Іскерлік қарым-қатынастың ең негізгі ерекшеліктерінің бірі коммуникацияға қатысушылардың əлеуметтік ролін қатаң сақтауы, яғни, басшы-жұмысшы, серіктестер, əріптестер тб. Егер іскер адамдар қызмет саласының түрлі сатысындағы тұлғалармен жиі коммуникация жасайтын болса онда байланыстың вертикалды жəне горизонталды түрін қолдануға тура келеді. Байланыстың вертикалды түрі деп коммуникацияға қатысушылардың əлеуметтік жағдайына, əкімшілік-құқықтық нормалармен жəне төмен дəрежедегі жай жұмысшы өзінен қызметі бойынша жоғары дəрежедегі тұлғаға бағыныштылығымен сипатталатын субординациялық қарым-қатынасты атайды. Байланыстың горизонталды түрі деп жалпы мақсаттарына сай коммуникацияға қатысушылардың серіктестік, өзара түсіністік мақсаттағы бірлескен іс-əрекеттерін атайды.
Іскерлік қарым-қатынастың ұйымдастырылуының өзі, коммуникативті іс-əрекеттер мен тəсілдер, іскерлік сөйлеуде тілдік құралдарды дұрыс қолдану нақты бір мəселені шешуде оңтайлы нəтижеге жету мақсатына тəуелді.
Іскерлік қарым-қатынас ерекшеліктері болып төмендегі принциптер есептеледі:
коммуникацияға қатысушыларды іскерлік мəселені өзара ұғыну жəне түсіну ерекшелендіріп турады;
іскерлік қарым-қатынастың негізгі мақсаты сапалы жəне тиімді серіктестік [4, 512].
Кейде іскерлік қарым-қатынас тар мағынада іскерліктің кəсіби саласында нақты мақсаттарға жетуге бағытталған іс-əрекет ретінде қолданылуы мүмкін. Іскерлік қарым-қатынас нақты контексте туындап соған тəуелді болады. Нақты жағдаят, коммуникацияға қатысушылар саны, алға қойған мақсаттар сипаты, рецепиенттер арасындағы байланыс деңгейі іскерлік қарымқатынастың соған тəн сипаттары болып табылып оның орын алуының бірнеше формаларын анықтауға көмектеседі. Іскерлік қарым-қатынас түрлеріне іскерлік сұқбат, іскерлік жиналыс немесе отырыс, іскерлік қоғамдық презентациялар мен қаратпалар жатады.
Іскерлік қарым-қатынастың тағы бір ерекшелігі экономикалық мақсаттардың өзара байланысы мен əлеуметтік реттеу құқықтық шеңберде орын алады. Көбінесе тұлғалар іскерлік коммуникацияға өздеріне қатысты салада қатынастарын құқықтық жолмен рəсімдеу үшін түседі. Өзара байланыс пен байланысты құқықтық рəсімдеудің ең оңтайлы нəтижесі болып өзара түсінушілік мен сенімге негізделген серіктестік қатынастар есептеледі.