Ислам діні сайты


муслимат əл ахийа-и минһум уəл əмуат бирахматика йа



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата21.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#102915
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
муслимат əл ахийа-и минһум уəл əмуат бирахматика йа
архамаррахимин" деп оқыған адам абидтерден (тақуалардан)
болады. Аллаһу та’ала бұл адамның көңілінен кек пен хаседті (көре
алмаушылықты) шығарады. Оған бүкіл мүминдердің санындай
сауап жазылады. Қияметте бүкіл мүминдер: Йа Раббым, бұл құлың
біз үшін истиғфар оқыды. Сен де оны кешір, дейді.» (Мифтахун
нəжат)
Жағдайымызға шүкір етуіміз керек. Мысалы былай деу керек:
Əлхамдулиллаһи алə кулли хал сиуəл куфри уəд далал – күпір
жəне адасушылықтан басқа барлық жағдайымызға хамд, шүкір болсын.
Мынадай бір тіркес те бар: «Əлхамдулиллаһи алə кулли хал уə
Əузу биллəһи мин хали əһлиннар» - Əр жағдайыма Аллаһу та’алаға
хамд болсын. Тозақтықтардың жағдайынан сақтауы үшін Аллаһу та’алаға
сиынамын.
Сұрақ: Дұға еткен кезде қолдар бетке қарама-қарсы иіліп ұсталады
ма?
Жауап: Дұға еткен кезде алақандар бетке қарсы емес, аспанға
қаратылып ашық жəне көкірек тұсында болуы керек.
Қолдар бірге емес, арасы ашылған болуы керек. (Фəтəуə-и
Хиндийа, Дуррул Мухтар)
Əйел дұға еткен кезде қолдарын алға созбайды, бетіне қарсы иіп
ұстайды. Қазір көптеген еркектер осылай əйелдер сияқты дұға етеді.
Сұрақ: Намаздан кейін дұға қай кезде жасалады?
Жауап: Дұға, тəсбихтер айтылғаннан кейін жасалады.
Сұрақ: Бір дұға жаттап əр намаздан кейін оқимын. Зияны жоқ па?
Жауап: Бірдей дұғаны оқыған кезде ойы сергек, зейінді, ықыласты
болу керек. Яғни тақпақ сияқты оқымау керек. Не сұрап жатқанынан
хабары болу керек. Бір дұғаны оқи беру жаиз, бірақ мəнін білу керек.
Тіліңізбен оқып, ақылыңыз басқа жерде болмауы керек. Əр адамның əр
уақытта қалауы, қиыншылықтары бірдей болмайды ғой. Дұғаны қазақша
айтудың зияны жоқ.
Сұрақ: Аллаһумма əнтəссəлəм... тек парыздардан кейін ғана оқыла
ма? Əр намаздан кейін истиғфар оқылады ма?
Жауап: Парыз, уəжіп жəне нəпілдерден, яғни əр намаздан кейін,
сəлемнен кейін "Аллаһумма əнтəссəлəм уə минкəссəлəм табарактə йа
зəл жəлəли уəл икрам" делінеді. Соңғы сүннет оқылғаннан кейін немесе
ең соңғы намаз оқылғаннан кейін үш рет "Əстағфируллаһ əлазыйм
əллəзи лə илаһə иллə һуəл хаийəл қаийумə уə əтубу илəйһ" делінеді.
Одан кейін Аят-əл курси оқылып тəсбихтер тартылады жəне дұға етіледі.
Дұға еткенде, "Йа Аллаһ йа Аллаһ йа хаийу йа қаийуму йа зəлжəлəли
уəл икрам, əсəлука əн тухийа қалби би нури марифатика əбəдəн йа
Аллаһ йа Аллаһ" деп оқу өте жақсы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет