Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ Қайрат ж о л ды ба й ұ л ы



Pdf көрінісі
бет1/24
Дата03.03.2017
өлшемі8,77 Mb.
#6782
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

ИСЛАМ  МӘДЕНИЕТІ МЕН  ВІЛІМІН ҚОЛДАУ ҢОРІ
Ацицат шуагы 
&
Кудікпен курес

ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ МЕН БІЛІМІН ҚОЛДАУ ҚОРЫ
ИМАНИ ГҮЛ
ҚАЙРАТ Ж О Л ДЫ БА Й Ұ Л Ы
А лматы , 2011

УДК 28 
ББК 86.38 
Ж 69
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 
сараптау комиссиясы 
м а к ¥ л Даға н
Ж олдыбайұлы Қ.
Ж 69  Имани гүл -  Алматы;  2011  -  384 бет.
ISBN 978-601-278-462-6
Исламтанушы  Қайрат  Жолдыбайүлының  бұдан 
бұрын  бірнеше  рет  басылған  «Ақиқат  шуағы»  жэне 
«Күдікпен  күрес»  атты  кітаптары  біріктіріліп,  қайта 
өңделіп,  «Имани  гүл»  деген  жаңа  атпен  жарыққа  шығып 
отыр. Кітапта иман негіздері мен бүгінгі қоғамды мазалап 
жүрген  түрлі  күрделі  сауалдардың  түшымды  жауаптары 
қамтылған.  Еңбек көпшілік қауымға арналған.
Ислам  мәдениеті  мен  білімін  қолдау  қорыньщ  сыйы 
ретінде тегін таратылады.
УДК28 
ББК 86.38
ISBN 978-601-278-462-6
© «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры», 2011

I M J U L
vtT-&P7v‘ • -гШікШіҺІ  ...
, -
- I ) H W ' ’  ■■  р  
■■*■  ''~ -« 'Т  
% ' Г * 1 ( М і £ $   :  * .  
V ? ! *  
•   ?   '.-.: Ш
:
**  I •  кЗк ‘К
4
| .   '^
^
Н
і Ң
і й
Й
і
#ІІ! 
ill
І
J   ^КІРІСПЕ
V . ; ,, 
.
if* 
.  і З  
mfbST
 
К \ . I  11 
ман не 
іісм 
m ; i k i a y i . i p
^ ' • Ж
м   V
jim
 
Раббымыз 
Л.ч.чаг;» 
i апп
тән.  Адамзаттың  ұлы  ұстазы  эз 
Пайғамбарымызға 
(с.а.у.) 
сэлем 
жолдап,  сансыз  салауат  айтамыз. 
Сондай-ақ  Алла  елшісінің  пэк  от- 
басы  мен  ардақты  асхабына  Жарат- 
қанның жақсылығын тілейміз.
Ш  т' ш
tnew
' V

ИМАНИ ГҮЛ
Иман  -   ақыл  мен  журектің  келісіп  туйген  ортак 
нэтижесі  мен  ар-ожданның  күба-құптаған  жемісі.  Иман
-   адам  баласьгн  екі  дүниеде  де  бақытты  ететін  ғажайып 
тылсым  қазына.  Үлы  Жаратушы  эу  баста  адамды  айна- 
ласына  карап  ¥ л ы   Иесін  тапсын,  танысын,  иман  стсін, 
Жаратушысының кұдіретінің,  ұлылығының, шеберлігінің 
алдында тан  калып  бас  исін деп мына дүниеге жіберген. 
Демек,  Иман  -   адамның  жаратылуының  мзн-мағынасы, 
мына  дүниеге  жіберілуіндегі  асыл  максүты.  Міне, 
адамның  жаратылуының  негізгі  мақсұты  ¥ л ы   Иесін 
табу 
болғандыктан, 
оған 
басқа 
жаратылыстардан 
ерекшелендіріп  «щып-ой,  сана»  берілген.  ¥ л ы   Жарату­
шы  айналамызды  қоршаған  мына  жалпы  ғаламды  Өзін 
танытатын ғажайып алып кітап іспетті жаратқан.  Ондағы 
эрбір  жаратылыс  оқи  білген  адам  үшін  өз  болмысы- 
мен,  бойында  мөрленген  ғажайып  нақыштарымен  ¥лы  
¥стасын меңзеп тұр.  Адам ооы ғалам деген кітаптын, сы- 
рын  тұсініп  оқи  білсе,  онда  сөзсіз  ¥ л ы   Иесін  тапқаны. 
Сондықтан  Алла  Тағала  соңіы   пайғамбар  Мүхаммедке 
(с.а.у.)  түсірген  алғашқы  аятта:  «Икра...»  яғни,  «Оқы! 
жаратқан Раббынныц атымен», -  деп көз алдымыздағьт 
осы жаратылыс кітабын окуды бүйырғаи.
¥ л ы   Жаратушымыз  бізге  рақым  етіп,  мейірімділік 
жасап осы алып кітапты катесіз түсінуіміз үшіи жер бетіне 
пайғамбар жіберіп, кітап түсірген. Қүран осы бір ғажайып 
«галам» атты кітаптың түсіндірмесі мен мэн-мазмұны бол- 
са,  Мүхаммед  (с.а.у.)  оны  адамдарға  түсіндіруші  үстазы 
болмақ.
Қүрметті  окырман  қауым!  Осыдан  бірнеше  жыл 
бұрын ислам дініндегі иман негіздерін қамтыған «Акиқат 
шуағы»  мен  түрлі  шүбэлі  сұраісгарга  жауап  ретінде 
жазылған  «Күдікпен  курес»  аты  кітаптарым  жарыкқа 
шығып,  окырманга  жол  тартқан  еді.  Күдіктен  арылып,
4

ИМАНИ ГҮЛ
имани  гүлге  кол  жеткізу  адамзаттың  басты  мақсаты 
болғандықтан,  аталған  екі  кітап  та  оқырманның  мол 
сүранысына  ие  болып,  бірнеше  кайтара  басылды.  Мүны 
кіталтың  кемелдігінен  емес,  халқымыздың  руханиятқа 
деген  құштарлығынан деп түсіндік.  Алайда жиырма бес 
мыңға жетер жетпес аз ғана таралымныц ұзақ жылдар бойы 
ислам бұлағынан жырак ғұмыр кешкен халқымыздың, ру- 
хани  азығын  іздсп,  шол  қысқан  эрбір  казак  баласының 
қолына  тимегені  айтпаса  да  түсінікгі.  Mine  бұл  жолғы 
басылымда  осы  екі  кітап  біріктіріліп  «Имани гүл»  деген 
жаңа  атпен  Елбасыньщ  қолдауымен  ашылған  «Ислам 
білімі  мсн  мәдениетін  колдау  коры»  тарапынан  кайта 
жарыққа шығып отыр.  Кітаптын «Имани гүл» деп агалуы 
данышпан Абайдың мына бір өлең шумактарымен байла- 
нысты:
Махаббатпен жаратқан адамзатгы,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тэтті.
Адамзаттың бэрін сүй бауырым деп,
Және хақ жол осы деп эділепі.
Осы үш сүю болады ИМАНИ ГҮЛ,
Иманның асылы үш деп сен тахқик біл.
Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ,
Басты байла жолына, малыц түгіл.
Хокім  Абай  мұнда  пенденің  әуелі  жаратқан  иесі 
Алланы,  сосын  барша  адамзатты  жэне  эділеттікті 
сүюді,  яғни  осы  үш  ұлы  сүюдің  жиынтығын  «има­
ни  гүл»  деп  атағанын  көреміз.  Шындығында,  иман 
акиқаты  осы  уш  махаббаттан  тарайды  десек,  артық 
айтқандық  емес,  Кейбір  ғалымдардын  Абай  өлендерін 
колжазбадан  окығанда  бүл  сөзді  «имани  күл»  -  «толыц 
ішаи»  деп  транслитерациялаған  дұрыс  деген  пікірі  де 
осыны  аңғартса  керек.  Демек,  «Имани  гүл»  бұл  кемел
5

ИМАНИ ГҮЛ
иманға  айтылған  сез.  Алла  елшісінің  (с.а.у.):  «Иман 
ет пейіпш е ж умаққа кірмейсіцдер, ал бір-біріңді жақсы 
көрмейінше  к&чел  им ат а  қол  ж еткізе  алмайсыңдар» 
деген  хадисінен  осы  «Имани  гүлдің»  жұпар  исі  авдып 
түрғанын сезу қиын смес. Кітапта қамтылғаи такырыптар 
негізінен  иман  төңірегінде  болғандыктан,  оған  осы  атты 
беруді жөн көрдік.
Әсілінде,  иман  безбені  -   махаббат.  Иман  бүл  тек 
тілдің  ұшымен  айтыла  салатын  жай  сөз  я  болмаса  діки 
рәсімдерді орындаумен ғана өлшенетін жеңіл дүние емсс. 
Оны да кемеңгер Абайдың өзі:
«Алла деген сөз жеңіл,
Аллаға ауыз кол емес.
Ынталы жүрек, шын көңіл,
Өзгесі хаққа жол емес.
Дененің барша қуаты 
Өнерге салар бар күшін.
Жүректің ақыл суаты,
Махаббат кылса тэңірі үшін»- деп түйген.
Рас,  адамның  жүрегіндегі  Аллаға деген  махаббаты, 
көкірегіндегі  барша  жаратылысқа  деген  мейірімділігі 
мен  жанашырлығы  каншалық  терең  болса,  иманы  да 
соншалық  кемел.  Ол  қаншалык  таяз  болса,  иманы  да 
сондай  жүтан.  Олай  болса,  адамзат  осы  «имани  гүлге» 
Кол  жеткізгенде  ғана  жаһанды  жайлаған  жауыздық  мен 
қатігездіктен арылып, шынайы бақытқа кол жеткізеді.
Алланы  сүю үшін  Оны  жақсы танымақ керек.  Ойда- 
ғы түрлі  шүбэ,  күдіктен арьшмак ләзім.  Алланың құдірет 
каламынан  шықкаи  «Галам»  атты  алып  кітапты  оқу 
аркылы  ¥ л ы   Жаратушының  шеберлігі  мен  шексіздігін, 
қүдіреті мен құзіретін, теңдессіз өнері мен өлшеусіз білім 
иесі екенін мойындау кажет.
6

ИМАНИ ГҮЛ
Адам  баласы  өзін  жоктан  жаратып,  айналасындагы 
барша жаратылысты кызметші етіп берген ¥л ы  Алланыц 
пендесіне  деген  махаббатын  сезінуге  тиіс.  Сонда  «Ма- 
хаббатпен  жарапщан  адамзатты,  сен  де  суй  пл  Алла­
ны  жәннан  тәтті»  деген  байламға  келеді.  Ерікті  түрде 
қүлшылыққа жугіреді.
Терен  иманға  қол  жеткізген  кісі  Алланың  жалпы 
жаратылысқа  деген  мейірімінен  үлгі  алып,  мейлінше 
мейірбан  болуға  ұқсап  бағады.  Өзі  қанша  рет  күнэ  жа- 
саса  да,  дерсу  жазаламай,  тэубе  етуі  үшін  мүрсат  беріп, 
кешірім  жасаған  ракым  иесі  Раббысын  ойлағанда,  пен- 
де  ретінде  өзгелердің  де  жаза  басып,  жаңылыс  кеткен 
қателіктерін кешіруге ұмтылады. Осылай жасау жоғарыда 
Абай айткан «әділдікті сүюдіц» нәтижесі. Себебі біз өзіміз 
кателескенде Жаратқанньщ кешіріміне ынтызар боламыз. 
Ал  біреудің  алдында  ағаттык жасасақ,  оның да кешкенін 
күтеміз.  Ендеше,  біздің  де  баскалардыц  кателіктері  мен 
кемшіліктерін кешіре білуіміз бұл нағыз эділдік.  Сондай- 
ақ, өзіміз үшін тілегенді айналамыздағыларға да тілей білу
-  бүл да оділдік. Біз өзіміз үшін кеп жақсылықты тілейміз. 
Қиыншылықтан тезірек кұтылуды, жаманшылықтан аулак 
жүруді де қалаймыз. Ендеше, басканың, қиналғанын көріп 
сенің  де  жүрегің  киналса,  ар-ожданыц  сыздаса  бұл  да 
эділдікті сүю болмак. Мүндай эділдіктің адам жүрегіндегі 
махаббаттан туындайтыны айтпаса да түсінікті. Осы түста 
Алла елшісінің (с.а.у.):  «Өзің үшін жақсы корген нәрсені 
басқалар  үшін  дс  жақсы  кормейіпше  кемел  иманга 
ж ете  алмайсыңдар»  деген  мүбэрак  хадисі  ойға  орала- 
ды. Олай болса, Абайдын эділдікті сүюді «ітани гүл» деуі 
тегін емес.
Иэ,  «имани  гүлге»  жеткен  жан  Тэңірі  үшін  барша 
адамзатты гүл-тікеніне карамастан жақсы көреді.  Ең бол- 
маса жанашырлық танытып,  аяушылық  білдіреді.  Себебі
7

ИМАНИ ГҮЛ
бэрі Алланың жаратқаи туындысы болмақ.  Тағы да Абай- 
ша  айтсақ:  «Жүректің  ақыл  суаты,  Махаббат  цылса 
т щ ірі  үшін».  Себебі  раушан  гұлдін  жүпар  исіне  ынтык 
жан  оныц  тікеніне  де  шыдайды.  Жаратьтлыс  суретіндегі 
эрбір  көлеңкеніц  негізгі  бейнені  айқындап  тұрганып 
көрсді.  Ақырында  Алла  ұшін  Оныц  жаратқан  орбір  ту- 
ындысына мсйірім  көзімсн  қарайды.  Сондықтан  ол  адам 
түгіл жан-жануар, құрт-құмырсқаға да мысқалдай да зия- 
нын тигізбейді.
Иман  шуағына  шомған  адам  мына  дуниеден 
кейін  екінші  бір  дүниенің  бар  екеніне  иланғандықтан 
Раббысының ризалығы ұшін тск  игі  істерді  атқаруға ты- 
рысады.  Өмірін  салиқалы  өткізіп,  бар  ғұмырын  ізгілік 
амалдармен  кестелеп  бағадьт.  Ана  дүниеде  эрбір  ісіне 
есеп  беретінін  ойлап  үрлық-карлық,  кісі  ақысьш  жеу, 
ар-намысын  аякқа  таптау  сияқты  зұлымдықтардан  аулак
жүреді.Жаратылыстыңмәнінтүсініп,иманнұрынашомған
осындай адамғгың  көңілі  эрдайым  шаттанып,  игілік атау- 
лы мен барлық көркем мінсз, тамапіа қасиеттердің кайнар 
көзіне  айналады.  Мүндай  жан  элемге  бейбітшілік  туын 
желбіретіп, айналасына тек мейірімділік нұрьш шашады.
Ал,  имансыз  адам  бұл  дүниедегі  барлық  ақыл  иесі 
адамды мазаламай қоймайтын  «Мен цайдан келдім?  Өмір 
сүрудегі маңсатым  не? Қайда барамып? Жан-жагымды 
қоршап  жатцан  мьта  алып,  иіексіз  дүние  қайдан,  оиьщ 
магынасы  неде?»  деген  орынды  да  күрделі  сүрақтардың 
жауабын  таба  алмағандықтан  үнемі  мазасыз,  бақытсыз. 
Өйткені мағынасыз, мақсатсыз өмірден шаршау, мазасыз- 
дану -  ақыл иесі адам үшін табиғи нэрсе.  Бақытсыздығы, 
шаршағаны  соншалық  -   ішкі  мазасыздықтан  уақытша 
болса  да  арылу  үшін  зиянын  біле  түра,  казино  сияқгы 
түнгі  ойын-сауық  орындарында  уақыт  өткізіп,  миын, 
денесін улайтын наша, арақ сияқты есірткілерге салынады.

ИМАНИ ГҮЛ
Дертінің шипасын осылай іздеп, жүрегінің тыныштығын 
осылай тапқысы келеді.
Иманнан  нәсібін  ала  алмаған  жан  ғаламға  қарап, 
ондағы  әр  нәрсені  мағынасыз,  максатсыз  деп  түсінеді. 
Мысалы,  «Күн  өз-өзінен  ешбір  мақсатсыз,  кездейсоқ 
жерге  сэулесін  шашып  түр.  Жер  өз-өзінен  эйтеуір  шыр 
көбелек  айналып  жатыр»  деп  пайымдайды.  Ғаламдағы 
барлық  нәрсені  иесіз  деп  ойлағандықтан,  өзін  де 
иесізбін дсп пайымдайды.  Өмір  сүруінде ешбір  мағына, 
мақсат  таба  алмаған  мұндай  имансыз  жан  үнемі  руха- 
ни  шаршап  жүреді.  Екінші  бір  дүниенің  бар  екендігіне 
де  иланбағандықтан,  өлімді  шіріп,  жоқ  боп  кету  деп 
ойлайды.  Сөйтіп,  мына  қысқа,  пэни  өмірінде  нәпсісін 
қанағаттандыруды,  кұрсағын тойдыруды максүт түтады. 
Ақыры өлемін,  олай болса,  «осы кыска өмірімде барлык 
нэрсенің  дэмін  татып,  қызығын  көрейін»,  -  деп  жақсы- 
жаман,  арам-адал  деп  ажыратып  жатпай  нопсісінің 
құлына айналып, күнэға белшесінен батады.
Иэ,  нэпсісінің  қүпына  айналған  мүндай  жан:  «Тек 
мен  ішейін,  мен  жейін,  меп  көрейін»  дегендіктен  қара 
басын  ғана  ойлайтын  өзімшіл  келеді.  Өзгелерді  бір  сэт 
болсын  ойламайды.  «Өзім жацсы  болайын,  сені ңайдам»
— дсйді. Бұндай түсінікке ие болған адамнан көркем мінез, 
салиқалы іс, өнегелі өмір күтудіц өзі бскер.
Имансыз  адам  өмірде  белгілі  бір  жетістікке  жете 
қалса «Мен істедім, мен жасадым», -  деп паңданып шыға 
келеді. Өйткені оның сенімінде әзін колдап, жәрдем беріп
сол  жетістігіне  жетуі  үшін  сәттілігін  салып  түрған  ¥лы  
Жаратушысы  жоқ.  Ал тэкаппарланып,  паңданған мүндай 
жан  өзі  жеткен  жетістікке  жете  алмаған  өзгелерді  үнемі 
төмен  санап,  қорлайды  да,  жеткендерге  кызғаныш  көзі- 
мен карап, үпсмі  бэсекелеседі  де түрады.  Ішін кызганыш 
өрті шалып, осындай рухани дертке шалдыққан пенделер- 
ден қүралған коғам -  ең бақытсыз коғам.
9

ИМАНИ ГҮЛ
Қыска  айтсақ,  имани  гул  -   барлык  игілік  атауының 
қайнар  көзі,  кұллі  көрксм  касиетгердін  кәусар  бүлағы 
болса, имансыздык -  барлық рухани аштықтың, сорақы іс 
әрекеттер мен жағымсыз қылыктардын ұясы.
Қадірлі  окырман!  Қолыңыздағы  кітаптыц  «Ациңат 
шуагы»  атты  бірінші  бөлімінде  «¥лы  Жаратушы  -  
Аллага,  ¥лы  Раббымыздыц  перііителеріне,  кітаптарына, 
пайгамбарларьша, 
ацырет 
күніне  жэне  тагдырга 
иман»  секілді  иман  негіздері  жеке-жеке  карастырылып, 
мэселелерді  ақыл  һэм нақыл (аят пен хадис) жолдарымен 
ғылыми  түрде  дэлелдеуді  көздедік.  Себебі,  иман,  сенім 
бар нзрсенін, алдында тұрады.
Адам  жүрегінде  имани  гүлі  жайқалып  еспесе,  онда 
оньщ  жасаған  ғибадаттары  да  шикі  болмақ.  Абайша 
айтсақ:
«Руза, намаз, зекет, хаж — талассыз іс,
Жақсьі болсаң, жақсы түт бэрін тегіс.
Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті
Қылғанменен татымды бермес жеміс.
Бас жоғары жаралған, мойын төмен,
Қарашы, дене бітксн ретімен.
Істің басы -  ретін танымақтық,
Иман білмес тағатты қабыл демен».
Сондықтан  сенімі  мықты,  иманы  берік  жан  ғана 
нағыз  мұсылманшылықтың  өкілі  болып,  исламның өзіне 
жүктеген міндеттерін саналы түсініп, саликалы орындауға 
ұмтылады. Ал, санасы эр түрлі күдікке толы, иманы әлсіз 
жанның  мүсылманшылығы  да  соншалық  әлсіз,  шүбэлі 
келеді.
Кітаптың  «Кудікпен күрес»  атты  екінші  бөлімі түрлі 
діни,  пәлсапалық  курделі  сүрактарға  берілген  жауаптар- 
дан тұрады.
10

ИМАНИ ГҮЛ
Кешегі  кеңестік  зұлымат  көптеген  жандардың 
жандуниесін  жаралап,  көңіліне  түрлі  шек,  шүбәлі  ой 
қалдырды.  Метафизикалық  әлемді  мойындамай  бар 
нэрсені  тек  көзбен  көріп,  күлақпен  естуге  негізделген 
материалистік  көзқарастың  эсерінен  көптеген  ақиқат 
күмэнға айналды. Дінге карсы ашық дұшпандық -  діннен 
бейхабар  жандардың  санасын  улау  мақсатында  қасакана 
түрлі күмэнді сауалдар мен сүрактарды тудырды. Әйтпесе, 
Пайғамбарымыздыц  (с.а.у.)  толық  өмірбаянын  былай 
қойғанда, аты-жөнін де дүрыс білмейтін жандардың Оның 
(с.а.у.) көп әйел алғандығынан хабардар  болуын эрі оның 
астарына  үңілмей  жатып,  бірден  нәпсіқүмарлыкка  жору- 
ын баскаша түсіну әсте мүмкін емес?
Сондай-ақ, кітаптағы «Жаратуіиыпы не үшін көзбен 
көре  алмаймыз?»,  «Алла  Тагала адалідарды  не үшін  бай- 
кедей  гып  жараіщан.  Оныц  сыры  неде?»,  «Алла  Тагала 
біздің  гибадатымызга зәру ме? Неліктен  біздің гибадат 
етуімізді  талап  етіп,  орындамагандарды  азаптайты- 
нын  ескертуде?»,  «Намаз,  азан  сгіяңты  гибадаттар 
тек  қана  араб  тілінде  орындалады.  Әр  үлт  өз  тілінде 
орындаса жеціл болмас па еді?»,  «Доңыз еті неліктен ха- 
рам?» сскілді көптеген сүрақтар дінімізге жаңа бет бұрып 
жатқан кісілердің ішкі  ізденісі  мен кекейлеріндегі табиғи 
сауалдары.  Әйткені  адам  ақылы діни үкімдердің хикметі 
мен  мэнісін  түсінуге  эрдайым  ұмтылып,  жан  дүниесі 
жаратылыстың  жасырын  қатпарларын  ұғуға  кұштар. 
Абайдың:
«Көңілге шек, шүбэлі  ой алмаймын,
Сонда да оны ойламай коя алмаймын.
Ақылдың жетпегені арман емес,
Кұмарсыз К¥Р мүлгуге тоя алмаймын» немесе, 
«Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
11

ИМАНИ ГУЛ
Не  кызык  бар  өмірде  онан  баска»,  -   деуі  де 
сондьщтан.
Алайда,  адам  санасы  ¥ л ы   Иеміздің  түпкі  максаты 
мен  игі  істеріндегі  хикметті  толық  туеіне  алмасы 
ақиқат.  Өйткені,  адам  санасы  шектеулі.  Әрі  не  нэрсені 
де  айналасындағы  өзі  көрген,  білген  дүниелермен 
ғана  салыстырып  пайымдай  алады.  Көбінесе  мына 
дүниенің  физикалық  өлшемдерінен  шыға  алмай,  ойын 
қысқа  қайырады.  Ал,  ¥ л ы   Жаратушының  істеріндегі 
хикметтері  мына  дүниенің  физикалық  заңдарымен,  яки, 
адамнын,  көрген,  білген  дұниелерімен  шектелмесі  анық. 
Сондықтан  мұсыдман  баласы  ¥ л ы  Жаратушыға  қатысты 
немесе діни мэселелерді түсіну  барысында эрдайым бай- 
ып  сақтап,  Қүран  мен  сүннетті  темірқазық  еткен  нүрлы 
ақылға  жүгінуге  тиіс.  Ойына  күдік  салған  сұрақтардың 
дұрыс  жауабының  бар  екенін  әу  бастан  қабылдау  кажет. 
Егер  тапкан  жауабы  санасына  сіңбей  жатса,  онда  ол 
мэселені  түсіндірудің  кемшілдігінен,  яки  деңгейіміздің 
төмендігенен,  не  болмаса  сезіміміз  бен  нэпсіміздің 
жетегінде кеткен түйсігіміз бен тепе-теңдік сактап ойлау- 
дан макұрым санамымыздың сарыны депұққан жөн. Я бол­
маса,  адам ақылының шектеулігінен,  ¥ л ы  Жаратушынын 
күпия сырларынан деп кабылдау қажет. Ал баскаша ойлап, 
¥лы  Жаратушы жайлы күдікке бару -  аса қатерлі!
Бүрынғы  коғамның жарасы жеңіл болатын.  Өйткені, 
ондағы сауалдар мен күдіктер білімсіздіктен туындайтьш. 
Ал казір олай емес.  Кебіне күдікгер мен жаңсақ пікірлер 
өзінше бір ғылым мен кейбір түсініксіз терминдердіи таса- 
сынатығылып, «әйел тецдігі», «мәдеииет», «жанандану», 
«адам  қүңыгы»  «сезім  еркгпдігі»  «азаматтық  неке» 
секілді  үрандармен  безендірілген.  Сондықтан  мүның 
бәрінін  ара-жігін  ажыратып,  дұрыс  түсіну  үшін  Қүран 
ақикатымен  нәрленген  «нұрлы  сщыл»  мен  жан-жақты
12

ИМАНИ ГҮЛ
біліммен  сусындағап  парасат-пайым кажст  екенін  естен 
шығармауымыз лэзім.
Ізгі  оқырман!  Қолыңыздағы  кітап  кеңестік  дәуірден 
кейін  өз  құндылығына  қайта  оралып,  асыл  дініне  бет 
бұрып жаткан халқымызға, эрбір қүштар жүрекке аңсаған 
«имтш гүлін»  сыйлай алмайтыны анық. Алайда сол жол- 
да аз-кем өз үлесін қосып жатса, бұл біз үшін баға жетпес 
бақыт, ғұмырымыздың шуақты сэті болмак.
Алла  Тағала  баршамыздың  жүрегін  иман  нұрына 
бөлеп,  ихсан  дәрежссіне  жеткізсін!  Кітаптың  жазы- 
луы  мен  жарыкка  шығуына  септігі  тиген  баршаға  екі 
дүниенің  жақсылығын  тілеймін!  «Ислам  мәдениеті  мен 
білімін ңолдау цорыныц» алдағы аткарар жұмыстары сэггі 
болғай!
Қайрат Ж О ЛД Ы БАЙ ҮЛ Ы  
03/12/2010
13

I КІТАП
АҚИҚАТ ШУАҒЫ
(Иман негіздері)

¥ Л Ы  Ж АРАТУ ШЫҒ А ИМАН
«Ж ер мен көктін жаратылуында жэне кун мен 
түнніц  алма-кезек (пара алмасуында ақыл иелері 
үш ін (А лланыц бір һәм бар екендігін) білдірстін 
айқып дәлелдер бар»
«Әли Ғимрап» сүресі
«Ж алпы  ж а р а т ы л ы с - ¥лы  Ж аратуиіьш ызды 
т аны т ар ерекше алып кітап»
Қанатты сөз
15

АЛЛА ТАҒ АЛАНЫҢ 
БАР ЕКЕНДІГІНЩ ДӘЛЕЛДЕРІ
Ар-ояадан дәлелі
Адам  баласы  өзінің  таза  жүрегіне,  бүзылмаған  ар- 
ожданына бір сәт назар аударса, оның эу бастан ¥ л ы  Ал­
ланы қабылдауға жэне кдаайлык дінге деген бейімділігін 
аңғарады.  Иә,  адам  баласы  жан  дүниесіне  көз  жүгірткен 
уақытта  ар-ожданы  мен  жүрсгінің  әрдайым  бастауы  эрі 
соңы  жоқ  мэңгі  ¥ л ы   Алламен  терең  байланыста  екенін 
сезеді.  Ар-ожданынын,  ішкі  дүниесінің  тек  мэңгі  ¥лы  
Жаратушымен  ғана  жай  тауып,  тынышталатынын,  Одан 
басқа  еш  нәрсенің  оны  канағаттапдыра  алмайтындығын 
түсінеді.  Өйткені  көзін  ашқаннан  бері  жан-жағындағы 
барлық  жаратылыстың  адамға  кызмет  етіп  түрғанын 
жэне  айналасында  эр  түрлі  ғажайып  істердің  атңарылып 
жатканьш сезген таза жүрек пен бүзылмаған, кірленбеген 
ар-ождан  өзінің  ¥ л ы   Иесін,  Құдіретті  Жаратушысын 
іздері хақ. Сондыктан жалпы тарихқа көз жүгіртсек, ешбір 
коғамның дінсіз,  наным-сенімсіз  ғүмыр  кешпегеніне куэ 
боламыз.  Демек,  адамның жаратылысы,  жалпы  болмысы 
өзінін элсіздігі мен мұқтаждығын мойындауға уа һэм өзін 
жаратқан ¥ л ы  Қүдіретті іздеуге бейім жаратылған.  Міне, 
сондықган  имансыз  жандар  да  қиналып,  киынитылыкка 
тап болған мсзетте ¥ л ы  Құдірстке сыйьшуға мэжбүр бо- 
лады.  Бастарына  қиыншылық  тускенде  ғана  өздерінің 
әлсіздіктерін  түсініп,  кірленген  ар-ождандары  оянып 
¥ л ы  Жаратушы -  Алла Тағаладан  медет тілей  бастайды. 
Қиыншылықтан кұтқарылған сэтге көпшілігі өзіне көмек 
берген  Алла  Тағаланы  ұмыт  қалдырып  кете  барады.
16

И М А Н И ГҮЛ
Құранда бұл туралы: «Адамдарға бір қиыншылық кел- 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет