ИМАНИ ГҮЛ және Польшада трихина ауруы кең тараған. Ал, мұсылман
елдерінде бұл ауру жоқтың қасы.
Медицина ғылымы дамығаннан кейін ғана
доңыз етіндегі трихина сияқты зиянды құрттар мен
микроптардың, улы заттардың бар екенін білудеміз. Ал
Құран сан ғасыр бұрын доңызды «харам» деп кесіп үкім
берген. Сондықтан доңыздың денесінде әлі де біз біле
білмейтін, ғылым дәлелдей қоймаған зиянды нәрселердің
жоқ екендігіне кім кепіл?!
137
6. Адамдар мен жан-жануарлардың табиғаты
мен мінездерінің қалыптасуында жеген қоректерінің
де рөлі бар. Мысалға, арыстан, қасқыр сияқты етпен
қоректенетін аңдар жыртқыш болып келсе, керісінше
сиыр, қой, қоян сияқты шөппен қоректенетін жануарлар
жуас болып келеді. Көбіне көкөністермен қоректенетін
адамдардың табиғаты жұмсақ, биязы болып келетіндігі,
ал етті көбірек жейтін адамдардың табиғатының қаттылау
болып келетіндігі анықталған. Қазақта адам мінезін су-
реттеген кезде жылқы мінезді, қой мінезді деуі де осы
айтқандарымызды айқындай түседі. Доңыз – өзінің
ұрғашысын қызғанбайтын, мейірімсіз хайуан. Сондықтан
доңыз етін көптеп пайдаланатын адамдарда жарына, тіпті
анасына деген бөгде еркектердің арам пиғылына қарсы
намыс, қызғаныш сезімдері әлсірейді екен. Мұнымен
қатар, мейірім, қанағат секілді қасиеттеріне айтарлықтай
қаяу түсетіні байқалған. Француз ойшылы Саворин
қоректенудің маңыздылығын түсіндіре келе «Маған не-
мен қоректенгеніңді айт, сенің кім екеніңді айтайын» де-
ген екен.
137
Махмуд Хамди Зақзуқ, Хақайқул-Ислам фи муажаһати шубуһатил-
мушаккикин, 649-бет. Каир қаласы, Мажлисул-ағла ли шуунил-
Исламия. 2004 ж.