Мұсылман емес мемлекеттерде туып- өскен адамдардың ақыреттегі жағдайы қалай болмақ? Ислам діні – Құдай Тағаланың жер бетіне жіберген
ең ақырғы діні. Ақырғы дін келгеннен кейін бұрын
келген барша діндердің үкімі жойылды. Алла Тағала
Құранда: «Кімде кім исламнан өзге дін іздесе, қабыл болмайды...» 191 деген.
Дінімізде ислам дініне кіру бақытына кенелме-
ген жандардың бәрі жаппай тозаққа барады деп кесіп
айтылған нақты үкім жоқ. «Әһлус-суннет» ғалымдары бұл
мәселеде әр түрлі көз қараста. Мысалы, Әшғари бойынша
ешбір дін, ешбір құдайылық баян жетпеген адамдардың
барлығы, мейлі атеист болсын ақыретте сұраққа тартыл-
майды. Алла Тағала «Исра» сүресінде дін жетпеген ешбір
қауымды азаптамайтынын білдірген: «...Біз пайғамбар