Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ


ИМАНИ ГҮЛ Алланың көркем есімдері



Pdf көрінісі
бет144/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   363
Байланысты:
Қ.Жолдыбайұлыю Иманигүл

ИМАНИ ГҮЛ
Алланың көркем есімдері  
ақыретті талап етеді
Алланың  барша  көркем  есімдері  ақыреттің  болуын 
талап  етеді.  Мысалы,  Алла  Тағаланың  «Аса  жомарт» 
деген  сипатын  негізге  алып  түсіндіріп  көрелік.  Жалпы 
әлем  Ұлы  Жаратушының  терең  мейірім-шарапаты  мен 
шексіз жомарттығына тұнып тұр. Жер бетіндегі ең әлсіз 
саналатын  құрт-құмырысқа  сияқты  жәндіктердің  оп-
оңай қоректенулеріне куә болудамыз. Дүниедегі ең әлсіз 
жаратылыстарға  да  уақыт-уақытымен  күтпеген  жер-
ден  жәрдем  келуде.  Ананың  құрсағындағы  әлсіз  сәби 
сол  қараңғы,  тар  жерде  тұншұқпастан  тамаша  тәсілмен 
қоректенеді. Сәби дүниеге келер-келмес оның нәзік бол-
мысына  арналған  арнайы  тамағы  әзір  тұрады.  Ананың 
омырауындағы сүт басқа уақытта емес, сәбидің дүниеге 
қадам басуына орай ытқылап аға түседі. Теңіздің түбіндегі 
балықтардың,  жеміс-жидектің  ішіндегі  құрттардың, 
тұрған  жерінен  қозғала  алмайтын  ағаштардың,  жалпы 
өсімдік әлемінің тамаша түрде қоректенуі – Оның ерек-
ше  жомарттығы  мен  теңдессіз  мейірімділігінің  айқын 
белгі-нышаны.  Жер  бетіндегі  ырыс-береке,  нығметтің 
молдығы, асып-тасуы – Ұлы Жаратушының түгесілмейтін 
қазынасын  меңзеп  тұр.  Демек,  Алла  Тағала  –  теңдессіз 
дархандық пен аса жомарттықтың нағыз иесі. Ал Ондағы 
бұл дархандық пен жомарттық мәңгі бақи беруді, төгуді, 
рызықтандыруды  қалайды.  Міне,  сондықтан  Оның 
дархандығы  мен  жомараттығынан  жаңбырдай  құйыла 
төгілетін сый-сыяпатқа, ырыс-берекеге кенеліп, мәңгі бақи 
рызықтанатын  жаратылыс  керек.  Ол  еш  шүбәсіз  мына 
дүниенің халифасы, ең мағыналы жаратылысы – адамның 
қайта тірілуі арқылы болмақ. Егер мына дүниеден кейін 


155
ИМАНИ ГҮЛ
Ұлы  Жаратушының  осы  аса  жомарттық  пен  дархандық 
сияқты сипаттарының көрініс табатын басқа екінші мәңгі 
өмір  болмаған  жағдайда,  бұл  сипаттары  осы  дүниемен 
шектеулі  қалмақ.  Ал  шектеулілік  Ұлы  Жаратушымызға 
тән емес. Өйткені Ұлы Жаратушымыз Алланың өзі қандай 
шексіз, мәңгі болса, барлық көркем сипаттары да сондай 
шексіз, мәңгі. Сондықтан Алланың барлық көркем сипат-
тары ақыреттің болуын талап етеді. Осы жерде айтылған 
Алла Тағаланың жомарттық сипатына басқа да көркем си-
паттарын салыстырып ойлан!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет