182
ТАҒДЫРҒА ИМАН
Ислам дініндегі иман негіздерінің соңғысы – тағдыр-
ға иман. Пайғамбарымыздан (с.а.у.)
«Иман дегеніміз
не?» – деп сұраған уақытта:
«Аллаға, періштелеріне,
кітаптарына және пайғамбарларына, ақырет күніне,
тағдырдың жақсысы мен жаманына иман ету», – деп
жауап берген.
Тағдыр сөзі – бір нәрсені белгілі бір өлшем, мөлшерге
қарай реттеу, арнайы есеппен жүйелеу, жобалау деген
мағыналарды білдіреді.
Ал, шариғаттық термин бойынша: өткен шақ, осы
шақ және келер шақтан, яғни, жалпы уақыт ұғымынан пәк
– Ұлы Алланың әу бастан қияметке дейін және қияметтен
кейін болатын барлық нәрсені, барлық оқиғаны жаратпас-
тан бұрын шексіз, әзәли ілімі арқылы егжей-тегжейіне
дейін білуін және оларды белгілі бір өлшем, мөлшерге
қарай реттеуін, белгілі бір есеппен жүйелеуін, арнайы бір
жобамен тағайындап белгілеуін «тағдыр» дейміз.
Ұлы Жаратушының тағдыры тек адамға ғана бай-
ланысты емес, жалпы болмысты, күллі жаратылысты
қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: