Ислам діні сайты


«Бір күнə істеген кезде дереу артынан бір жақсылық жаса, бір



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата21.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#102915
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Снимок экрана 2023—06—09 в 15.43.48

«Бір күнə істеген кезде дереу артынан бір жақсылық жаса, бір
сауап істе оны жойсын!» (Бəйһақи)
«Қайда, қандай жағдайда болсаң да, Аллаһтан қорқ жəне
жамандықтың артынан бір жақсылық жаса – оны жойсын!»
(Тирмизи)
Құран кəрімде де былай делінген:
«Əлбетте жақсы амалдар күнə мен жаман амалдарды жояды.»
(Худ 114)
Сұрақ: Намаз оқығаннан кейін тəсбих тартпай шығып кету күнə ма?
Жауап: Намаз оқығаннан кейін тəсбих тарту шарт емес, жұмысы
болғандар шығып жұмысына бара алады. Тəсбихты жолда да тартса
болады. Бірақ маңызды жəне асығыс жұмысы болмағандарға міндетті
түрде тəсбих тарту керек. Өйткені намаздардан кейін тəсбих тартудың
құндылығы өте көп.
Имам Раббани хазреттері былай деген:
Намаз оқитын адам Раббымен сөйлесуде, Оған жалбарынуда жəне
Оның ұлылығы мен Одан басқа барлық нəрсенің түк емес екенін көруде.
Сүйікті пайғамбарымыз, «Парыз намаздан кейін 33 тəсбих , 33 тахмид,
33 тəкбір жəне бір тəһлил» айтуды əмір еткен. Бұның себебі, намаздағы
кемшіліктер тəсбихпен жабылады. Осылайша өзінің лайықты түрде
ғибадат ете алмағандығы білдіріледі. Тахмидпен намаз оқумен
мəртебеленудің Оның жəрдемі жəне жеткізуімен екені білініп, осы үлкен
ниғметке хамд етіледі. Тəкбір айтып Одан басқа ғибадатқа лайық ешкім
жоқ екені білдіріледі. (м.304)
Сұрақ: Мешітте намазды оқығаннан кейін дұғаны күтпей
жұмысымызға кетсек, Аят-əл Күрси мен тəсбихтерді жолда оқудың зияны
бар ма?
Жауап: Жұмысы бар адамның дұғаны күтпей кетуі, жолда оқуы
жаиз. Зəру жағдай болмайынша дұға мен тəсбихтерді тəрк етпеу керек.
Аят-əл Күрси мен тəсбихтердің құндылығы көп. Əййухəл Уəлəд
Илмихалындағы хадис шəрифте былай делінген:
«Бір адам намаздан кейін дереу бір рет Аят-əл Күрсиді оқыса,
ол аят Арши а’лаға дейін жетеді жəне сол жерде тоқтамай əрекетте
болып, «Йа Раббым, мені оқыған құлыңды кешір!» дейді. Хақ та’ала


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет