Раббани 1 том, 309 хат) Сұрақ: Намаздан кейінгі тəсбихтерді 33-тен артық оқысақ, зияны
бола ма?
Жауап: Намаздан кейінгі тəсбихтерді оқыған кезде 33-ке мəн беру
керек. Діннің əмірлерінде əртүрлі хикметтер бар. Бұл сан дəрінің
мөлшеріне ұқсайды. Дəрі артығымен немесе кем қабылданса, күтілген
нəтижені бермейді. Қазына 33-те. Бір метр ілгері, бір метр кері кетсе
қазына табылмайды. Тəсбихтерді 33-тің орнына көбірек сауап болсын
деп 40 рет немесе одан да көп айту бидғат болады. Мүлдем тəсбих
тартпай кетсе күнə болмайды. Бірақ сүннет сауабынан махрұм қалған
болады.
Сұрақ: Намаз оқығаннан кейін де истиғфар айтамыз. Əр жақсылық
пен ғибадаттан кейін де неліктен қылмыс жасағандай қорқып истиғфар
етеміз?
Жауап: Адам бүкіл жақсы амалдарын, ғибадаттарым кемшілікпен
жасалды, лайықты түрде орындай алмадым деп ойлауы керек! Əбу
Мұхаммед бин Мəназил хазреттері былай деген:
«Аллаһу та’ала Али Имран сүресінің 17 аятында сабыр ететіндерді,
садықтарды, намаз оқитындарды, зекет беретіндерді жəне сəре
уақытында истиғфар ететіндерді мадақтады. Барлығынан кейін истиғфар
етуді білдіргені – адамның əр ғибадатын кемшілікпен көріп, əрдайым
истиғфар айтуы үшін»
Жафар бин Синан хазреттері де былай деген:
«Ғибадат
еткендердің
өздерін
ұнатулары,
пасықтардың
(күнаһарлардың) күнəларынан да жаман жəне зиянды.»
Жақсылық жəне ғибадат еткен кезде төрт жерде қорқу керек:
Бірінші қорқу: Адам бір жақсылық істеген кезде немесе бір ғибадат
істеген кезде, сол жақсылық пен ғибадаттың қабыл етіліп етімегеніне
уайымдап, қорқуы керек! Өйткені Құран кəрімде: «Аллаһу та’ала тек муттəқилердің (тақуалардың) амалын қабыл етеді» делінген. (Маида
27)
Екіншісі рия. Ықылассыз амалдардың қадірі жоқ. Жақсылықты тек
Аллаһ разылығы үшін жасадым ба, əлде басқа жеке пайдамды ойладым
ба, деп қорқуы керек. Тек ықыласпен жасалған ғибадаттың қабыл
етілетіндігі Құран кəрімде білдірілген. (Бəйинə 5)
Үшіншісі – жасалған жақсылықтарды, ғибадаттарды зиянға
ұшыратпай тапсыра алу қорқуы.
Жамандықтар, күнəлар жақсылыққа зиян береді. Олай болса,
жақсылықты, ғибадатты зиянға ұшыратпай орнымен жеткізуге тырысу
керек! Құран кəрімде: «Бір жақсылық əкелгенге он есесі беріледі» делінген. (Əнам 160)
Төртіншісі – жасалған жақсылықпен масқара болу қорқынышы.
Басқаларға жақсылық болып саналған нəрселер, бəлкім жаман ниетпен
жасалған жамандық болуы мүмкін. Жасалған жақсылықтардың зияннан
қорғанып сəттілікке ілесіп ілеспейтіндігінен де қорқу керек! Құран
кəрімде: «Сəттілігім тек Аллаһтың жəрдемімен ғана» делінген. (Худ
88)
Аллаһу та’аланың жəрдеміне қауышу үшін Оның əмірлеріне
бағынып, тиымдарынан сақтану керек. Жамандық немесе қандай-да бір
күнə істегеннен кейін өкіну жəне жақсылық пен ғибадат етуді жалғастыру
керек. Хадис шəрифтерде былай делінген: