Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет1/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707



ИсЛАМ
 
және 
өнеге
Құдайберді Бағашар
Алматы, 2010


УДК 28
ББК 86.38
Б 13 
Пікір жазған: Оңғар өмірбек 
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  
баспасөз хатшысы
 Бағашар Қ. 
Б 13 
Ислам және өнеге - Алматы; «Көкжиек-Б» 
 
баспасы, 2010. – 224 бет.
ISBN 978-601-7271-08-4
Имандылықтың тамырын Исламнан іздеп, бүгінгі 
күннің  өміршеңдігімен  танылған  тақырыптарын 
бүкпесіз сөз еткен дінтанушы Құдайберді Бағашар бұл 
еңбегінде  «өмір»  атты  кеңістіктің  галлереясын  түзіп, 
рухани  құндылықтармен  сусындауға  шақыратын, 
оқырмандарға ой саларлық туындыларын ұсынады. 
Еңбек жалпы оқырман қауымға арналған.
УДК 28 
ББК 86.38
ISBN 978-601-7271-08-4
© «Көкжиек-Б» баспасы, 2010


3
П
ікір
Еліміз еңсесін тіктеп, сансыз мұраларын түгендей 
бастаған уақытта арамызға нұрын шашып қайта оралған 
Исламның иісі елге қайта сіңе бастады. Сонау ерте за-
маннан  қазақы  дәстүрімізбен  біте  қайнасқан  асыл 
дінімізден  кеңінен  мағлұмат  беретін  әдебиеттеріміз 
көбейіп,  адам  жанын  ізгілікке  тәрбиелейтін  діни 
кітаптарды  діннің  діңгегіне  сүйеу  болам  деген  кез 
келген  азаматтың  қолынан  кезіктіресіз.  Бұл  тұрғыда 
Қазақстан  мұсылмандары  діни  басқармасның  білікті 
қызметкерлерімен қатар дінтанушы, исламтанушы аза-
маттар  да  бірқатар  ауқымды  еңбектер  жазып  келеді. 
Осындай игі шаралардың арқасында Исламның елімізде 
қарқынды дамып келе жатқанынан көзі ашық, көкірегі 
ояу жұртшылық хабардар.
Дінтанушы  Құдайберді  Бағашар  бұдан  бұрын 
«Көкжиек» баспасынан жарық көрген «Тағылым там-
шылары»,  «Исламдағы  бала  тәрбиесі»,  «Исламдағы 
тазалық»  кітаптары  арқылы  оқырман  қауымға  жақсы 
таныс.
Бұл  жолы  оқырмандардың  алдына  сый  табақтай 
тартылып  отырған  кітабы  ғибраты  мен  тағылымы 
мол  пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (с.а.с.)  мұхиттай 
терең мәнді ғұмырынан сыр шертеді. Адам баласының 
пәнидегі күнделікті күйкі тіршілігін, мінез-құлқы мен 
рухани  қасиеттерін  сөз  ете  отырып,  Ислам  әлемінің 
нұрлы  шуағы  мен  барша  адамзаттың  ізгі  арман-
мақсаттарынан ой қозғайды.


4
Ислам және өнеге
Иә,  кітап  барша  адамзаттың  ізгі  армандары  мен 
мақсаттарынан, рухани құндылықтарынан ой қозғайды 
дедік.  Әлқисса,  сөзімізді  автордың  «Ислам  және 
өркениет», «Иман және халық», «Жас қазақ» газеттері, 
«Иман» журналы сынды мерзімді баспасөз беттерінде 
жариялаған мазмұны терең мақалаларына көз жүгіртіп, 
сарабдал талдау-пікірімізбен толықтырып көрейік.
Кітапта  баян  етілген  «Ілім  үйреніңіздер,  ілімге 
қажетті  байыптылық  пен  байсалдылықты  да  қоса 
үйреніңіздер.  Сіздерге  ілім  үйреткен  кісіні  құрмет-
теңіздер,  сыйлаңыздар»  деген  хадистің  қатпарларын 
ашып қарасақ, ұстаздың адам жанына ізгіліктің нәрін 
егуші  ұлы  тұлға  екеніне  тағы  бір  рет  көз  жеткізе 
түсеміз. Оның алдынан тәлім алған шәкірттер ертеңгі 
күні үлкен азамат, ғұлама ғалым, сөз зергері, темірден 
түйін  түйген  ұста,  күйші,  әнші  болып  өмірден  өз  ор-
нын тауып, дария ғұмырдың айдынында қанат қаққан 
құстай тізіліп ұша бермек.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден  балаға,  –  деген  данышпан  Абай  сөзі 
кітап  мазмұнын  аша  түскендей.  Ендеше,  зор  биіктер 
мен  белестерді  бағындырған  әрбір  адам  ұстаз  алдын-
да қарыздар. Нағыз сыпайылық пен сыйластықтың сы-
рына  кітаптағы  мына  бір  салиқалы  әңгімеден  қаныға 
түсесіз.
Имам  Шафиғи  бір  малшыны  көргенде,  орны-
нан  ұшып  түрегеліп  ілтипатпен  құрмет  көрсетеді. 
Мұның  мәнісін  сұрағандарға:  «Қанша  жылдар  бойы 
іздеген сұрағымның жауабын осы кісі айтып, үйретіп 
еді.  Бір  рет  болса  да  ұстаздық  еткен  адамға  құрмет 
көрсетуді өзіме міндет деп білем» деген ұлы тұлғаның 


5


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет