Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет27/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   363
Байланысты:
Қ.Жолдыбайұлыю Иманигүл

ИМАНИ ГҮЛ
тері  бар  «аралық  түрі»  пайда  болып,  өмір  сүрулері  керек 
еді. Бұл аралық түрлер өтпелі кезең үшін болғандықтан ауру, 
кемшілікке  толы  болуға  тиіс.  Егер  шынымен-ақ  аталмыш 
аралық  түрлер  өмір  сүрген  болса,  олардың  өмір  сүргенін 
дәлелдейтін  миллиондаған,  тіпті  қазір  өмір  сүрген  жан-
жануар, құстардың санынан да көп қаңқа сүйектері табылуға 
тиіс  еді  ғой.  Бірақ  табылмады.  Чарльз  Дарвиннің  өзі  де 
«Түрлердің түбірі» атты кітабында былай дейді: «Егер те-
ориям дұрыс болса, түрлерді бір-біріне байлайтын сансыз 
аралық түрлердің өмір сүрулері тиіс. Бұл аралық түрлердің 
өмір сүргендіктерін дәлелдейтін жалғыз дәлел – аталмыш 
аралық түрлердің фосилдері (тасқа айналған қаңқалары) бо-
лар еді». Бірақ Дарвин өзінің теориясын дәлелдейтін аралық 
түрлердің  қаңқаларын  терең  зерттеулердің  нәтижесінде  де 
таба алмағанын былай деп мойындайды: «Егер шынымен-ақ 
барлық жан иелерінің түрлері бір-бірінен сатылай-сатылай 
дами  отырып  пайда  болса,  неге  сансыз  аралық  түрлердің 
қаңқаларына  кезікпейміз?  Неліктен  жалпы  жаратылыс 
кемшіліксіз тамаша жүйеге ие?!»
4
. 
Дарвин:  «Қазір  бұл  аралық  түрлердың  қаңқалары 
табылмағанымен  келешекте  міндетті  түрде  табылуға 
тиіс»  деген  үміті  арқылы  өзін-өзі  жұбатты  әрі  оңбай 
қателесті. Үмітсіз шайтан деген эволюционерлер Дарвиннің 
бұл  үмітіне  сенім  артып,  19  ғасырдың  ортасынан  бастап 
осы  күнге  дейін  дүниенің  әр-әр  жерінде  өте  қызу  түрде 
аралық  түрлердің  қаңқаларын  іздеу  жұмысын  жүргізді. 
Бірақ  осыншама  қызу  зерттеулердің  нәтижесінде  үміттері 
босқа  шығып,  ешбір  аралық  түрлердің  қаңқасын  таба  ал-
май  діңкесі  құрыды.  Керісінше,  жүргізілген  зерттеулерден 
табылған қалдықтар, эволюционерлердің күткеніндей емес, 
барлық жан иелерінің тіршілік бетіне сатылай-сатылай емес, 
бірден  кемшілік,  қатесіз  түрде  пайда  болғандығын  тайға 
таңба  басқандай  дәлелдеді.  Осылайша  эволюционерлер  өз 
4
  Чарльз Дарвин, Түрлерин көкені. Онур Иайынлары, Анкара 1996.


43
ИМАНИ ГҮЛ
теорияларын  дәлелдейміз  деп  жүріп,  оны  өз  қолдарымен 
күйрете  құлатты.  Бұл  шындықты  эволюционер  болғанына 
қарамастан атақты ағылшын, ескі қаңқаларды зерттеуші па-
леонтолог Дерек Агер былай деп мойындайды: «Проблема-
мыз  мынандай:  қаңқаларды  кеңінен,  тереңінен  зерттеген 
уақытымызда,  әрдайым  сатылай-сатылай  дамыған  емес, 
тіршілік бетіне бірден пайда болған жан иелері түрлерінің 
кездескенін көреміз».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет