29. Сараидың «Гүлістан бит-түрки» шығармасының композициялық құрылысы. С. Сараи- Алтын орда әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірін. Ол лирик және эпик ақын, жазуыш және аудармашы ретінде түркі тектес халықтар әдебиеті мен тілінің өзінен кейінгі кезеңдерде дами түсуіне мол үлес қосып, едәуір ықпал еткен қаламгер. Ол- 14-15 ғасырда өмір сүрген. Бізге жеткен жалғыз көлемді еңбегі – « Гүлістан бит- түрки» болып табылады.
Ақын бұл еңбегін Сырдария бойында бастап, Египеттегі Ніл өзені жағасында жазып бітірген екен. Бұл өзі парсы-тәжік әдебиетінің классигі Сағди Ширазидің «Гүлістан» атты
шығармасының еркін аудармасы.
Сайф Сараи өзі ұстаз тұтқан Сағди ақын- құрылымының «Гүлістанын» аудару барысында шығарманың композициялық құрылысын бұзбай, солкүйінде сақтап қалуға әрекет жасаған. Сондықтан парсы тіліндегі «Гүлістан» секілді қыпшақ тіліндегі С. Сараи аударған «Гүлістан бит- түрки» де сегіз тараудан тұрады. Олар:
Бірінші тарау - ел-билеушілер туралы.
Екінші тарау - халық бұқарасы жайында.
Үшінші тарау - қанағат-ынсаптың пайдасы жөнінде.
Төртінші тарау - тілге сақ болудың пайдасы туралы.
Алтыншы тарау - кәріліктің адамды кәріп етіп қоятыны туралы.
Жетінші тарау - тәлім-тәрбиенің әсері жайында.
Сегізінші тарау - әңгімелесудегі әдептілік мәселесі туралы.
Мұның бәрі прозалық қисса-хикаят түрінде айтылады.Сағди Ширази өз «Гүлістанын» ұйқасқа құрылған прозамен жазған.
Сайф Сараи әрбір хикаяны бастар алдында Сағди Ширази атына мақтау сөздер айтып алып, сосын ғана автор идеясын жеткізетін хикаяларды баяндауға көшеді. Ақын түсіндіру, насихаттау жолымен қатыгез әрі зұлым әкімдерді бауырмал, инабатты адам етуге болады деп ойлаған. Сол үшін ақын адам бойындағы ең асыл қасиеттерді- әділдікті, мейірімділікті, ізгілікті, жомарттықты, т. б. мадақтайтын қызықты хикаяларға көбірек назар аударған.
Шығармада жақсылық пен жамандық, қатыгездік пен мейірімділік, патша мен диқан, шындық пен өтірік, әке мен бала, күйеуі мен әйелі, інісі мен ағасы, т. б. аралық қарым-қатынасы, үндестігі қандай болу керек деген сауалға жауап беріледі.
Ақын осы мәселелердің біріне қатысты хикаяларды айтумен шектеліп қалмайды. Сонымен бірге ол өзі әңгіме етіп отырған моральдық, этикалық мәселелер жайында философиялық түйін жасайды.