Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет151/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   363
Байланысты:
Қ.Жолдыбайұлыю Иманигүл

ӨЛГЕННЕН КЕйІН ҚАйТА ТІРІЛУГЕ 
ИМАННЫҢ ПАйДАЛАРЫ
1.  Өлімнен  кейін  қайта  тірілуге  толық  иланған  кез 
келген адамның қоғамдағы ең сенімді тұлғаға айналары 
сөзсіз.  Себебі  оның  сенімі  бойынша,  Ұлы  жаратушы-
сы өзінің істеген әрбір ісін көріп тұр. Бұған қоса барлық 
қимыл-әрекеттері  екі  жағындағы  періштелер  тарапынан 
үнемі  жазылып,  есепке  алынуда.  «Зилзала»  сүресінде 
айтылғандай:  «Кімде-кім  тозаңдай  жақсылық  істесе, 
жақсылығының қарымын сөзсіз алады. Ал кімде-кім 
тозаңдай  жаманшылық  істесе,  оның  жазасын  тарта-
ды».
Істеген  әрбір  ісінің,  басқан  әрбір  қадамының, 
сөйлеген әрбір сөзінің ертең ана дүниеде есебін беретінін 
ойлап,  жүрегімен  бек  сенген  адам  жаманшылық  атау-
лыдан,  жалпы  күнәдан  алыс  жүреді.  Өйткені  иманды 
адам  істеген  қиянаттарының  жазасынан  бұл  дүниеде 
құтылғанымен,  ана  дүниеде  құтылмайтынын  ойлап, 
күнәларының  есеп  күні  алдынан  «қайдасың»  деп  аттан 
салып,  жағасынан  алып,  масқара  ететініне  кәміл  сенеді. 
Бұған қоса ана дүниеде қайта тірілетініне сенген кез кел-
ген адам өзін жаратқан Ұлы Иесінің ризашылығын алып, 
жәннатында  сый-сыяпатқа  кенелуі  үшін  барлық  өмірін 
ізгі істермен өрнектеп, жақсы амалдармен кестелеуге ты-
рысып бағады. Мұндай сенімге ие болған жеке тұлғадан 
да, қоғамнан да жаманшылық күтудің өзі орынсыз. Жеке 
тұлғаның, отбасының, кез келген қоғамның, тіпті жалпы 
дүниенің бейбітшілікті ту етіп, бақытты ғұмыр кешуінің 
жалғыз  жолы  –  ақыретке,  өлгеннен  кейін  қайта  тірілуге 


161


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет