42
құлдыратқан, ел ішін ойрандаған, жұрт пиғылын бұзған
қарқынын суреттесе, екіншісі – жеке меншікке үйренген сайын
ауыл адамдарының жаңа жағдайға икемделіп, бойкүйездіктен
арылып, қарымды іске көшкен, еңселерін тіктеген ахуалы
суреттеледі. Шығарманың бас кейіпкері – Оспанқұл қарт.
Бұрынғы кеңестің озат шопаны, көптеген марапаттар алған.
Еңбек адамы совхоз таратылғанда бөлген азын-аулақ малды
ермек қылып отыра берер еді. Алайда мына өзгеріс оны қатты
алаңдатты. Кенже баласы Сәрсенқұл қалаға оқуға барған жерінен
әлдебір бұзықтарға ілесіп, істі болады. Ол жақтан мүлде өзгеріп,
бұзылып оралады. Оспанқұл қарттың тағы бір реніші өзіне
көмекші болып, содан шаруасын түзеп алған Молданбайдың
сараңдығы. Нарықтық заманның қыспағын сылтауратып, пейілі
әбден тарылады. Молданбай - кезеңдік бейне емес, тұрақты тип.
Өзінің жеке мүддесін өзгелерінен жоғары
қоятын кейіпкерлер қай
дәуір әдебиетінде де кездеседі. Нарықтың өзгерісі Оспанқұлдың
көршісі, айналасындағылардың малын ұрлап, екі ұлының бірін
соттатқан Асанды да сергітіп жібереді. Ол: “Бұл тіршілігімде
жалқау да, жаман да, ұры да атандым. “Білекке сенер жастық
өтті, білікке сенер кәрілік жеткенде” мені де жүрегімнің қинаған
жайы бар, ағайын! Тоқтадым! Құран ұста десең құран ұстадым,
мінеки! Мен бірдеңе ұқсам, бұл заман жалқау мен жалдапты
аямас заман екен. Бүгін қайта туғандай әр тірлікке тастүйін
әрекет еткен жайым бар. Тек, ес жинап, қатарыңа қосылғанша,
көзге түртпесең екен...” Асан дер кезінде ақылға келді. Заманына
қарай қолы қимылдап еді, шаруасы да оңалды. Асан-қазақ
прозасының нарық тудырған кейіпкері. Осындай кейіпкерлері
арқылы автор адам бойындағы терең өзгерісті психологиялық
ахуалды тап басады.
Төлен Әбдіктің “Парасат майданы” повесінде (2001)
тұлғасы кереғар “екі адамға” бөлінетін кейіпкер бірде “Күнделік
иесі”, бірде “Бейтаныс құрбы” деп аталады. Бұл шағын жанрлы
шығармада адамзаттың келешектегі тағдыры қалай болмақ деген
сұрақтың жауабы айқындалады. Ә.Нұрпейісовтің “Соңғы парыз”
роман-дилогиясында
жаһандық
проблеманың
шешілуі
экологиямен байланыстырылса, Т.Әбдік бұл мәселеге басқа
қырынан келеді. Бір адам бойындағы қайшылық барша
43
адамзаттың қайшылығы. Бейтаныс құрбы мен Күнделік иесінің
арасындағы текетірес - зұлымдық пен ізгілік арасындағы мәңгі
майдан.
Кейіпкер Күнделік иесі араға үш-төрт күн салып, басқа бір
адамға, яғни Бейтаныс құрбы болып оянып жүреді. Осы “екі
адам” бір-бірімен хат жазысып таласып-тартысады. Күнделік иесі
Бейтаныс құрбысын, яғни өзінің өзгерген кейпін “өте зымиян
адам” деуге дейін барады.
Адамдар арасындағы шым-шытырық қарым-қатынастан
туындайтын оқиғаларды автор шебер қиюластырған. Күнделік
иесі жасырып ұстайтын дәптерін кімнің оқып, пікір жазып
жүргенін білмей дал болады. Осы оқиға қашан аяқталғанша
шығарма соңына дейін оқырман сюжет желісін қадағалап,
қызығып отырады, құпия хаттың иесін білуге асығады. Тек
шығарманың аяғында ғана бейтаныс құрбының Күнделік иесі
екенін біледі. Дәрігер жүйкесі ауырған Күнделік иесіне: “Мен
адам бойындағы қостұлғалықты бекер айтып отырған жоқпын.
Сізбен бір айға жуық хат жазысқан бейтаныс адам ешқайдан
келген жоқ, ол өзіңіздің ішіңізде”, дегенде ғана түсінеді.
Т.Әбдіктің “адам бойындағы қостұлғалық”, адам ішінде мінезі
бөлек, дүниеге көзқарасы бөлек екінші тұлғаның пайда болуы”
деп отырғаны “амбивалентность” деп аталатын психологиялық
термин баламасы: қос полярлық, кереғар сезім-күйі (ізгілік пен
зұлымдық, шыншылдық пен жалғандық, сүю мен жек көру).
Күнделік иесі:
“Бүгінгі әлеуметтік мінез-құлық: өзінен басқаның
Достарыңызбен бөлісу: