179
ИМАНИ ГҮЛ
өз көзімен көреді. Күнәһарлар істеген күнәларын көріп
тыныстары тарылып, өн бойынан шып-шып аққан суық
терге көміліп, қызарып-сазарып, қорқыныштан жүректері
діріл қағып жатқанда, тақуа жандар жасаған игіліктерін
көріп жан жүректерімен
«әлхамдулиллаһ» деп Раббы-
ларына шүкір етіп, көңілдері жұбаныш тауып, шексіз
қуанышқа бөленеді. Демек, ақыретте адам баласының
әрбір істеген істеріне өзі істеген амалдары куәлік етпек.
Күнәларын мойындағысы келмей, тұра қашқысы келген
адамдардың алдынан дүниедегі әрбір ісі
«Қайда барасың?
Мені істеген сенсің» деп шыға келеді.
Достарыңызбен бөлісу: