міскіндер үшін жұмыс істеуші кісі Алла жолында жиһад жасаушы адамға тең» 142 дейді.
Кейде нағыз сөз саптайтын ұрымтал тұста бір ғана
кесімді сөз айту да, сөздің кері әсер ететін тұсында сабыр
сақтап, тіліңді тістеу де жиһадқа саналады. Тіпті, кейде
қажеттілігіне қарай тек қабағыңды шыту яки күлімсіреу-
дің де жиһадқа саналуы ғажап емес. Қысқасы, істелетін
әрбір істің Хақтың ризашылығына қарай реттелуіне
«жиһад» делінеді.
Жиһад мәжбүр жағдайда қарумен де болады. Барлық
дипломатиялық байланыстар нәтижесіз аяқталып,
келіссөздерден толықтай үміт үзілген шақта отанды
қорғау үшін қолға қару алып жиһад жасауға рұқсат.
Пайғамбарымыздың дәуіріндегі жиһадқа, яғни
мұсылмандардың Хақ жолындағы күрестеріне назар
142
Бухари, китабун-нафақат. Және қараңыз Әбу Зәкария Мухиддин
Иахия Ән Нәуәуий, узһатул Муттақин, 1 том, 227 бет. Муәссисәтур-
Рисәлә, Байрут 1991ж.