Шайтан не үшін жаратылған? Елді адастыратын ондай азғырушының керегі не? Өзінің тозаққа баратынын біле тұра ол неліктен кінәсін мойындап, тәубеге келмейді? Алла ешбір жаратылысты бекерден-бекерге я болма-
са жаманшылық жасау үшін жаратпаған. Шайтан әу баста
шайтан болып жаратылмаған. Ол – періштелердің арасын-
да ғұмыр кешкен жаратылыс. Алайда ол Алла Тағаланың
алғашқы сынағынан-ақ сүрінді. Сүрінгенде жай сүріну
емес, омақасып оңбай құлады. Оған берілген сынақ,
Алла Тағаланың «Адамға сәжде ет!» деген бұйрығы еді.
Шайтан осы бұйрыққа қарсы шығып, қырсыққан үстіне
қырсығып, тәкаппарлана түсті. Паңданып, Алланың
бұйрығына қарсы шығуының салдарынан, Жаратушының
шексіз рақымынан қуылды. Мұның бәрін ол өзінің дер-
бес қалауымен жасады. Яғни, ол өз қалауымен шай-
тан болды. Шайтан алғашында періштелердің ара-
сында жүріп, Алла Тағалаға құлшылық жасады. Бірақ
шайтанның періштелердің қатарында жүруі – оның
өзіндік іс-әрекетінің, үздіксіз күрес, тынбайтын еңбегінің
нәтижесі емес еді. Бәлкім, бұл Алла Тағаланың арнайы
шарапаты әрі оның шынайы дәрежесін анықтайтын
сынаққа түспеуінің арқасында болған-ды. Сондықтан бо-
лар, ол Жаратқанның алғашқы сынағында-ақ өзінің кім
екенін байқатып, шынайы бет пердесін ашып берді. Ен-
деше, шайтанның әу баста періштелермен бірге болуы
– оның абыройлылығына ешқандай да дәлел бола алма-
сы хақ. Ал оның періштелердің жанында жүріп жасаған
құлшылығына келер болсақ, оның осы құлшылығы
шынымен-ақ Алла Тағалаға бойұсынуы ма, жоқ әлде та-