Ислам және өнеге
сөйлейтіндерді Аллаһ тағала ұнатпайды», – деп мейлінше
ұғынықты әрі анық сөйлеуге шақыратын
39
. Қандайда бір
көпшіліктің арасында сөз сөйлеудің жолы әуелі жасы
үлкен кісіге тән екендігін білдіретін. Бірде көпшіліктен
сұралған оқиғаны сол жердегі жасы ең кіші Абдуррах-
ман ибн Сәхл бірінші болып айтуға оқталғанда: «Сөзді
жасы үлкенге бере ғой»
40
, – деп еді. «Өзіне (тікелей)
қатысы жоқ нәрселерге көңіл бөлмеуі – кісінің жақсы
мұсылмандығын байқатады»
41
, – деп, өзіне қатысты
емес әңгімені тыңдауға құмартпауға баулитын. Насихат
сұрап келген адамға: «Ертең жерге қаратып, кешірім
сұрауға мәжбүр ететін сөзді айтпа»
42
, – деп, жан-жақты
ойланып барып сөйлеу керектігін меңзеген. Сахаба-
лардан Осман ибн Мазун қайтыс болғанда, әйелінің
«Жаннатың құтты болсын, Османым» дегенін құлағы
шалып қалғанда, «Мен пайғамбар бола тұра, ақыреттегі
өз жағдайымды біле алмаймын. Сіз қалай білесіз?!»
43
–
деп, ойланбай сөйлей салуға болмайтындығын сездіріп
еді. «Кім маған екі ұрты мен екі санының арасындағы
мүшелеріне ие бола алатындығына кепілдік берсе, мен
де оның Жаннатқа баратынына кепілдік беремін»
44
,
– дегенде де адамды байқамастан ең көп күнәға
итермелейтін қылық зинақорлық пен тілден келетін ке-
сел екеніне көңіл аудартқан. Естір құлаққа жағымды сөз
айтудың садақаға, сауапты амалға жататындығын жиі
айтатын
45
. Сүлеймен пайғамбар бірде «Құдай қаласа»
39
Әбу Дәуіт, Әдаб, 94..
40
Бұхари, Жизия, 12.
41
Тирмизи, Зүһд, 11.
42
Ибн Мажа, Зүһд, 15.
43
Тирмизи, Бирр, 40.
44
Бұхари, Риқақ, 23.
45
Бұхари, Әдаб, 34.
31
Адами мінез – арға сын
деп айтпағандықтан бір ісі орындалмаған екен
46
. Осы-
ны әңгімелеп әрі Құранның
«Мен мына істі ертең істеймін демеңдер, «Құдай
қаласа» деп қана айтыңдар»
47
деген аятын түсіндіріп,
сөз сөйлегенде, мұсылмандық әдеппен «Құдай
бұйыртса» деп айтуға дағдыландыратын. Өйткені
Аллаһ қаламайынша, ешбір істің орындалмайтындығын
түсіндіретін.
Пайғамбарымыз сөз сөйлеуге осыншалықты
жауаптылықпен қарағандықтан, сахабалар да бұған
қатты көңіл бөлетін болды. Тіпті керек кезде ғана
сөйлеуге дағдылану үшін жай уақытта аузына тас са-
лып алатындары да кездесті. Сөз сөйлеудің үлкен
нығмет екенін, аузынан шыққан әр сөзге ертең о
дүниеде есепке тартылатындығын білгендіктен бос
сөз, бөстекі әңгімелерге салынбауға тырысты. Осы
ұстаным келе-келе Әбу Бәкір (р.а.) сынды тақуалықта
заңғар тұлғалардың «Аллаһ разылығы үшін айтылмаған
сөзде қайыр жоқ, Аллаһ разылығы үшін жұмсалмаған
байлықта қайыр жоқ» деп ой қорытуына себеп болды.
Али (р.а.): «Жүрек таза болғанда ғана тілден оңды сөз
шығады», – деп, сөздегі дұрыстық – жүректегі иманға,
тілдегі зікір – ойдағы пікірге байланысты екенін
меңзеген. Кісі жайшылықта нені көп ойласа, айтаты-
ны да сол болатындығын тұспалдап, ойды таза ұстау
қажеттігін тілге тиек еткен. Құдайға ғашық боп өткен
сопылардың да бір ұстанымы «Не Аллаһ туралы айт,
не Аллаһтың бізге айтқанын айт» болғаны тегін емес.
46
Бұхари, Әйман, 3.
47
«Kәһф» сүресі, 23-24.
32
Ислам және өнеге
Бұл ұстаным Пайғамбарымыздың «Аллаһты еске сал-
майтын сөздерге көп үйір болмаңдар. Зікірден тыс
сөздер жүректі қатайтады. Аллаһтан ең алыс адамдар
– жүрегі қатты адамдар екені даусыз»
48
деген хадисінен
туындағаны анық.
Сөз сөйлей білудің мәдениеті кең. Айталық,
басқаларды тыңдай білу де өнер. Өйткені «сөздің жар-
тысы – айтушынікі болса, жартысы – тыңдаушынікі»
деген бар. Сол саланың маманы болса бір сәрі, кей
кісілердің тек мен ғана сөйлейін дегендей омыраулап
оңайлықпен сөз бермеуі білгішсінгендей жағымсыз
әсер қалдырады. Ондай адамның сөз алғанын ел ендігәрі
қаламасы анық. Әбу Бәкір (р.а.) бұл жайында: «Сені
тоқтатқанша сөйлегеніңнен гөрі – сені сөйлеткенше
үндемей отыруың әлдеқайда артық», – деген екен.
Бұған қоса, өзіне қызық болғанмен өзгелерге
қызықсыз тақырыпты сөз етіп отырып алу да отырған
жұртты мезі етеді, әрі сөйлеушінің мәдениетінің
төмендігін аңғартады. Сол себепті баршаға ортақ
тақырып таңдай білген дұрыс.
Отырғандардың деңгейімен санасу, бәріне түсінікті
тілмен жеткізе білу де өте маңызды. Ғалым кісімен
әңгімелесу сауаты жоқ адаммен әңгімелескендей
болмасы анық. Сөз арасында түсініксіз ұғымдардың
көбейе беруі тыңдаушыны тез жалықтыратынын
есте ұстау керек. Бұған қоса, жүрекпен айтылған
сөздің ғана жүректерге жететінін қаперге алған
абзал. Кейбіреулердің бір сарынды, тым селқос
баяндаған әңгімесі қанша мағыналы болса да, бо-
яуы сұрықсызданып, көңілді бір серпілтіп тастауы
екіталай.
48
Тирмизи, Зүһд, 62.
33
Адами мінез – арға сын
Көп сөйлеу емес, дөп сөйлеу ғана ақылдылыққа
жатады. Қысқа қайырып, тоқетерін ғана айтатын жер-
де кей кісілердің орынсыз көсіліп, сөзді сағызша созуы,
тыңдарманның құлағын жауыр ететінін есте ұстаған
жөн.
Тыңдарманға пайдасы тиетін, ойлы көңілден
туған сөз болса ғана айтуға дағдыланған дұрыс. Кей
кісілердің мән-мағынасы жоқ, пәтуасыз сөзге салы-
нуы тыңдармандардың алтын уақытын текке кетіреді.
Сөз тыңдауға бөлген уақытына тыңдармандар өкінбеуі
тиіс. Ондайда көпшілікте «Қап, осы уақытымды одан
да басқа бір пайдалы іске жұмсасамшы» деген өкініш
туып, санын соғып қалуы бек мүмкін. Сол себепті
біреудің уақытын алудың да сұрауы барын ұмытпаған
жөн. Өнегелі, мазмұнды сөз айту турасында Жетес
бидің айтқаны бар:
Адамның сәні – өнер, білім, ақылы,
Жердің сәні – жеміс, өнім, дақылы,
Сөздің сәні – өнегелі нақылы.
Пікірдің сәні – ойландырар мақұлы!
Сөз арасында «әлгі», «жаңағы», «бағанағы», «со-
сын», «яғни» деген секілді бір сөзді үздіксіз қайталай
беру де сөйлеушінің кемшілігіне жатады. Сондай-ақ
сөз арасын бөтен сөзбен былғап, тілді шұбарламай,
шұрайлы тіркестер қолдана білу кісінің ділмарлығын
көрсетеді. Тыныстауға демі жетпей қалатын науқас
секілді ойын айтуға әлсін-әлсін тілі жетпей қалатын
сөзге шорқақ адамды тыңдау мен сөзге бай, тілге шешен,
ойы жүйрік адамды тыңдау бірдей әсерге бөлемейтіні
анық. Сөз маржанын тере білген ақын ағамыз Мұқағали
бір өлеңінде:
Тіл өнерін, сиқырлы сөз өнерін,
34
Ислам және өнеге
Оңбайсың сөз өнерін тежегенің!
Тілден алмас жоғалса, сөзден қанжар,
Бұл тірліктен бір күнде безер едім... – деп, тіл
қасиетін дұрыс парықтай алмай, сөз нарқының мәнін
қашыратындарға қатты қынжылатындығын ұқтырған.
Кереңге айтып тұрғандай қатты дауыстап не
мылқауға айтып тұрғандай тым сыбырлап сөйлеу
де кісіге жараспайды. Сондай-ақ тыңдарманның сөз
тыңдауға қаншалықты құлықтылығын сезе білу де аса
қажет. Неге десеңіз, құлықсыз я сөз түсінбейтін адамға
әңгіме айту далаға айтылған сөзбен тең. Қанша ақылды
сөз болғанмен, ол оның қадірін ұқпайды. Бұл туралы
айтқан Абай атамыздың сөзі қандай мағыналы:
Уәзінге өлшеп тізілген.
Қайран тіл, қайран сөз,
Наданға қадірсіз...
Сөз сөйлеу әдебіне бұдан басқа әдепті істер: үлкен
кісінің сөзін бөлмеу, екі адам арасында әңгіме тасып,
бірді-бірге шағыстырмау, сыр сақтай білу, әуелі аманда-
спай тұрып сөз бастамау, дөрекі сөйлемеу, тілді балағат
сөздерге үйретпеу, ешкімнің көңіліне жара салмау, сы-
пайы сөйлеу, өзің жақсы білмейтін жайтты сөз етпеу,
айтқан уәдеңде тұру, өтіріктен аулақ болу т.б. жатады.
Қорыта келгенде, адамдық қасиеттерді кемелдендіре
түсуде дұрыс сөйлей білуге көңіл бөлудің орны ерек-
ше. Өйткені ол – адамның ішкі жан дүниесінің айнасы.
Жүрек тазалығы мен ой тұнықтығының, мәдениеттілік
пен кісіліктің белгісі, арабтарша айтқанда «ақылдың
таразысы».
Атам қазақ: «Кісіні аузындағы сөзінен таны», – деп
бекер айтпаса керек.
35
Ж
Достарыңызбен бөлісу: |