Ислам діні сайты


сияқты жасағандардан басқа, сендерден үстем бол алмайтын бір



Pdf көрінісі
бет10/15
Дата21.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#102915
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Снимок экрана 2023—06—09 в 15.43.48

сияқты жасағандардан басқа, сендерден үстем бол алмайтын бір
нəрсе үйретейін. Əр намаздың соңында 33 рет Субханаллаһ, 33 рет
Əлхамдулиллəһ, 33 рет Аллаһу əкбар, бір рет "Лə илаһə иллаллаһу
уахдəһу лə шəрика лəһ лəһул мулку уə лəһул хамду уə һуə алə
кулли шəйин қадир" деп айтыңдар!» деді. Кедейлер, «Байлар да біз
сияқты тəсбих тартып тағы да бізден озады» дегенде, Расулуллаһ:
«Бұл Аллаһу та’аланың жақсылығы, қалаған адамдарына
береді» деді. (Əбу Дауд)
Имам Раббани хазреттері былай деген:
Намаз оқитын адам Раббымен сөйлесуде, Оған жалбарынуда жəне
Оның ұлылығы мен Одан басқа барлық нəрсенің түк емес екенін көруде.
Сүйікті пайғамбарымыз, «Парыз намаздан кейін 33 тəсбих , 33 тахмид,
33 тəкбір жəне бір тəһлил» айтуды əмір еткен. Бұның себебі, намаздағы
кемшіліктер тəсбихпен жабылады. Осылайша өзінің лайықты түрде
ғибадат ете алмағандығы білдіріледі. Тахмидпен намаз оқумен
мəртебеленудің Оның жəрдемі жəне жеткізуімен екені білініп, осы үлкен
ниғметке хамд, шүкір етіледі. Тəкбір айтып Одан басқа ғибадатқа лайық
ешкім жоқ екені білдіріледі. (м.304)
Күнə істеген адам бұл əмірлер мен тиымдардың иесінің ұлылығы
мен кибрийасын ойланғанда, Оның əмірлеріне қарсы келмейтін еді. Күнə
істеуі Оның əмірлері мен тиымдарына мəн бермегенін көрсетеді. Мұндай
нəрседен Аллаһу та’алаға сиынамыз. Тəнзих кəлимасын (яғни жоғарыда
жазылған тəсбихты) көп оқу арқылы бұл құсыр кешіріледі.
Истиғфар ету – күнəлардың жабылуын, кешірілуін сұрау деген сөз.
Тəнзих кəлимасын оқу болса күнəнің жойылуын сұрау деген сөз. Екеуінің
арасы жермен аспандай.
Субханаллаһ – таң қалдыратын бір сөз. Айтылуы өте қысқа.
Мағынасы мен пайдалары өте көп.
Тахмид (əлхамдулиллəһ) сөзін көп оқу арқылы Аллаһу та’алаға
шүкір етілген болады. Ол берген ниғметтердің шүкірі орындалған
болады.
Тəкбір (Аллаһу əкбар) сөзі Аллаһу та’аланың құлдар жасаған
шүкірлерден өте жоғары екендігін, Оған лайық шүкір орындала
алмайтындығын көрсетеді. Өйткені Оған жасалған истиғфарлар кешірім
сұрау болғаны үшін көп истиғфар ету керек.
Хақ та’алаға лайықты хамд тек Оның тарапынан орындала алады.
Сол себепті Ол Саффат сүресінің соңында «Субхана Раббика...» деген.
Өзін есепке тартқысы келген адам, осы аяти кəриманы көп оқуы керек!
Осылайша истиғфар мен шүкір еткен болады. Истиғфар мен шүкір ете
алмағандығын жəне кемшіліктерін де білдірген болады. (Мəктубати


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет