Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет24/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   363
ДАРвИНИзМНІҢ ЖАЛҒАНДЫҒЫ
Негізінде  дарвинизм  нақты  дәлелденген  ғылыми 
жетістік емес, бар болғаны гипотеза, болжам, яғни осы-
лай болуы мүмкін деген ой-пікір ғана. Гипотеза ғылыми 
түрде дәлелденген жағдайда ғана теориялық болжамнан 
шығып, шындыққа, ғылымға айналады.
Ал дарвинизм теориясынан бастау алған «Адам май-
мылдан пайда болды» деген пікір бір ғасырдан астам уақыт 
өтсе  де,  ғылыми  түрде  дәлелденіп,  нақтылық  тұғырына 
жете алмады. Олай болса, бұл пікір қара дүрсін болжам 
ғана. Сондықтан оны талқылап жатудың өзі артық. Десек 
те, оқырманға пайдасы болар деген ниетпен кейбір негізгі 
ұстанымдарын талдап көрелік.
Дарвинизм  теориясының  негізгі  ұстанымдарын 
қорыта айтсақ, төмендегідей:
1. Жан-жануар, өсімдік әлемі және жалпы жан иелері 
бір-бірінен  пайда  болды.  Барлық  жан  иелерінің  түпкі 
тегі  біреу.  Жан-жануарлар  мен  өсімдіктер  уақыт  өте 
келе  бүгінгі  пішіндері  мен  түрлеріне  айналған.  Бастауы 
миллиондаған  жылдарға  барып  тірелетін  жан  иелерінің 
қазіргі түрлері – мақсатсыз, мағынасыз, кездейсоқтықтың 
әсерінен кішкентай бір жан иесінен сатылай-сатылай да-
мып, пайда болған.
2. Жан-жануарлар мен өсімдіктер өмір сүріп, тіршілік 
бетінде қалу үшін өте үлкен күш жұмсап, күрес жүргізіп, 
бір-бірімен қырқысуда. Өмір үшін жүргізілген бұл күресте 
ең  күштілері  тірі  қалып,  ал  әлсіздерінің  тұқымы  құрып, 
жан  иелерінің  қатарынан  шығуда.  Тірі  қалғандардың 
ұрпақтары көбейіп, уақыт озған сайын бір түрден екінші 
түрге  ауысып,  өзгеруде.  Бұл  өзгерістер  жаңа  ұрпақтарға 
да өтуде.


40


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет