Жиембет жырау осылай дегенде, хан Есім райынан қайтып, дар алдында тұрған Жолымбетті босаттырып жібереді. 81. Шалкиіз жырларындағы афоризмдердің мақал-мәтелдермен үндестігі
Шалкиіз - көбі мақалға айналып кеткен талай афористік сөздердің авторы. Көзі жіті жырау өзінің айтпақ ойын неғұрлым өткір, неғұрлым дәл бере алатын
сөздерді іріктеп қолданады. Және бұл әдепкі, қарабайыр сөздер емес, қынаптан суырған қылыштай айдынды да әсем, өмірге, динамикаға толы образды сөздер. Осының нәтижесінде Шалкиіз сақара жыршылары үшін қолға түсе бермейтін қасиет - аз сөзге көп мағына сыйғызу искусствосына не болған. Қысқалығына, ықшамдылығына қарамастан жырау афоризмдері терең мағыналы келеді.
Шалкиіз феодалдық патриархалдық қоғамның гүлдену дәуірінде өмір сүрді. Жыраудың адам, оны қоршаған орта жайындағы түсінігі сол заманның санасынан елес береді.
«Көптің құрығы ұзын». (Қазір "заңның құрығы ұзын" деп айтылып жүр) Қөптің қолынан бәрі де келеді. Ол жауға айбар, елге қорған. Бұл мақалдың ақиқаттығы әсіресе білектің күші билікші болған ескі жаугершілік заманда ерекше көзге түседі. Бірақ сол көп қайтсе бірігеді? Шалкиіз заманы үшін мұның жалғыз-ақ жөні бар. Ол - туыстық, қандастық. Сондықтан
Шалкиіз «Жалғыздың жағы жоғалса табылмас, рулының оғы қалса табылар» деген мақалдың даналығына бас ұрады:
«Жағаға дұспан қолы тимеске
Артыңда туысқанның көбі игі».
«Белбуардан саз кешсең тобығыңнан келтірмейтін» сол «қамалаған қалың туғанның арқасы».
«Арғымақ атқа көп міндім,
Садаға кетсін буданнан!
Азаматқа көп ердім,
Садаға кетсін туғаннан»- дейді жырау.
Алайда туыстың бәрі бірдей емес, жақсысы бар, жаманы бар.
«Жайыңды білген қарындас -
Ол қарындас, һәм жолдас,
Җайыңды білмес қарындас
Өзі дұспан, өзі қас».
«Қөрінгеннің бәрі бірдей кісі емес», «қырға шықпас жаманның» барынан да жоғы игі. Ондайлардан қашан да аулақ тұрған мақұл.
«Җауынды күні көп жүрме
Жар жағасы тайғақ-ты,
Жаманға жақыным деп сыр айтпа,
Қүндердің күні болғанда
Сол жаман өз басыңа айғақ-ты!»
Җәне керісінше:
«Атаның ұлы жақсыға
Малыңды бер де басың қос,
Бір күні болар керегі».
Җаман кім, жақсы кім - ол жағын жырау онша қазбаламайды. Шалкиіздің түсінігіндегі жаман - жолдасының «басы жауда қалғанда» жан қиюға шыдамай бас сауғалап кетер адам. Ал жақсы -- жолдасын жауға қалдырмас, «тұсында тұлпары тарп ұрып тұратын атайы ер». Сондықтан да бәрін найза мен шоқпар шешкен заманда Шалкиіз азулының, бір де болса бірегейдің құқығын таниды.
«Айдын шүйсең тарлан шүй,
Қөтерілген сона құтылмас,
Җауға кисең берен ки,
Егеулеген болат өте алмас,
Есендікте малыңды бер де батыр жи,
Басыңа қыстау іс түссе
Дұспанның қолы жете алмас».
Бұдан төрт ғасырдан астам бұрын жасаған жыраудың көптеген пікірлері күні бүгінге дейін ескірмеген.
«Алып, алып ал сақын,
Андып жүрген дұспандап жүз сақын,
Күле кіре күңіреніп
Шыққан достан мың сақын»,
деп насихаттаған Шалкиіз досқа адал, дұшпанға мейрімсіз болуға шақырады.
«Дұспанға беліңді шешіп инанба,
Инантып тұрып өлтірер».
Жырау туғызған нақыл сөздердің талайы мақал-мәтелге айналып, Шалкиіз сөзі ретінде емес, ата-баба мұрасы - халық мақалы ретінде жұртшылық санасына
сіңісті болып кетті.
Әркімге-ақ таныс:
«Ақылсыз достан
Ақылды дұшпан артық»:
«Җаманнан туған жақсы бар,
Адам айтса нанғысыз.
Җақсыдан туған жаман бар.
Бір аяқ асқа алғысыз»:
«Җақсылардың өзі өлсе де сөзі өлмейді», -
сияқты мақалдар алғашқыда Шалкиіз аузынан шыққан еді.
Шалкиіз тудырған терең мағыналы, сырлы афоризмдер қаншалық! Тіпті жыраудың жай сөйлегенінің өзі нақылға бергісіз.
Шалкиіз шығармалары өзінен соңғы ұрпақ санасында елеулі әсер қалдырды. Төртғасыр бойына ақын-жыраулар оның афоризмдерін азық етті де, өлең өлшемін
үлгі ретінде ұстады. Шын мәнісінде жыраулық поэзияны жасаушы болған Шалкиіз осы поэзияның бар мүмкіндіктерін сарқа пайдаланып жеріне жеткізе дамытқан еді. Сондықтанда кейінгі жыраулар дидактикасы көбіне Шалкиізді қайталау сияқты болып қана көрінеді. Ал талант, сөзден маржан тізу жағынан тағы тайталаса алмайтынын ескерсек, соңғы заман жырауларының Шалкиіз көлеңкесінде қалатынын көреміз. Қазақ жыраулық поэзиясының гүлдену дәуірі Шалкиіз жырау Тіленшіұлының атымен байланысты.