Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»



бет83/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   97
Байланысты:
хандықт

Сен - сұлтансың, мен - құлмын,
Сен - сұңқарсың, мен - қумын,

Толғауын инабатпен кішік көңілде толғап отырған жырау бірте-бірте қызынғандай шарт сынып, шамырқана түседі, тең сөйлесер тепсінген ер мінезбен өкпе-ызасын, ренішін баттитып батыл айтады:


Жақсыңнан мені кем көрдің,
Жаманыңмен тең көрдің,
Жаманыңмен тең көрсең,
Ұялы бөрікке қос артып,
Сен есенде, мен сауда,
Ырысымды сындайын,
Сегіз қиыр шартараптан іздермін.

Келесі жолдарында Темірге жүрегі шіміркенбестен “Сен кім едің” дегендей өктем тіл қатуы баяндалады. Оны мына тұстан байқауға болады:




Тебінгінің астынан,
Ала балта суырысып.
Тепсінісіп келгенде,
Тең атаның ұлы едің,
Дәрежеңді артық етсе, тәңірі етті.
Темір биді тізгіндеп жуасытып алған жырау кейінгі бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы шумақтарында ақыл, ғибратқа көшеді. Шалкиіз бұл тұста “шамаңды біл, жасық жима, асыл жи” дегендей. Тек толғау соңында ғана тағы да бәсік көңілмен Темірге ақ-адалдығын дамыта, тереңдете түседі.

Жалпы, Темір- Шалкиіздің жебеушісі, қамқоры болса, Шалкиіз – Темірдің мәртебесін өсіріп, жұртты аузына қаратқан жалынды тілі, аузы дуалы абызы. Міне, осындай сыбайлас, қадірлес өскен Темір би кейін сарай маңындағылардың шағыстыруымен Шалкиізді сыртқа тепсе де,жырау оны ұлылай суреттейді. Мұның өзі Темір- Шалкиіз арасындағы ренішті жуып-шаюға елеулі әсер еткен ақыл-айласын да аңғартқандай.


Оны мына жолодардан байқауға болады:


Алп, алп басқан, алп басқан,
Арабы торым өзіңсің.
Жазулы алтын, қол кескен,
Алдаспаным өзіңсің.
Білер де білмес не демес,
Сұлтан ием, сен менің.
Бармай тапқан қағбамсың.
80. Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауын жатқа айтып талдаңыз.

Жиембет әсіресе 1620 жылғы Есім ханның ойрат-қалмақтармен соғысы кезінде ерекше ерлік, тапқырлық көрсетіп, шапқыншы жауды ойсырата жеңіп, бетін кайтарады.[1]. Жиембет жыраудың ересен ерлігі мен әділ де алғыр билік қызметі былай жазылған: "...Ол Есім ханның кіші жүздегі ел басқарушы биі, қолбасшы батыры болған. Қалмақтарға қарсы 1620-27 жылдарғы жорықтарға қатысып ұйымдастырушылық қабілетімен, ерлігімен көзге түскен". Сөйтіп ол үлкен абырой, беделге ие болады. Жиембет бидің Есім ханмен бұл достық қарым-қатынасы ұзаққа бармайды. Екеуінің арасында ел аралық бітімгерлік, жер дауы, жесір дауы кезінде келіспеушілік өрістей береді. Бетің бар, жүзің бар демей, турасын кесіп айтатын қайсарөжет би Есім ханның кейбір озбыр жөн-жосықсыз іс-әрекеттеріне қарсы шығады. Оның бұл мінезі ханға да жаға бермейді. Сөйтіп хан мен бидің арасы суи бастайды. Жиембет ханнан іргені аулақтатып, қол астындағы елге өзінше билік жүргізе бастайды. Мұны білген хан оның соңына түсіп, куғынға салады. Сонда бір кездесуде Жиембет жырау Есім ханға былай депті:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет