Іскерлік қарым-қатынастың тəсілдерін жақсы меңгеру болашақ іскер адамдарға қажеті зор болмақ



бет1/8
Дата29.11.2022
өлшемі22,34 Kb.
#53472
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ДӘРІС №3


ДӘРІС №3
Қазіргі таңда іскерлік қарым-қатынасты ұйымдастыру мен оның негізгі ерекшеліктері
Іскерлік қарым-қатынастың тəсілдерін жақсы меңгеру болашақ іскер адамдарға қажеті зор болмақ. Мұндай қабілет келешекте келісімшартқа отырғанда немесе пайдалы іс жасағанда маңызды рөл атқаруы мүмкін. Сондықтан қазіргі таңда іскерлік қарым-қатынастың маңызы артып оны жан-жақты зерттеу қазіргі заманның басты мəселелерінің бірі болып тұр.
Қарастырылып отырған мақала іскерлік қарым-қатынас анықтамасына талдау жасап, оның қазіргі таңдағы қажеттілігі мен негізгі ерекшеліктеріне, атқаратын қызметіне, коммуникацияның басқа түрлерінен айырмашылығына тоқталады. Сондай-ақ аталған мақалада іскерлік қарым-қатынасқа қойылатын талаптар мен оның мақсаты, міндеттері, табиғаты қарастырылады. Іскерлік қарым-қатынастың табиғаты мен негізгі ерекшеліктері болып есептелетін ережелер немесе шарттар ұсынылады.
Іскерлік қарым-қатынас немесе байланыс қазіргі таңда, жаңа заманда қоғамның барлық салаларында кездесіп отыр. Қоғамның коммерциялық, іскерлік салаларында өнеркəсіптің барлық түрлері мен формаларында сондай-ақ жеке іскерлер мен кəсіпкерлер ретінде жеке тұлғалар кірісе бастады. Іскерлік байланыс саласындағы құзырлық кез-келген білім, ғылым, өнер, өнеркəсіп, сауда сияқты салаларда сəттілікке жету немесе жетпеуге байланысты болып отыр.
Адамдармен дұрыс қатынас жасай алу іскерлік салада, қызметттік жəне кəсіпкерлік іс-əрекетте сəттілікке жетудің ең маңызды факторларының бірі болып отыр. Дейл Карнеги 30 жылдарда ақ адамның қаржылық мəселесіндегі сəттілігі тіпті техникалық немесе инженерлік салада болса да 15 пайызға оның кəсіби шеберлігіне байланысты да 80 пайызы оның адамдармен қатынас жасай алуына байланысты екенін аңғарған.
Іскерлік қатынас адам өмірінің ең маңызды бөлігі жəне бөгде адамдармен қатынас жасаудың негізгі түрі. Мұндай қатынастардың басты қағидаларының бірі болып этникалық нормалар есептеледі, онда адамның ой өрісі, пайымдауы, жақсылық пен жамандық, шындық пен ақиқатсыздық, дұрыстық немесе бұрыстық сияқты қылықтары беріледі. Адамның моралдық нормаларды түсінуіне, оның мазмұнына байланысты оның іскерлік қарым-қатынасқа жеңіл немесе қиын немесе тіпті қиындатып алуы байланысты.
Байланыс немесе қатынас дегеніміз қоғамдық субъектердің, əлеуметтік топтардың, халық немесе жеке тұлғалардың арасында ақпарат, тəжірибе, іс-əрекет қабілеттері мен нəтиже алмасуы жүретін өзара қатынас жасау үрдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет