313
ИМАНИ ГҮЛ
мүмкіндігі бар. Ислам тарихында исламды қабылдамай
тұрып пұтқа табынып, өз қыздарын өз қолдарымен аяу-
сыз өлтіріп, зұлымдыққа белшесінен батқан көптеген
жандар Ұлы Жаратушыға иман етіп, Құран қағидаларын
ұстанғаннан кейін жалпы адамзатқа үлгі боларлық кемел
тұлғаларға айналғаны баршаға мәлім. Олай болса, ру-
хани жетілу үшін біресе адамның, біресе өсімдік, жан-
жануардың денелеріне сан рет кіріп-шығудың қандай
қажеттілігі бар? Тіпті, реенкорнация сенімі адамдарды ру-
хани жетілдіру былай тұрсын, керісінше, мінез-құлқының
құлдырап, адами қасиеттерден ажырауына әкеліп соғады.
Себебі, бұл сенімге иланған адам
«мына дүниеге мыңдаған
рет келіп, өзімді түзетіп, кемелденуіме әбден мүмкіндігім
бар» деп пайымдағандықтан небір сорақы іс-әрекеттерге
баруы ғажап емес. Ал, керісінше, өмірге бір-ақ рет келіп,
барлық істеген іс-әрекеттері бойынша ана дүниеде есепке
тартылатынына иланған адам рухани жетілуге бар ынта-
шынтасымен ұмтылары сөзсіз. Өйткені, ондай сенімдегі
адам үшін мына дүниеге қайта келіп, қатесін түзету
мүмкіншілігі жоқ
177
.
11.
«Өткен өмірде болған Маркс, Андрей, Григо-
рий сияқты мүлде танымайтын адамдардың істеген
күнәларының салдарынан неліктен мен осы өмірімде жапа
шегіп, қиыншылықтарға душар болуым керек? Еміс-еміс
болса да есімде жоқ алдыңғы өмірдің күнәсін неліктен мен
арқалауым керек? Алғашқы өмірім мен күнәларым кіммен
басталды және қашан басталды?» сияқты сұрақтарға
қанағаттанарлық жауап табу мүмкін емес. Құранда:
Достарыңызбен бөлісу: