ИМАНИ ГҮЛ Батыста психикалық ауруға шалдыққан адамдар-
ды «ішіне шайтан кіріп алған, жын иектеген» деген
түсінікпен абақтыларға қамалып, тоқпақтау арқылы
емделетін. Тіпті, Інжілге қарсы келетін сөздері үшін
оларды өлтіруге дейін баратын. Ауырып жатқан адам дін
адамының алдында күнәсін айтып, мойындамаса, ол адам
өлмеші халде болса да, оны дәрігерлердің емдеуіне қатаң
тыйым салатын. Емдеген жағдайда христиан дінінен
шығарылатын. Поптардың түсінігі бойынша, дәрі – тәңір-
ге деген күпірлікке жетелейтін жол. Бұл жайлы шіркеу
мұғалімі Татиан былай дейді: «Дүниелік дәрілерге, шөп пен тамырларға сенім арту – тәңірге деген сенімсіздік. Адамдарды тәңірден алыстатқысы келетін шайтандар мен лас рухтар иманы әлсіздерді алдауда» 171 . Кейіннен батыс елі мұсылмандардан көп нәрсе
үйренді. Батыста орын тепкен Андалусия ол кез-
де мұсылмандардың қолында еді. Қазіргі Испания ол
кездері мұсылмандардың ғылым мен мәдениет орталы-
ғы болатын. Бар ғылым мен мәдениет батысқа ашылған
осы мұсылман өлкесінен тарайтын. Андалусияның
Кордова қаласының бір ғана кітапханасында 600 000-
ға жуық қолжазба кітаптар бар еді. Ал ІХ ғасырда
батыстың ең бай деген Сенегалдағы кітапханасында
400 дей ғана кітап бар болған көрінеді. Кейіннен батыс
мұсылмандардан әсерлене бастаған шақта Сен Венсан
кітапханасында кітап саны 11000-ға жетті. Мен бұларды
батысты жамандау үшін емес, тек тарихи шындықты
жеткізу мақсатында айтып отырмын. Шіркеудің ғылымға
деген осындай қараңғылығының салдарынан батыста
ғылым мен мәдениет едәуір артта қалған еді. Бірақ батыс
ХVІІІ ғасырда шіркеудің үстемдігін құлатып, саналарын
171
Шабан Дөген, Мүслүман илим Өнжүлери ансиклопедиси, 32-бет.
Стамбул, 1984 ж.