ИМАНИ ГҮЛ аударсақ, жоғарыда айтылған жиһадтың барлық түріне
куә боламыз.
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарлығының
алғашқы үш жылында исламды жасырын насихат-
тады. Мұсылмандардың бұл кезеңдегі жиһадтары
дұшпандардың көзіне түспестен, пайғамбарымызбен жа-
сырын түрде кездесіп тұруы болатын.
Пайғамбарлықтың төртінші жылынан бастап,
Адамзаттың ардақтысы (с.а.у.) елді жаңа дінге жа-
рия түрде шақыра бастады. Міне, осы кезде Мек-
ке мүшріктері иман келтіріп, жаңа дінге кірген ат
төбеліндей аз ғана мұсылмандарды келеке, мазақ етіп,
сан-алуан қиыншылықтарға душар етті. Осы кезеңдегі
мұсылмандарға тиесілі жиһад – мүшріктердің жан шы-
датпас азаптарына сабыр етіп, жаңа дінді насихаттауды
тоқтатпау болатын. Әз сахабалар мұны ең керемет түрде
атқара білді.
Мүшріктердің жан түршігерлік азабына душар
болған кейбір мұсылмандарға пайғамбарымыз (с.а.у.)
Эфиопия еліне көшуді бұйырды. Жағфар және басқа да
онымен бірге барған бірқатар ардақты сахабалар Эфио-
пия патшасы Нәжашиға жаңа дінді жеткізіп, оның иманға
келуіне себеп болды. Осылайша бұл көш жай ғана көш
емес, Жағфар сынды әз сахабалардың үлесіне тиген сол
кездегі дін жолындағы жиһадтың нағыз өзі болатын.
Мүшріктер мұсылмандарды азаптаптауда жаңа бір
айлаға көшті. Мұсылмандарды өзге халықтан бөлектеп,
сауда-саттық секілді жалпы адами барлық қатынастарына
тыйым салып, оларды қоғамнан оқшаулап, саяси-
экономикалық байкот жариялады. Тоз-тоз болып, аш-
жалаңаш күй кешкен мұсылмандар бұл қиын кезеңде
де сабыр сақтап, жаңа діндерін тастамастан, өздеріне
жасалған зұлымдықтарға табандылық танытты. Осындай