Тағаланың құлдары, емделіңдер! Құдай түсірген кез- келген дерттің дауасы бар. Тек кәріліктің дауасы жоқ» 170 деп, емі жоқ аурудың жоқ екенін білдіріп, мұсылмандарды
емделуге, ем іздеуге шақырды. Сондықтан исламда
дәрігерлік, емхана саласы ерте дамып, басқа адамдарға жол
көрсетіп, бағыт берді. Оныншы ғасырдың орталарында
бір ғана Кордова қаласында елуден астам емхана болған.
Біз қазір қолданып жүрген әлемдік терминдегі «медици-
на» сөзі Ибн Синаның атымен тікелей байланысты деген
де көзқарас бар. Бұл көзқарас бойынша «Медед» арабтың
«көмек» деген сөзі, ал оның артына қосылған «Сина» сөзі
Ибн Синананың аты. Сонда «Синаның адамзатқа көмегі» деген мағынаны білдіреді. Ибн Синаның медицина са-
ласы бойынша жазған «Шифа» атты кітабы әлемнің әр
түрлі тілдеріне аударылып, алты ғасырдай дәрігерлердің
қолдарынан түспейтін дерек көзіне айналды. Тіпті, әлі
күнге дейін батыс сөздіктері Ибн Синаға «дәрігерлердің патшасы» деген түсінік беруде. Кейінгі дәрігерлік сала-
сы дамығанға дейін батыста Ибн Сина теңдессіз ұстаз
қабылданды.
170
Мусаннафу Ибни Әби Шәйба, 5-том, 421-бет. Қосымша мына
кітаптарға қараңыз: Сунану Ибни Мәәжа, әл-Мустадрак алас-
сахихайн, әл-Муғжамул-кабир лит-Табарани, Шуғабул-иман
лил-Бәйһақи.