Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ Қайрат ж о л ды ба й ұ л ы



Pdf көрінісі
бет14/24
Дата03.03.2017
өлшемі8,77 Mb.
#6782
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24

Тағдырға иман ержүректік пен 
батылдыққа бастайды.
Басына не келсе де, Алланың рұқсатымен, қалауымен 
келетініне  бек  сенген  жанның  бойына  ерекше  батылдық 
бітеді. Ар-намысын таптауға төніп келген дұшпаннан ота- 
нын, дінін, халқын корғау үшін ерен ерлікпен шайкасады. 
Ажалының  алдын  ала  ¥лы   Жаратушысы  тарапынан 
белгіленгенін  білгендікген  «тагдырымдагы  өлімім  цай 
жерде,  қай  уацыгща  белгіленсе,  міндетті  түрде  сол 
жерде,  сол мезетте өлімді татамын,  жазмыш ажальш 
мүндай  қасиетті  согыста  емес,  үйде  жылы  төсекте 
жатсам да келіп жетер» деп «алгалап» үран тастап, жау 
жүрегін аузынан шығарады.
Белгілі  бір  пайдалы  іске  кірісер  болса,  алдымен, 
барлық  қолынан  келер  қажетгі  іс-шараларды  аткарып, 
керекті  себептерді  орындағаннан  кейін,  «тагдырыма 
жазылганын,  бүйырганын,  Алланың цалаганын көрерміз, 
жазмыштан  озмыш  жоқ»  деп,  тэуекелге  бел  байлай- 
ды.  Шегіншектеп, 
қорку 
тағдырға  сенген  жанның  пэк 
дүниесіне аяқ баспайды.
199

ИМАНИ ГҮЛ
Тағдырға иман қанағатқа тәрбиелеп, коре 
алмаушылық пен кызғаныштан сақтайды.
Барлық  адамның  бұл  дүниеде  дәм  татар  рызық- 
несібесі  алдын  ала  ¥ л ы   Жаратушысы  тарапынан 
белгіленгеніне  иман  еткен  жан  өзіне  жүктелген 
міндеттерін, 
қолынан 
келер 
барлык 
себептерді 
аткарғаннан кейін Жаратқанның берген улесіне ризалық 
білдіріп, қанағатты пір тұтып, баскалардын мал-мүлкіне 
сүк көзбен қарап, пәк жүрегіне қызғаныш сезімін конақ 
етпейді.
Тағдырға иман адамды жүйелі жүмыс істеуге, 
эрбір ісін тап-түйнақтай  атқаруға тәрбиелейді.
Жаратылыстағы әр нэрсенің арнайы есеппен, белгілі 
жүйемен  жұмыс  істеп  түрғанын  көріп,  одан  сабақ  ала 
білген  жан  эрбір  ісін  тап-тұйнақтай  атқаруға,  жоба- 
жоспарсыз  ешбір  істі  бастамауға  тырысады.  Жүйелілік 
оның табиғатына сіңіп, тұракты мінезіне айналады.

АДАМНЫҢ НЕГІЗГІ  МІМДЕТІ
Өмір  өзендей  аккан  бойы  өтіп  жатыр.  Үйреншікті 
күн арайлап атып, алаулап батуда. Адамдардың көбі  пэни 
дүниенің қамын жеп,  өздерінің мына дүниеге кайдан,  не 
үшін  келгендерін,  қайда  баратындарын  үмытқан.  Бэрі 
сағым  қуғандай  бір  арманнан  екінші  бір  арманның,  бір 
белестен  екінші  белестің ізіне түсуде.  Біріне енді  жеттім 
дегенде, екіншісі анау жактан мен мұндалап тұрады. Бірақ 
адам  бэрібір  тоймайды,  бэрібір  канағатганбайды.  Енді 
асыл  арманыма,  аңсаған  мақсат-мұратыма  жетгім  деген­
де, өлім оны өкшелеп жетеді.  Сөйтіп, адам мына пәнидің 
алдамшы  кызылына  қызығып,  қайран  бір  ғұмырды  жоқ 
етеді.
Бұл  күнде адамдар  емірдегі  өзіне  жүкгелген мінде- 
тін  орындау  үшін  тамақ  ішпейді,  керісінше,  тамақ  ішу 
үшін өмір сүреді. Яғни, өмірдегі мақсаты -  қарын тойды- 
ру. Ойланғанға екеуі екі бөлек. Тамақгы мақсат ететіндей 
ғаламдағы  ең  саналы  жаратылыс  -   адамның  осындай 
мағынасыз  жаратылғаны  ма?  Сонда  адамның  құрсағын 
тойдыруы үшін мектепте он бір жыл, университетте  бес- 
алты  жыл  оқып,  сол  бір  қарнынын қамы үшін өтірік пен 
өсек айтып,  басканы кызғанғаны ма? Сол үшін қан төгіп, 
жауласқаны ма? Сонда адам бар ғріырын құрсактың камы 
үшін арнайтындай осыншаматемен деңгейгетүскені ғой... 
Жо-жоок,  әлемдегі  ең  саналы,  ең  кемел  жаратылыстың 
әсте мұндай төмен болуы мүмкін емес. Мал екеш малдың 
өзін  алып  карасак,  эркайсысының  белгілі  бір  мақсат 
үшін  жаратылған  көреміз.  Қорадағы  меңіреген  сиырдың
201

ИМАНИ ГҮЛ
да  өзіндік  міндеті  бар.  Таңертең  өріске  барып,  кеш  ауа 
желінін сыздата аппак сүт әкеледі. Кім үшін? Адам үшін. 
Ара  да  таңның  атысы,  кештін  батысымен  мындаған 
гүлдерге  коныгт жұріп, кешке улы денесінен шипасы мол 
бал  тарту  етеді.  Демек,  бұл  өмірдегі  эрбір  жаратылыс 
иесінің өзіндік міндеті бар. Олар саналы болмаған күннің 
өзінде  сол  міндетін  мүлтіксіз  орындауда.  Ал  ең  көркем 
жаратылыс иесі адамның міндеті не? Ол сиыр, ара сияіеіы 
денесінен басқаға пайдалы бір нәрсе шығара ма?
й э,  ең көркем  жаратылыс  иесі  адамның  да  өз  сана- 
сы  мен  абырой-дәрежесіне  қарай  өзіндік  үлкен  міндеті 
болға  тиіс.  Егер  адамның  да  өзіндік  орны  мен  міндеті 
болмаса,  онда  оның  кім  болғаны?  Жай  ғана  асхана  мен 
дәретхананың  ортасында  жүріп,  ас  корытып-шығарудаи 
аспайтын жанды аппарат болтаны ма?! Жо-жоок, эстс олай 
емес! Ең кемел жаратылыс иесі адамның өзіне тэн жоғары 
міндеті  бар.  Ол міндет бәрінен де жоғары,  аса абыройлы 
міндет.
Ол -  өзін жоқтан бар еткен құдіреті шексіз ¥ л ы  Жа- 
ратушыны тану. Ол -  күллі жаратылыс атаулының бойы- 
нан Алла Тағаланың тіл жетпес шеберлігі мен улылығын 
көріп,  Оның  кұдірет-күшінің  алдында  таң  кала  бас  иіп, 
қүлшылык жасау.
Ол -  өзіне тегін берілген сансыз жақсылык, нығметтер 
үшін ¥ л ы  жаратушы Иеге алгыс-рақметін білдіріп, Оның 
алдында мэңгілік қарыздар екенін сезіну.
Бүған  қоса  табиғатындағы  қызғану,  сабырсыздык, 
жалкаулык,  канағатсыздык  сиякгы  жаман  қылықтардан 
арылып,  бойындағы асыл қасиеттерді шывдап,  сан алуан 
сезімдерін кемелдендіріп, эр түрлі кабілеттерін жетіддіру 
арқылы  «кәміл  адам»  түғырына көтерілу.  Сөйтіп,  «кәміл 
адам»  күйінде  о  бастағы  асыл  мекені  -  Жәннатқа оралу. 
Хақ Тағаланың ризашылығына бөленіп,  ондагы  мэнгілік
202

И М АН ИГҮ Л
бакытка,  бүрын-соңды  көз  көріп,  күлақ  естімеген,  ақыл 
ойлап  елестете  алмаған  ¥лы   Жаратушысының  өлшеусіз 
ғажайып  сый-сияпатына  кауышу  һэм  бұның  бэрінен  де 
қымбаты -  жұмакта Алла Тағаланың аса көркем дидарын 
тамашалап шексіз лэззатқа кенелу.
Х а қ  т а ғ а л а ғ а  деген қ ү л ш ы л ы қ т ы ц  мәні
Күллі жаратылыс  атаулы -  Алла Тағаланьщ кұдірсті 
мен құзіретпі, шеберлігі мен шексіздігін, өлшеусіз ілімі мен 
теіщессіз ұлылыгыи  танытар  жеке-жеке кұдайылық  мер. 
Біз осыларға карап Оны таныдык, элі де тану үстіндеміз. 
Алла Тағала Құран Кэрімде: «Мен жындар мен адам ба- 
ласы н   «тек  қана  (мені  танып),  маған  ғибадат  етсін» 
деп ж аратты м »105 -  дейді.
Демек,  Алла  Тағала  бізді  бүл  дүниеге  Өзін  мына 
жаратылысқа қарап тапсын, танысын, білсін, кұдірстінін, 
шеберлігінің,  ілімінің  алдында  тан  қалып,  бас  исін, 
қүлшылық етсін деп жіберген. Мысалы, кез келген атақты 
суретшінің  табиғатты  өрнектеген  суретіне  қарап  тан 
қалып, тамсана тандай қағамьгз. Оның өнерін, шеберлігін, 
талантын  мойындап,  оған  мақтау  айтамыз.  Тіпті  сол 
суретшімен  бір  сәт  бірге  болуды  мэртебе  санап,  суретке 
түсіп жатамыз. Ал, енді сол суретшінің салған суретін бір 
сәтбағалапкөрелікші!...Өспейді,өнбейді,төртмезгілдеәр 
түрлі кұбылысқа енбейді, ағаштары жеміс бермейді, сула- 
ры акпайды, кұстары сайрап,  балықтары жүзбейді.  Міне, 
біздер  осындай  жансыз,  жасанды,  көшірме  суреттерге 
қарап таң  қалып,  таңдай кағып жатамыз.  Бірак сырттағы 
көркемдігі  ғажап  мына шынайы әлемге  көніл  бөлмейміз. 
Ондағы  жүпар  исі  аңкыған  сан  алуан  гүлдерді,  эр  түрлі 
жеміс-жидегін шашу еткен ағаштарды, қүрлык пен теңізді
105 Зарият сұресі 56-аят.
203

ИМАНИ ГҮЛ
мекендеген сансыз касиетке ие жанды-жансыз  атаулыны, 
көздің  жауын  алар  жасампаздыққа  тұнып  түрған  жалпы 
табиғатгы  жаратқан  негізгі  ¥л ы   Суретшіні,  шебер  Жа- 
ратушыны  елемеуге  бола  ма?  Саналы  адам  үшін  нағыз 
мақтауға  ие  сол  Жаратушы  емес  пе?  Қалай  ғана  Оның 
кұдіретшіц,  шсберлігінің,  ұлылығының  алдында  таң 
қалып,  Оған  мадақ,  мактау  айтпастан  жайбарақат  жүре 
аламыз?!  Неліктен  ғибадат,  мінэжатымыз  аркылы  ¥лы  
Қүдірстпсн бірге болуды өзімізді мәртебе санамаймыз?
Ендеше,  адам  баласының  ең  басты  міндеті  -   ¥лы  
Жаратушыны  тану.  Оның  ұлылығын  дэріптеп,  «Аллану 
әкбар»,  «Алла  Тагалам  сен  цандай ұлысың!»  деп  бас  иіп, 
мадақ айту.
Иә,  Оның  кұдіреті  мен  күзірстінщ,  шеберлігі  мен 
шексіздігінін,  өлшеусіз  ілімі  мен  теңдессіз  ұлылыгының 
алдында  тан  кала  бас  иіп,  макгау  айту  -   қүліпылыктыц 
нағыз өзі.
Намазымыздың  эр  рэкатында  үнемі  оқылатын  «Фа­
тиха» сүресіндегі: «Бүкіл м ад ақ та, м актау да те к  кана 
бүкіл әлемніц Раббысы  -  А ллага тэн» деудің мағынасы 
да осы болса керек.
Кұлшылықтыц  тағы  бір  мэні  -   ¥ л ы   Жаратушы  та- 
рапынан  бізге тегін тарту  етілген  сан  жетпес  жақсылық, 
ризық,  нығмет  үшін  алғысымызды  ғибадат  арқылы 
білдіріп, Оньщ алдында карыздар екенімізді мойындау.
Жан-жағымызды  қоршап жаткан күллі  болмыс атау- 
лы тек қана біз үшін жаратылған. Алла Тағала өзінің шек- 
сіз  құдірстімен  оларды  әлсіз,  дэрменсіз  адам  баласының 
кызметіне бас идірген.  Алып табиғат денелерін ¥ л ы  Жа­
ратушы  өзі  бас  идірмесе,  оларды  күшпен  бағындыруға 
адам баласыньщ қауқары жетпесі даусыз.
Арайлап  таңның  атуы,  алаулап  күннің  батуы  кім 
үшін?!
204

ИМАНИ ГҮЛ
Жосылып  бұлттың  көшуі,  еркелеп  желдің  есуі  кім 
үшін?!
Сылдырлап аккан өзен мен буырканып тасыған теңіз 
кім үщін?!
Қойнауы қазынаға толы  асқар таулар кім үшін?!
Етімен,  сүтімен,  терісімен,  жүнімен  өрісте  жүрген 
жан-жануар атаулы кім үшін?!
Жан-тэнімізді  сүйсінтіп,  ене  бойымызды  толқытып, 
эн салатын, тоты, бұлбұл жыршы күстар кім үшін?!
Жұпар исін аңқытып, көздің жауын алатын, сан алуан 
түсті гүлдер мен балдай тэтті жеміс-жидек кім үшін?!
Алып Күн денесінің жылуы мен жарығы кім үшін?! 
Бір  ғана  жауап  -   бэрі  де  біз  үшін.  Бэрі  де  адам  баласы 
үшін.  Бэрі де ардақгы жаратылыс иесі адамзат үшін.
Эр  ай  сайын  қолданған  ыстык,  суық  суымыз  бен 
жаққан  элекгр  шамымыздың  ақысын  төлеп  жатырмыз. 
Ал,  көзімізді  ашқаннан  бері  бізге  жылуы  мен  жарығын 
күлімдей төккен күннің ¥лы  Иесіне кандай ақы төледік?! 
Төле  деп  талап  еткенде  немізді  төлер  едік?!  Ендеше 
адамның міндеті тек кана ішіп-жеп, тайрандау емес, осы- 
ларды  тегін  берген  ¥лы   Жаратушысына  алғыс  білдіріп, 
құлшылық жасау.
Дана Абайдың:
«Махаббатпен жараткан адамзатгы,
Сен  де  сүй  Ол  Алланы  жаннан  тэтті»,  -  деуі  де 
сондықтан.
Ендеше,  бізге  сүйіспеншілікпен  карап,  таусыл- 
мас  қымбат  нығметтерді  сыйлаған  ¥лы   Иемізге  біз  де 
сүйіспеншілікпен  карап,  бас  иіп,  алғысымызды  ғибадат 
арқылы білдіруіміз -  үмытылмас міндетіміз.
Адам  дене  мен  рухтан  тұрады.  Денемізді  күн  сай­
ын  ішкен-жеген  тамағымыз  аркьиы  қорекгендіреміз.  Ал
205

ИМ АНИГҮЛ
рухты  немен  қоректендіреміз?  Рухымызды  жэне  оның 
мазасыздығын  дамыған  ғылым да,  шарыктаған  экономи­
ка  да,  сәт санап  өркендеген  мэдениет те  канағаттандыра 
алмайды.  Адамнын,  төрт  түлігі  сай  болып,  жегені  май 
болса да,  бэрібір  оған  бір  нәрсе жетпей  тұрады.  Өйткені 
оның  сұрағаны  заттык  емес,  рухани  болмақ.  Демек, 
материалдық денеміздің материалдық қорек талап  еткені 
тэрізді, рухымыз да рухани қорскті талап етеді. Олай болса
рухымыздың, жан дүниеміздің қорегі -  біздін намазымыз, 
оразамыз,  жалпы  күллі  ғибадатымыз.  «Рагд»  сүресінде: 
«Біліп қойы ндар! Ж үректер тек кан а А лланы  еске алу 
ар к ы л ы   ж ай  табады»,  -  деп  ғибадат  жасаған  уақытта 
ғана  рухымыз  еркін  тыныс  алып,  жүрегіміз  жай  тауып, 
жан  дүниеміз  тыныштыкка,  шексіз  рахатқа  қауышып, 
ерекше лэззатқа бөленетінін білдіреді.
Нүсқа айтсақ, ғибадат -  рухымызға қорек, жүрегімізге 
шипа,  денемізге  саулык,  ақьшымызға  туралык,  ерік- 
жігерімізге  куат,  сезімдерімізге  кемелдік,  элсіздігімізге 
сүйеніш  сыйлайды.  Ғибадат  -   өмірімізді  ретке  келтіріп, 
күнэлардың  батпағына  батудан,  рухани  ластыкган 
сақгайды.
Ғибадатымыз  -   екінші  дүниемізге  жинаған  азығы- 
мыз, мэңгілік дүниеде бақытты болудың бірден-бір жолы 
да сол.
Ғибадатымыз  -   бэрінен  бұрын  ¥ л ы   Жаратушының 
бізге жүкгеген ең үлы парызы.
Ғибадатымыз  -   иманымыздың  белгісі,  әлсіздігіміз- 
дін, 
мүқтаждығымыздың, 
шарасыздығымыздын, 
қыскасы, қүлдығымыздың нышаны.
Біздің Аллаға бас июіміз -  баскаға бас имейтіндігіміз 
үшін  берілген  шынайы  антымыз  бен  сертіміз.  Өйткені 
біз Аллаға қүл болған кезде ғана нэпсіге, дүниеге жалпы 
барлық басқа жалған күлшылықгардан кұтыламыз.
206

ИМАНИ ГҮЛ
Тэніміз сәждеде барынша кішірейген сәтте, рухымыз 
¥лылардың ¥лысына самғай утиып, көтеріліп жатады.
Шүкіршілік
Шүкір  -   жаратылыстың  сыры,  шүкір  -   дүниенің 
мәйегі,  шүкір -  адамдықтық рэмізі, шүкір ету -  пенденің 
ең  үлкен  міндеті.  Шүкір -  жаксылық  иесіне  жақсылығы 
үшін  қарыздар  екенівді  сезіну,  оның  алдында  бас  иіп, 
алғыс-рахметіңді білдіру.
Міне,  жаратылыста  шүкір  осыншалықгы  маңызды 
бола түра, өкініштісі, адам баласының көбі бұл қасиеттен 
мақүрым.  Қүран Кэрім бүл шындыкгы:  «Қүлдарымнын 
арасы нда ш үкір етушілер өте аз», - деп ескертеді.
Иэ,  адам  баласы  кішкене  ойланып-толғанса,  өзін 
коршаған  қай  нэрсенің  болмасын  Алла  тарапынан  ар­
найы әзірленіп, адам баласының қызметіне үсынылғанын 
түсінері  сезсіз.  Тіпті,  өзініқ  жоктаи  бар  етіліп,  тіршілік 
иесі  болуының  өзі  баға  жетпес  нығмет.  Бірақ,  өкініштісі 
бул нығметтің кадірін жете түсініп, Жаратушысына деген 
шүкірінен жаңылмайтын тіршілік иесі өте аз.
Мысалы, суға батып бара жаткан адамды элде бір кісі 
қүткарьш  қалса,  өміріне  себеп  болған  элгі  адамға:  «Мен 
саған бүдан былай карыздар болып өтемін, - деп онын ал­
дында қүрақ үшады. Істеген бір ғана жаксылыгы үшін бас 
иіп,  өмір  бойы  ізет білдірері  сөзсіз.  Ал  енді  бізді жоқтан 
бар етіп жаратып, эр ауа жұтып, тыныс алған сайын бізді 
бір  өлімнен  кұткарып,  бір  өмір  сыйлаған  Жаратушы- 
мызды  ұмыт  қалдырып,  жақсылығы  үшін  алғысымызды 
білдірмеуіміз дүрыс па?
¥ л ы   Жаратушымыздың  адамға  берген  жаксылык, 
нығметтері  шексіз.  Қүранда:  «Егер  Алланыц  сендер- 
ге  берген  нығметтерін  санасаңдар,  санап  тауыса 
ал м ай сы щ ар » , - делінеді.
207

ИМ АНИГҮЛ
Біз,  адам  баласы,  денсаулықтың,  әрбір  он  екі 
мұшеміздің  баға  жетпес  нығмет  екенін  ойлап,  қадірін 
түсіндік  пе?  Оларды  бізге  тегін  берген  Раббымызға 
рақметіміз  бен  алғысымызды  білдіріп,  Оған  карыздар 
екенімізді  сезіндік  пе?  Шындығында,  бізге  бұл  сұрақка 
жауап беру онайға соқпаса керек.
Егер  біреу  бізге  көп  акша  берсе,  оған  рахметімізді 
жаудырып, алдында кұрақ үшамыз.  Ал, енді бір колнмыз 
шолақ  болса,  мейлі  миллиардтаған  жыл  жұмыс  істеп, 
триллион  ақша  тапсак  та,  Алланьщ  бізге  тегін  берген 
cay қолын сатып ала аламыз ба? Сатып ала алмасак, неге 
біз  триллион  ақша  жүмсап  қол  жеткізе  алмайтын  әрбір 
мүшемізді  бізге  тегін  сыйлаган  ¥ л ы   Жаратушымызға 
алғыс-рақметімізді  білдірмейміз?  Неге  «Аллану  экбар» 
деп сэждеге бас үрмаймыз?
Иэ,  тіпті  ішкен-жеген  асымызды  табиғи  жол- 
мен  сыртқа  шығарудьщ  өзі  де  Үлы  Иеміздін  үлкен 
жақсылығы.  Оның  қадірін  ұғу  үшін  ауруханалардағы 
бүл  ныгметген  мақрүм  жандарды  барып  көріп,  атал- 
мыш  нығметтің  қадірін  түсінейік!  Түсініп,  Раббымызға 
карыздар екенімізді шын жүректен сезінейік!
Осыншама 
жақсылықтың, 
ырыс-берекенің 
алғысы  «шүкір»  деген  тіліміздің  үшымен  айтылатын 
үйреншікті  сөзбен  шекгелмейді.  ¥ л ы   Иемізге  деген  шы­
найы  алғысымыз  бен  махаббатымыздың  белгісі  — Оның 
бүйырған эмірлерін «ләббайк» деп, айна-қатесіз орындап, 
міндеттеген ғибадатгарын кадари халімізше толық аткару 
мен тыйымдарынан түгелдей тыйылу.
Көбіне  біз  рахметімізді,  алғысымызды  шынайы  Ие- 
сіне емес, жолдағы түкке түрғысыз себептерге білдірумен 
ғана шектеліп жатамыз. Қалайша дейсіз бе?  Базардан бір 
алма  сатьш  алдық  делік.  Сатушыға  рахметімізді  айтып, 
қолына  ақшасын  ұстатамыз.  Бірақ  сол  алманы  «құлым
208

ИМАНИ ГҮЛ
эісесін»  деп  көз  тартар  сүлу  пішінде  жаратып,  аузыңнан 
сілекейінді ағызар тамаша дәм мен мұрныңды жарар кере­
мет жұпар иіспен безендіріп бізге жіберген, яғни алманың 
шынайы  иесі  -   Алла  Тагалаға  шүкірімізді,  рахметімізді 
білдіріп, Оған деген карыздығымызды сезінеміз бе?
Сатушының  қолына  ұстаткан  азды-көпті  тиын- 
тебенді алманың тсүны деп ойламаңыз, ол тек сатушының 
еңбегі  ғана.  Себебі,  алманың  өз  құны  өлшеусіз.  Ол 
бағамен өлшенбейді. Неге дейсіз бе? Егер алма жоқ болса
оны өсіру үшін дэнегін қайдан алар едік? Миллиардтаған 
каржы жүмсап,  жоғары деңгейдегі зертханаларды қурсақ 
та алманың бір түйір дәнін жасай алар ма едік? Тіпті дэні 
бар  болған  күннің  өзінде  оның  өсіп  жетілуіне  керекті 
Күнді,  ауаны,  топырақты,  ондағы  эр  түрлі  минералдар- 
ды  қайдан  табар  едік  Букіл  әлем  жиналса,  алманың  өсуі 
үшін керекті суды, ауаны жасай алмайды. Енді осы алмаға 
керекті күн, ауа, топырақ, су сияқгы қажетті заттардың баға 
жетпестігін ескере отырып, алманы багалап көрейікші...
Иэ,  біз кебіне жаратқанды ұмытып,  ортадағы  себеп- 
терге  ғана  алғысымызды  білдірумен  шектеліп  жатамыз. 
Бұл ісіміздің каишалыкты эділетсіз екенін білу үшін мына 
мысалға назар аударайық.
Патша  қызметшісі  арқылы  біреуге  бағалы  сый 
жіберді  делік.  Әлгі  адам  сыйлықты  ала  салысымен 
рахметін  үйіп-төгіп  патшаның  қызметшісіне  айтып, 
сыйды тарту еткен патшаның өзін елемесе, оның бұл ісі 
қаншалықты  жөнсіз  болар  еді.  Бүл  түста  нағыз  алгыс 
айтуға  лайық  жан  кызметші  емес,  патшанын  өзі  емес 
пе?!
9— 1250
209

ИМ А Н И ГҮЛ
М інәж ат
Ғұмырын осы уацытца дейін 
босца откізіп, жүрегі ақицат гиуагыпа 
кейінен гана оянган бір пенденің 
Хак, алдындагы тәубасы.
Уа, Жаратушы Жаппар Ием -  Хақ Тағала!
Құлың саған келді бас  иіп, тэуба тілеп.  Медет тілері 
бар  ма  оның  Сенен  басқа?  Кұлың  адамдық  тізгінін 
нэпсінін  қолына ұстатып,  эр  бүрышта тұзак қүрып,  айла 
ойлаған  ібілістің  күрығына  шалынды.  Дүниенің  жылты- 
рына  алданып,  пендешіліктің  батпағына  малынды.  Енді 
міне,  күнэларын  арқалаған  бойы  бір кызарып,  бір  сазара 
ұялған  күйі  Саған  келді.  Өйткені  Сен  -   мейірімділердің 
ең 
мейірімдісі, 
рақымдьшардың 
ең 
рақымдысы, 
кешірімділердің кешірімдісісің.
Рахман Ием! Құлың қанша күнэға батса да, «бір күні 
келіп,  Сенің  үлылыгыңньщ  алдында  бас  иемін»  -  деген 
көкірегіндегі  үмітін  жоғалтпады.  Өйткені  ол  күнэсінік 
қанша үлкен  екенін білсе де,  Сенін кешіріміңнің одан да 
үлкен, шексіз екеніне бек сенді.
Алла Тағалам!  «Раббым  — тек  Сенсің» дедім,  сөйте 
тұра нэпсіме, дүниеге қүлдық үрдым.
Жаратушы  Ием!  Ақырет  дедім,  сөйте  түра  дүниені 
тандадым.  Мэңгілік  дедім,  сөйте  түра  пэниді  артык 
кердім.
ЖаппарИем! Сенің: «Уа, цүлдарым, іиайтапсендердіц 
ашың  дүиіпандарың»  деген  ракымға  толы  ескертулеріне 
күлак аспай,  Ібіліспен  коян-қолтық дос  болдык,  жо-жок, 
дос кана емес, тіпті,  ажырамас сырлас  болдык. Тіпті, кей 
түста шайтан бізді емес, біз шайтанның өзін азғырдык.
210

И М А Н И ГҮ Л
Раббым!  Мен  Сені  басыма  бір  қиыншыльщ  түскея 
сәтге 
немесе 
ауру-сыркауға 
үлпырап, 
тыгырыққа 
тірелген мезетте ғана іздедім.  Сол кезде ғана Саған деген 
мүқтаждығымды  мойындап,  кұдіретіне  бас  идім.  «Раб­
бым,  егер  осыдан  бір  құтқарсаң,  Сеніц  адал  жолыцда 
жүрер  едім»,  -  деп  Өзіңе  сан  рет  уәде  бердім.  Сөйтіп, 
қиыншылыктан кұтылған сәтте, Сені еске алмастан баяғы 
әдетімше кердевдеп кете бардым.
Жараткам  Ием!  Сен  маған  ракым  етіп,  ырыс- 
берекеңці төккен сайым, Өзіце карыздар екенімді сезініп, 
маңдайымды  сәждеге  қоюдың  орнына,  тайрандаған  сай­
ын  тайраңцай  тустім.  Сенен  алыстаған  сайын  алыстап, 
күнэға белшеден баттым. Істеген эр күнәма өзімізше ақгау 
айтып,  мың  түрлі  сылтау  іздедім.  Журегімнің  карайып, 
күнэға  етімінің  үйренгені  соншалық  ауыр  күнэлардың 
өзін елемейтін болдық.
Күллі  ғаламды  мейіріміңмен тербеткен  Рахман  Раб­
бым!  Сен  не  деген  кешірімді,  не  деген  мейірімдісің? 
Мен  қанша  күнэ  істеп,  жүрегім  қарайып,  қараңғылыққа 
кұлдиласам  да,  Сен  мені  дереу  жазалап,  тас  төбеме 
азабыңды  жаудырмай,  тэубе  етуім  үшін  ғүмыр  сыйлап, 
адам болуым үшін мүрсат бердің.
Уа,  Алла  Тағалам!  Ертең  Сенің  алдыңа  барғанда: 
«Құлым!  Мен  үшін  не  істедііі?»  деген  сүрағыңа  не  деп 
жауап  беремін? Дүниедегі  кай амалымды  бір  ғана  Сенің 
разылығың  үшін  істедім  дей  аламын?  Қу  қүлқынның 
қамын  күйттеген  істерімді  ме?  Әлде  сол  бір  қүлқынньщ 
қамы үщін  айналамдағыларға жасаған қулық-айла, үрыс- 
жанжалымды ма? 
Жок 
элде  мына бес күндік дүние  үшін 
қүраған қилы-қилы жоспарларымды ма?
Раббым!  Сенің алдында бір-бірлеп түрып есепке тар- 
тылар Махшар  күні  менің жағдайым  не болмақ?  Ол күні 
жан  біткеннің  жүрегі  дүрсілдеп,  ак  тер,  көк  терге  түсіп,
211

ИМАНИ ГҮЛ
ана  баладан,  бала  экеден  қашып,  күйеуі  эйелінен  безіп, 
эркім тек  өзінің  кара  басынын  қамын жеп,  қиналған сол 
күні менің жағдайым нешік?
Сенің:  «Ей,  қүлым!  Менің  саган  берген  болаттай 
жастьщ  шагыңды,  темірдей  денсаулыгыцды,  кол-косір 
уақытыцды, мал-мүлкіцді қайда, кімнің жолында, неүшін 
жұмсадың», -  деген сұрағыңа не деп жауап беремін?
Ешкімге  пайдасы  жоқ  бос  сөздер  мен  мағынасыз 
ойын-сауыкка,  кұнәға  толы  жастык  шағымды  қалайша, 
қалай ғана «Алла Тагалам! Сеніц жолыңда, адамзаттыц 
игілігі үшін», -  дей алам?!  Түкке тұрмайтыи бос нәрселер 
ушін  өзгелермен  бәсекелесіп,  ысырап  етуден  асып- 
артылмаған  мал-мүлкімді  калайша,  қалай  ғана  «Раб- 
бым! Тек сеніц жолыңда,  кедей-кепиіік,  жетім-жесірдің 
қамы үшін?»,  - деп Сені де,  өзгені де  алдай алам? Атақ- 
абырой,  мансап  үшін  атқарған  қызметімді  қалай  ғана 
«Алла  Тагалам,  тек  сеніц  ризапыгың  мен  халқымның 
жацсылыгы үшін»,  - дей алам?!
Қызығын  көретініме  көзім  нақгы  жетпесе  де  пэни 
дүниенің  қамы  үшін  жанымды  алып-салып  күндіз-түні 
тер төкгім. Сөйте тура сөзсіз келіп жететін өлім үшін, ау­
зын ашып күтіп турған қараңгы қабір үшін,  сұрағы ауыр 
есеп  күні  үшін,  жалпы  мәнгілік  ғүмыр  үшін  Өзің  тегін 
берген  ағьш-тегіл жиьфма төрт сағатгьщ  ең болмаеа бір- 
екі  сағатын да қимадым-ау.  Ақыретге  қүлдыц ең бірінші 
сұралатын нәрсесі «намазы» демекші, осы уақытқа дейін 
ананы  сылтауратып,  мынаны  сылтауратып,  дүниені 
көлденең  тартып,  каза  еткен  сансыз  намаздарымның 
есебін қалай беріп, сүрағынан калай кутыламын?
Жаратушы  Раббым!  Мен  қанша  күнэһар  болсам  да 
сенің шексіз кешірім-мейіріміңнен үміткермін.  Есеп күні: 
«Құлым! Сені де кештім» деген рақымға толы ілтипатыңа 
ынтызармын. Өйткені Сен — ракымді.ілардың рақымдысы
212

ИМАНИ ГҮЛ
-  бүкіл әлемдердің Раббысысьщ. Өйткені Сен Қүрандағы: 
«Ей,  (көп  күнә  істеп)  өздеріне  ж ам анш ы лы қ  жасауда 
ш ектен  ш ы қ қ ан   күлдарым!  А лланың  ракы м ы н ан  
үміттеріиді 
үзбеңдер! 
Алла 
барлы қ 
күнәларды  
кешіреді. Ө йткені О л -  ете кешірімді жзне рақым ды», 
деп үміт шашқан қасиетті сөздің Иесісің.
Уа, 
А лланы н 
мен 
секілді 
ертенінен 
бейғам қүлдары !
Өлімнен  кім  қашып  күтылған?  Пэнилікке  бас  име- 
ген,  сірэ,  біреу  бар  ма?  Қайда  кешегі  сэн-салтанатымен 
саят қүрып,  зәулім -зэулім  сарайларда ғүмыр  кешкен  аты 
эйгілі занғар тұлғалар? Қайда кешегі біздің көз алдымыз- 
да  жүрген  ақ  сакалды  кариялар  мен  бетін  әжім  басадн 
ақ  жаулықты  эжелер?  Олардан  кане,  кім  калды?  Кім? 
Кешегі  олардың  орнын  бүгінгі  біздер  басатынымызды 
ұмытпайык!
Жастығыңның  түла  бойывды  жасындай  шарпып, 
сарқылмастай  көрінген  күш-куатын  «мәңгілік»  деп  ал- 
данба!  Жалғанның  жарын  жағалап  жүріп,  күндердің  бір 
күнінде аңдаусыз ажалдың құрығына іпіккен сэтте ғана қу 
түлкідей  кұбылган  сұм  дүниеге  алданғаныңды  аңғарып: 
«Қап,  әттеген-ай,  жарыгы  сөнбестей  көрінген  жалган 
дүние жалт  бұрылып мені де цапыда цалдырды-ау»  деп 
аһылап-үһілеп өкінгеннен не шара?!
Алла  Тағалам!  Мен  Саған,  Сенің  асыл  дініңе  бег 
бүрдым. Алла Тағалам! Қалғангүмырымда Қүран нүрынан 
таймай,  Сенің  жолында,  иман  нүрында,  тақуалыктың 
ізінде жүруді нәсіп ет! Амин, Әмин!!!
213

I I КІТАП

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет