Тəсбих тарту сүннет Сұрақ: Намаздан кейін Субханаллаһ, Əлхамдулиллəһ, Аллаһу
əкбар деп тəсбих тарту бидғат па?
Жауап: Ижмамен бекітілген муəккəд сүннет. Тəсбихтерді саусақпен
санау жəне тəспі қолдану жаиз. Расулуллаһ бір əйелдің тəсбихтерді
дəнмен санағанын көрген бірақ тиым салмаған. Бұл да тəсбихтерді
таспен, дəнмен жəне тəспімен санаудың жаиз екендігін көрсетеді.
(Рəддул Мухтар) Құран кəрімде «Бақийатус салихат» (тұрақты қалатын жақсы істер)
деген сөз өткен. Расулуллаһ былай деген:
«Бақийатус салихатты көп айтыңдар. Бұлар: тəсбих, тəхлил, тахмид, тəкбір жəне тəмжид.» (Табарани)
(Тəсбих – Субханаллаһ, тəхлил – Лə илаһə иллаллаһ, тахмид -
Əлхамдулиллəһ, тəкбір – Аллаһу əкбар, тəмжид – Лə хаула уəлə қууата
иллə биллəһ деген сөз.)
Бүкіл күнəлары кешіріледі Хадис шəрифтерде былай делінген:
«Əр намаздан кейін 33 Субханаллаһ, 33 Əлхамдулиллəһ, 33 Аллаһу əкбар, одан кейін "Лə илаһə иллаллаһу уахдəһу лə шəрика лəһ лəһул мулку уə лəһул хамду уə һуə алə кулли шəйин қадир"
деген адамның теңіз көбігі мөлшеріндей күнəсы болса да кешіріледі.» (Мүслим)
«Саусақ ұштарымен санап тəсбих пен тəхлилді тұрақты оқыңдар. Қияметте əр мүшеге қатысты есеп сұралады жəне саусақтар үшін тəсбихте қолданды делінеді. Ғафил болған адам мейірімнен ұзақ қалады.» (Хаким)
«Тəкбір, тахмид, тəсбих жəне тəхлил себебімен мұсылман болып қартайған адамнан жақсысы жоқ.» (И.Ахмед)
Кедейлер, «Йа Расулаллаһ, байлар дəреже мен ниғмет тұрғысынан
бізден озды. Біз намаз оқимыз, олар да оқиды. Біз ораза тұтамыз, олар
да тұтады. Бірақ олар зекет, садақа береді, құл азат етеді, біз бұларды
орындай алмаймыз» деген кезде, сүйікті пайғамбарымыз:
«Сендерден үстем болғандарға жете алуларың үшін, сендерден төмен болғандарды өте алуларың үшін жəне сендер жасаған