Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет153/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   363
Байланысты:
Қ.Жолдыбайұлыю Иманигүл

ИМАНИ ГҮЛ
бейне  бір  тас  қараңғы  зындандай  көрініп,  тіршіліктен 
түңіліп,  үмітсіз  күй  кешеді.  Оларды  осы  қараңғы  зын-
даннан  жарық  нұрға,  үміт  толы  өмірге  алып  шығатын 
жалғыз күш, дара медет – ақыретке, қайта тірілуге деген 
берік сенім.
3.  Ақыретке  сенген  адам  өзінің  қу  қара  басын 
ғана  ойлайтын  өзімшілдіктен  құтылады.  Ақыретте 
жүзінің жарқын болып, Ұлы Жаратушы алдында сүйікті 
құлдарының қатарынан табылу үшін әрқашан басқаларға 
жақсылық жасап, көмектеседі. Жалпы айтқанда, Алланың 
құлдарына пайдалы болуға тырысады. Мұндай жақсылық 
жасауды өмірлерінің түп мақсаты еткен адал жандардан 
құралған қоғам – жер бетіндегі ең бақытты қоғам.
4.  Ақыретке  деген  сенім  –  бұл  дүниеде 
залымдардың зұлымдығына ұшырап, адам бейнесіндегі 
жыртқыштардың  қанды  аузында  ақысы  кеткен  әлсіз 
жандар  үшін  үлкен  жұбаныш.  Бұл  сенімге  ие  әрбір 
жан  ертең  есеп  күні  Ұлы  Жаратушының  алдында  осы 
дүниеде  залымдарға  қолды  болған  ақысын,  мүддесін 
қайтарып  алатынына  кәміл  сенгендіктен,  өз-өзін  жеп, 
уайым-қайғыға  салынып,  ішкі  дүниесін  ызаға,  кек-
ке,  дұшпандыққа  булықтырмайды.  Керісінше,  сабыр 
сақтап, «ертең-ақ залымдар Алланың алдында сазайын 
тартады»  деп,  бойындағы  иманның  сиқырлы  күшінің 
арқасында ештеңе болмағандай өмірдің нұрлы жолында 
бағытын өзгертіп, қадамын бәсеңдетпестен жүре береді.
5.  Жазылмайтын  ауруларға,  сал  сияқты  дерттерге 
шалдығып, әр түрлі себептермен мүгедектікке тап болған 
жандарға жұбаныш болатын жалғыз нәрсе – осы ақыретке 
деген сенім. Ұлы Жаратушыларынан келген қиын сынаққа 
сабыр  етіп,  сүрінбей  өткен  жағдайда  мәңгілік  ғұмырда 
бақытты  болатындарын  ойлап,  жандары  жай  тауып, 


163


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет