пайғамбарым, әркім өз мінез-құлқына қарай әрекет етеді-де» 161 деген баянының туралығын растайды.
Міне, сондықтан бүгінгі таңда пайғамбарымыздың
толық өмірбаянын былай қойғанда, аты-жөнін де
дұрыс білмейтін жандардың Оның (с.а.у.) көп әйелмен
некелескенін қозғай беруі – дін дұшпандарының жайған
жалған жалаларының нәтижесі екені сөзсіз. Мұндай
пікірлерді жаюға тырысқан адамдар ешбір дінге сенбейтін
имансыз жандар да болуы мүмкін. Ал, бұл адамдар
пайғамбарымыз жайлы қоздатып келген бұл қитұрқы
істі өздері ешбір шектеусіз, ешбір заңсыз жасырын түрде
істеуде. Енді осы әйелдермен бірге болу мәселесінде
161
Исра сүресі, 84-аят.