеткендей болды. Тұла бойымды түршіктірген қатер
мен күдіктің мұздай суық желі сумаң қақты.
Заңды түрмеде жатқан адамдар мұндай тосын іске кезіккенде
елеңдесе де, жүрегіне мұз ине шаншылғандай болмай, үмітпен
елеңдеп, кейде жылы самал тигендей бір сезімге келетін.
“Босатып жіберер ме екен” дегендей жақсылық күтетін. Менде
мұндай үміт сезімі мүлде жоқ еді. Өйткені, жатқан ұрам –
Хұңуибеңнің зындан деп аталған “абақтысы”. Ал өзім ғой, тісті
қақпандай тырп еткізбес талай алыпсоқ жаламен қамалған ең
34
қатерлі әрі “тергеуі” бітпеген, біткенді қойып “қылмысы” үсті-
үстіне жамалып жатқан “қылмыстымын”. Романның басындағы
осы бір аңдатуды оқығанда қылмысын мойындап, өзін қаралап
отырған адамның болмысына таңқаласыз. Тек әрі қарай оқу
үстінде ғана сіз кейіпкер баяндауындағы астарлы ойды, кереғар
мағынаны ұғасыз. Бір адам жеке-дара тұтас қоғамға қауіп
тудырмайды. Кез келген қылмыстының тергеуден соң айыбы
мойнына қойылып, жазасы кесілмейтін бе еді? Ал, мұндағы үсті-
үстіне жамала беретін неткен қылмыс? Сөйтсе, бұл кәдімгі заң
жүзінде дәлелдеп, кесіп-піше салатын қылмыстан да терең екен.
Романның алғашқы екі кітабы түрмеде жазылған. Бұл
дүниежүзі
тарихында
бұрын-соңды
болмаған
құбылыс.
Жазушының теңдесі жоқ ерлігі. Роман жанры жағынан мемуарға
жатады. Алайда шығарма жеке адамның өмірімен шектелмейді.
Шыңжаң қазағының жартығасырлық тарихын қамтиды. Бүгінгі
ұрпақ ұлттық езгінің не екенін, отаршылдық зорлықтың небір
түрін осы романнан білетін болады” делінген туындының
түсіндірмесінде. Романды оқу барысында кейіпкердің “қылмыс”
деген ұғымның аясындағы баяндап отырған дүниелері қалыпты
мағынадан мүлдем аулақ екенін ұғасыз. Сөйтсе, адамның
пешенесіне жазылатын тағдырдың өзі, оның қандай болмағы,
сенің бақ иә сорға кездесетін өміріңнің өзі “қылмыс” екен.
“Әділетті “тергеушім”, ақ-нақақты адамзатта сіз ғана айырар деп
сенемін. Осы үлкен шешемнің өзі құрсағынан шыққан балаларын
зар қақсатып, ләм демей рақымсыз ызғарлы күйінде кетуін
қарашы, не деген тас бауыр еді! Кішкенелерін есіркемей, тым
болмаса, маңдайынан ақтық рет бір сипамай, бір жібімей, тас
болып қатып, панасыз, иен құмға тастап кетуін қарашы!.. Неткен
рақымсыз қылмыс!”.
Өзінің ауыр жағдайын түрмеге теңеген автор: “Құрметті
“тергеушім”, мен кішкентай кезімнен-ақ түрмеде-кебежеде өскен
қылмыстымын. Зор қылмысты болмасам сол кезден-ақ қамалар
ма едім? Қазіргі қылмысымның түп тамыры менде әзелден-ақ бар
екен. Шешемнің емшек сүтімен бітіп, бұлшық еттерімнің
талшықтарына айналып кетіпті. Бұл қылмыс сол кездің өзінде-ақ
мені жақсы киімнен, жорға тайдан жұрдай етіп, әкемнің жыртық
тоны мен кебеже түрмесіне қуып тығыпты ғой!”, деп әу бастан-ақ
35
өмірдің ауыртпалығында, жоқшылықтың тұтқынында өскенін
айтады. Бұған тағы да мәтіннен дәлел келтірейік: “Үй дегеніміз
қуыс үңгір болып қаңырап қалғандай сезілді. Ойнауға зауқымыз
болмай, бүрісіп-бүрісіп отырып қалдық. Күн бата кәрі әжеміз
үнсіз жылап, бәріміздің бетімізден сүйді. Қош, әжетайым! Кешіре
гөр! Өлер шағыңызда қасыңызда болу қолымыздан келмеді.
Бақыл бол, әже!” Бір отбасының тіршілігі екіге жарылып, көзі
тірісінде бақұлдасып, қоштасу да тағдырдың бір сыны еді.
“Дүниеге адам алғаш келгенде күле келеді, Қылмысты да,
қылмыссыз да күле келеді. Одан кейін ақырындап қорқу мен
қорқыту сатысына көтеріле бастайды”. Адам тағдыры әрқалай
өріледі. Кейде зауалға ұшыраған адамды сол ортаның өзі
жұбатады. Адам қалыпты, бостан тірлікті аңсай отырып, оның
тым алыста екенін сезеді. Сондықтан да өзі тап болған мехнаттан
пана табуға, соны қорғаныш етуге ұмтылады.
Әрине, адам баласының дербес қабылдау жүйесі үнемі
қоғамда орныққан құбылыстармен үндесе берген жоқ. Өз кезінде
Шәкәрім:
Мен өтермін, кетермін,
Жоқтарсың мені бір кезде.
Ішімді жалын қаптағаны-ай,
Шыбын жан тыныш таппағаны-ай
Қапыда дерттің шалғаны-ай.
Жалғыздықта өткен жалған- ай! - деп
ой кешіп, мұң иектеді. “Мұтылған” деген атауда азап-бейнет те,
мүжіліп шаршау да, қамығып қан жылау да” (Т.Кәкішев) бар.
“Кезінде Кьеркегордың: “рух адамы бізге қарағанда өзімен өзі
жеке қалғанды жақсы көтере алады да, ал біз болсақ, керісінше,
топтан тыс күн көре алмаймыз, көппен пікір алмаспасақ,
тұншығамыз, мүжілеміз” дегеніндей, расында да, ақылы толық,
иманы дұрыс адам жеке жатып әрекетінің дұрыс әдісін
ойластырады, өзінің жауапкершілігін мойындай отырып, жоба-
жоспарын жасайды. Ол қоғамның пікірінен, қыспағынан арылу
арқылы шынайы тіршілік ете алады” дегеніндей, бір кездері
қайран елінің қамын жеген Абай секілді Шәкәрім де
айналасынның бітпейтін дау-дамайы мен ұрыс-араздығынан
түңіліп оқшау күй кешеді. Ол оқшаулық зармен, мұңмен емес,
36
Шәкәрімнің Шыңғыстың күнгейіндегі Шақпақты деген жерде
жатып, әдебиет істерімен шұғылдануымен өтеді. Ой еңбегі
үстінде өз халқының білім, ғылымнан мақрұм қалғанын ойлап,
түңіледі:
Ойда жоқ өнер біліп жол табайын,
Жалмауға жалықпайды өз маңайын.
Мұның түбі не болар деген жан жоқ,
Ұрлық, ұрыс, араздық күнде дайын,-дейді.
“Тағдыр адамның қандай ортаға, қандай өмір жағдайларына
жолығуын анықтайды. Адам өзіне тағдырынан берілген
міндеттерді дұрыс және толық орындауы керек. Фәни өмірде
кімнің болса да ата-анасының, бала-шағасының, халқының,
Отанының, тіпті бүкіл адамзаттың алдында түрлі міндеттері бар.
Оларды қалтқысыз орындауы оның адамгершілік деңгейімен
байланысты”. Сөйтіп, ел жұртының іргесінде жүріп, одан өз
еркімен аулақтаған Шәкәрім көкірекке байланған шерді, көңілін
басқан қаяуды айтып, “Сүйер кісім, сүйенер жақыным жоқ, Бір
өзіңе сыйындым, бар құдай-ау”,- деп бұрылған бетін аңдатады.
Енді өзін түсінбеген ел-жұртынан алыстап, діни ойларға беріледі.
Әлемдік деңгейдегі ойшыл, батыс-шығыс оянушылығына жол
салған,
бүкіл
өмірін
Бағдад
пен
Мысырда
өткізген
(А.Қыраубаева) әл-Фараби туған жеріне деген сағынышын:
Қашықтасың туған жер қалың елім,
Не бір жүйрік болдырып жарау деген.
Шаршадым мен,
Қанатым талды менің,
Шаңыт жолға сарылып қарауменен.
Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар, -
деп туған жерге деген аңсарын, білдірген. Сөйткен дана Фараби
“Қайырлы қала тұрғындарының көзқарасы” деген трактатында
құт, берекесі үзілмейтін елді аңсайды. Бір кездері барша түркі
жұртын имандылыққа ұйытқан сопылық ағымның білгірі Ахмет
Иассауи жер бетінің қалыпты жан иесіне тән қызығынан баз
кешіп, ел-жұртынан аулақтаған. Сөйтіп, Аллаға сыйынып, жан
дүниесін, рухын тазартатын, пенделік тіршіліктің күнәсінен
сақтандыратын еңбектер оқып, кітап жазған. Бұлайша баз кешуге
37
оның айналасындағы тірліктің қалпы, адамзат пейілінің бұзылуы
әсер еткен. “Хақ сыйлаған жарқын өмірдің қасіретке толып, азып-
тозып азғындауына осы өмір мақсаты да, жаратылысы да, иесі де
болған Адам кінәлі. Яғни, Иассауи үшін ақырзаманның тууы
адамдардың
құлқынының
азғындауына
байланысты”.
Шындығында бұл ақындар жан тыныштығын күйттеп, қара
басының қамымен елден аулақтамағаны белгілі. Көпшіліктен
оқшаулану арқылы сол қалың жұрттың халін түзейтін қам
ойластырды.
«Қылмыстың» екінші кітабының бірінші бөлімінде (“Ала
бүлік”): “Абай, Шәкәрім шығармаларын былай қойғанда
өзіміздің ақын ағаларымыздың өлеңдері де түрмеден ұрлана
шығып, бізге шырқала жырлай, жылай жетіп жатты. Үрімжі
түрмесіне 1940 жылы келген Таңжарық пен Әбдікерім ақынның
өлеңдері осы кезде өзімізді көп жылатты:
Дариға, тағдыр қысты, қиналды жан,
Өтпейді өңешімнен су менен нан.
Қайғымның қаншасына сен куә бол,
Төгіліп жүрегімнен қып-қызыл қан!
Дариға, мен қайғырдым кімдер үшін,
Оларға көрсетіп тұр кімдер күшін?!
Жаралап көкірегімді улы қанжар,
Қан құстым жүрегімді тілгені үшін!
Қайғырдым назаланған елім үшін,
Ақ бүркеп азаланған жерім үшін.
Ішінде қан майданның қаза таппай,
Жазықсыз жазаланған ерім үшін!
Қатарлас камераларда жататындар бірінің халін бірі дер
кезінде біліп тұрады екен. Бірін-бірі демеп, бірінің жарасын бірі
емдеп, қайрат-қажырға, үміт пен жігерге шақырысқан жауынгер
жырлар көп туындапты. Тергеу қинауынан күйреп шығып,
сүйретіліп өтіп бара жатқандарды есік саңылауларынан көріп
тұрған осы ақындардың қолма-қол айтып қалған, кереметтей
шипалы өлеңдері сырттағы бізге де дәл сондай әсерімен жетіп, ем
айтады:
Қажыма, тұр орныңнан болат жүрек,
Дұшпандар салса қанжар, найза тіреп!
38
Жер жүзін тітіретіп басса зұлмат,
Найзағай атылса да күн күркіреп”.
Зерттеуші С.Ананьева: “Тарихи романдардағы лагерь
тақырыбы саяси қуғын-сүргін мәселелерімен қабысып жатыр.
Қаламгерлердің өмірбаяндық жадылары тарихи кезеңдерді
сатылап беруі арқылы жаңғырып отырады. Мәселен, М.Симашко
“Төртінші Рим” (“Четвертый Рим”), “Қасиетті жерге бастайтын
жол” (“Дорога на Святую землю”), “Бондарь бойынша жазба”
(“Писание по Бондарю”) шығармаларында XX ғасырдың куәгері
ретінде мемлекет тарихындағы ұлттық интеллигенцияның ролін
ашады”,-деп бәрінен өз отандарын жоғары қойған қасиеттерін
бөліп көрсетеді.
Орыстың
үшінші толқын эмигрант қаламгерлер өз
отандарынан күшпен, қуғындаумен кеткендер болды да, оларды
“қуғындау кезеңіндегі орыс әдебиеті өкілдері” деп атады. Әр
түрлі жағдаймен (жеке, шығармашылық, саяси) кеткен бұл
толқын өздерінің алдындағы әдебиет өкілдеріндей, азаматтықты
алмастыруды ауыр қабылдады. Сөйтсе де, олардың бір
артықшылығы болды: “... Ресейдің бізден ірге ажыратқанын,
бізбен салыстырғанда басқа болып кеткенін қабылдай алмаймыз.
Біздің қарым-қатынасымыз біздің қабылдауымызбен бірдей.
Сондықтан да екі түрлі дүние болып табылатын эмиграция мен
метрополия арасында туындап жататын психологиялық кедергі
бізде болған емес». Себебі, олардың біразы А.Солженицыннің
ізімен елдеріне оралып, екі елде де тұрып жатты. 1980
жылдардың ортасына қарай үшінші толқын эмигрант өкілдерін
Ресей оқырмандары танып-біле бастады. Осы тұрғыдан келгенде
эмиграция ұғымы олар үшін шартты болды. Қаламгерлер шетелге
кеткеніне
қарамастан,
“метрополия”
әдеби
үдерісімен
байланысын сақтап қалды. Осығай орай екі ел әдебиетіндегі
идеялық, тақырыптық, жанрлық үндестіктер байқалып отырды.
Мәселен,
А.Солженицын,
Г.Владимов
пен
В.Гроссман,
В.Астафьев,
В.Некрасов
пен
Ю.Казаков
шығармашылықтарындағы проблематика; Ю.Мамлеев пен
В.Маканин, В.Аксенов, В.Войнович пен А.Кабаков, Т.Толстой,
А.Ким арасындағы көркемдік ізденістер үндестігі байқалды. Сол
сияқты орыс классиктері А.Пушкин, Л.Толстой, Ф.Достоевский,
39
А.Чеховтың шығармашылығы Ф.Горенштейн, В.Максимов,
Абрам Терц пен А.Битов, В.Распутин, С.Залыгин және
басқаларының зерттеу нысаны болды. 1970-1990 жылдардағы
эмиграция және орыс әдебиеті үшін бастысы бір тарапта
“әдебиет”, “мәңгілік”, “аяқталған бейне”, “ойын”, “тіл” болса,
екіншісінде “өмір”, “осы шақ”, “бейненің дәлдігі”, “түпнұсқа”,
“шынайылық”, “жанама тіл”, “үнсіздік” болды. Әрине, екі
әдебиет ортасында айырма сақталды. Эмиграциялық әдебиетте
жанрлық түрлену байқалды. Тіпті “айырылысу романдары”
(“роман отъезда”) туды. Осылайша, прозада екі басты бағыт
байқалды: “дәстүрлі реализм” және “гротеск пен абсурдтық”
бағыт. Осы екі бағыттың арасында “екі идеология”, “екі
эстетика”, “екі менталитет” орнықты. Бұлар бостандықсыз
қоғамның негізінде өсіп, осы ауыр міндетті жеңуге ұмтылып
отырды.
Қай кезең де өз ортасындағы мәдени-әдеби дамуға ықпал
жасап отырады. Кей кезде қоғамдық-саяси ахуалдың ықпалы
әдебиетте
бұрын
болмаған
өзгеше
бағыт
тудырады,
қаламгерлердің шығармашылығында тың ой-идеяның өрістеуіне,
өзгеше көркемдік жүйенің орнығуына жол ашады. Сөйтіп,
әдебиеттің даму үдерісінде дайын типтерге қарама-қарсы, жаңа
характерлер
де
қалыптаса
бастайды.
Осы
айырманың
нәтижесінде әдеби бейне туады. Олар өз ортасымен сана-сезімі,
көзқарасы тұрғысынан үнемі қабыса бермейді, әрі олар қандай
тұрғыда болсын, өздерінің ой-аңсарларын танытып отырады.
Осыдан келіп, олардың қоғамға деген қатынасы, қарсылығы
немесе қолдауы қалыптасады. Олардың ортамен сәйкесу,
сәйкеспеу қатынасы сол кезең мотивін анықтайды.
Қ.Шабданұлы романында ортасының өз танымына кері
тұстарын әжуалы астармен ұғындырып отырады. «Расында да
қатты наразымын өзіме. Менің алдымда күреске түскендер
бақытты екен: өздеріне аужал етерлік қылмыс тауып алыпты.
Оларға жауап беру оңай болды. Өздерінің өткізген мәселелері
көңілдерінде
дайын
тұрды.
Жауаптарын
себептерімен,
дәлелдерімен төрт аяғын тең басқызып ағыза жөнелді. Бір-бір
тәулікте
ғана
мойындап,
оп-оңай
«ұтыла»
салды.
«Қатарларыңызға қосылды». Бұларға бақыт құсы қайдан келді
40
деп ойласам, тұп-тура сайраған сайрастарынан келіпті. Егер мен
де солай шайтан түрте сайрап, дербестік талап еткен болсам,
жауап беруім оңайға түседі екен. Өзіңде болған мәселені
мойындаудан оңай іс бар ма, дәлел іздеп қиналмайды екен. Ал
мен-ші? Сайрауымнан да, мақсатымнан да, істеген ісімнен де бір
мысқал қылмыс таппадым». Өз басында жоқ қылмысты таңған
«қырағы тергеушіні» оңдырмай әжуалайтын кейіпкер «Күндіз
таба алмаған мәселені түнде табам деп әуре болмаңдар.
Ұйқысырап сандырақтай бермей, дем алыңдар! «Демалуды
білмейтін адам, жұмысты да білмейді». Идеологиялық төңкерісте
«жауды» ұйқысыратып, талықсытып жеңіп өзгертеміз деушілік
ақымақтың ісі. Себебі, бұл, жаңылтпаш ойыны емес! Көрген түс,
материалистік заң алдында факт болып та мойындата алмайды.
Осыдан басқа сөзім жоқ! Жазып алыңдар да түс жорығыштарыңа
апарып жорытыңдар». Сөйтіп, автор «әділетті тергеушісінің» жер
бетінде «қылмыс қалдырмас ашкөздігін» келекелейді. Мұндай
түрме кіріптарлығы көңіл-күйдің белгілі бір тұйықталуына әкелсе
де, ол рухани жадаулыққа бойұсындырып қойған жоқ. Керісінше,
сыртқары тірлік ақын-қаламгердің рух, ой, аңсарының көкжиегін
кеңітті. Өзінің шығармашылығын өршіл, арманды, шерлі
сарындармен толықтыру үстінде, ұлтына тән туған ел, туған
жерін деген сүйіспеншілік, күрескерлік, қайраткерлік секілді
қасиетті сипаттарды үстеп отырды.
Қандай да көркем туынды болмасын, ол тарихи шындық пен
көркемдік шешім тәрізді әдеби процестер арақатынасының өрбуі
мен біте қайнасуынан туындайтындығы баршаға мәлім заңды
құбылыс. Сондықтан жазушының көркем шығармаларынан
тарихи өмірдің кезеңді сәттерінің сан қилы құбылыстарын терең
аңғарамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |