Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»



бет84/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   97
Байланысты:
хандықт

7-8 буынды шұбартпалы ұйқас
11 буынды қара өлең ұйқасы
-
АНАФОРА- сөздердің басында қайталануы
ЭПИФОРА-соңында қайталануы
ЭПИТЕТ- заттың айрықша сипатын ,сапасын айқындайтын сөз
ЖАЙ ҚАЙТАЛАУ жирный шрифт- Естен, болдым
ТЕҢЕУ
МЕТАФОРА
РИТОРИКАЛЫҚ СҰРАУ кездеседі
АССОНАНС
Еңсегей бойлы Ер Есім, Еңсегей бойлы Ер Есім-ЭПИТЕТ
Есім, сені есірткен
Есіл де менім кеңесім.
Ес білгеннен, Есім хан,

АЛЛИТЕРАЦИЯ


Қолыңа болдым сүйесін,


Қолтығыңа болдым демесін.

АССОНАНС

Ертеңгі күн болғанда,
Елің кеңес құрғанда,
Айналып ақыл табарға

Есіктегі ебесін,


Сонда, ханым, не десін?!
Мен жоқ болсам, Есім хан,
Ит түрткіні көресің.
Жиембет қайда дегенде,
Не деп жауап бересің?..

АЛЛИТЕРАЦИЯ


Меніменен, ханым, ойнаспа,


Менің ерлігімді сұрасаң,

Жолбарыс пенен аюдай.


Өрлігімді сұрасаң
Жылқыдағы асау тайыңдай.
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре менен жайындай. АЛЛИТЕРАЦИЯ.
Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай менен қайындай.
Көруші едім, Есім хан,
Ханымды күнім, сізді айымдай.
Сырым саған түзу-ді АЛЛИТЕРАЦИЯ
Садаққа салған бұлыңдай.
Жұмыскерің мен едім
Сатып алған құлыңдай.
Жүруші едім араңда
Өзіңнің інің менен ұлындай...
Мен, өлсе, құнсыз кетер деме сен
Кешегі өзіңнің ұрып өлтірген

Тілеуберді құлыңдай! АЛЛИТЕРАЦИЯ.


Тілеуберді құлың мен емес,
Мұның, ханым, жөн емес. АЛЛИТЕРАЦИЯ.
Менің ер екемді көргенсің,
Әуелден бірге жүргенсің,
Дегенімді қылғансың,
Қайратымды білгенсің.
Ағбытпа, ханым, күннен соң,
Сіздің естен кеткенмен,
Біздің естен кеткен жоқ:
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,
Соқыр бурыл байталға АЛЛИТЕРАЦИЯ
Сонда бір жайдақ мінгенсің...
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,
Қаланың қасы бүлгенде,
Хандар қалаға қылаған,
Сұлтандар суға сылаған,
Қаз мойынды ханшаңыз АЛЛИТЕРАЦИЯ
Қалада тұрып жылаған...

Тал шарбаққа мал сақтап,


Тас қалаға жан сақтап,
Тасқан екен мына хан!

Қайрылып қайыр қылуға


Қылығың жоқ ұнаған.
Қайратым қанша қайтса да,
Мұныңа, ханым, шыдаман!

Арқаға қарай көшермін, АССОНАНС


Алашыма ұран десермін,
Ат құйрығын кесермін,
Ат сауырын берермін,
Алыста дәурен сүрермін,
Қарамасаң, ханым, қарама,
Сенсіз де күнімді көрермін!

Хан мен би арасындағы сол бір келіспеушілік өрши түседі. Бұл жанжалға енді мынадай бір жесір дауы кеп жалғасады. Ол былай: Қасым ханның атасы Тәуекел өліп, оның Ақторғын дейтін әйелі жесір калады. Ақторғын өзі сұлу, келбетті, әрі ақылды болса керек. Қасым ағасының жылы өткен соң Ақторғын жеңгесін әмеңгерлікпен өзі алмақ ойда жүреді. Ал, Ақторғын болса, өзі сүйетін Жолымбет нағашысының бір батыр насат інісімен көңіл қосып жүріп, жүкті боп қалады. Мұны сезген Қасым хан енді бұрынғыдан бетер қаһарланады. Жиембеттің батыр інісі Жолымбетті қарауындағы мың сан қолымен шүршіт соғысына айдайды. Әлгі батыр жігітті зынданға салады. Жиембет биді ойрат соғысынан қолға түскен құлдарға косып, жер аудармақ болады. Хан бұйрығы бойынша Жолымбет батыр өз сарбаздарымен шығысқа аттанып, алты ай дегенде зор жеңіс, мол олжамен оралады. Жүздеген пенде-шүршітті ханға әкеп сыйға тартады. Есім хан бір жағынан Жолымбеттің бұл ерлігіне риза болса да, екіншіден іштей оған деген өшпенділігін тастамайды, қайта өршіте түседі. Бір айтыс тартыста Жолымбеттің көзін жоймақ боп оны әуелі зынданға тастатып, артынан дарға асылсын деп, жұртқа жар салады. Осы жарлықты есіткен Жиембет би дар басына жетеді, сөйтеді де анадай жерде би, батырлар ортасында тұрған Есім ханға тура барып былай деп зәрлі де, қаһарлы жырын термелейді:


Әмірің қатты Есім хан,


Бүлік салып, бұйырдың АЛЛИТЕРАЦИЯ
Басын бер деп батырдың -
Қанын ішіп қанбаққа,
Жанын отқа салмаққа.
Атадан жалғыз мен емес,
Хан ие, ісің жол емес.
Жолбарыстай Жолымбет
Құрбандыққа қол емес.
Жол тосып, алып кетіпті
Қалмақтан алмақ сыйыңды АЛЛИТЕРАЦИЯ.
Қаһарыңды басқалы
Қалың елім жиылды.
Бастап келген өзге емес,
Жиенбет сынды биің-ді.
Малын салып алдына,
Әр саладан құйылды,
Он екі ата Байұлы
Бір Тәңірге сыйынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет